7M01504 Физика в Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Ғылыми экспериментті ұтымды ұйымдастыратын, ғылыми зерттеулердің нәтижелерін ұлттық немесе халықаралық деңгейде жариялайтын, ғылымның дамуына үлес қоса алатын физика саласы бойынша кәсіби-педагогикалық терең білімі бар білім беру магистрлерін даярлау
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M011 Физика педагогтерін даярлау (қазақ, орыс, ағылшын тілдері)
-
Білім беру саласы 7M01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 7M015 Жаратылыстану пәндері бойынша педагогтарды даярлау
Пәндер
-
Физиканы саралап оқытудың әдістемелік негіздері
Мақсаты: магистранттарды физиканы саралап оқытудың заманауи теориясы мен практикасы саласындағы құзыреттермен қаруландыру. Мазмұны: Саралап және даралап оқытудың психологиялық-педагогикалық негіздері. Физиканы саралап және даралап оқытуды жүзеге асырудың ерекшеліктері. Физиканы саралап және даралап оқытудың әдістемесі. Құзіреттіліктер: Физикадан білім беруде кездесетін проблемаларды кәсіби тұрғыдан шеше алады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Физикадан стандартты емес және олимпиадалық есептерді шығарудың әдістемелік негіздері
Мақсаты: стандартты емес есептерді шығару дағдысын қалыптастырып, магистранттарды табысты кәсіби-педагогикалық қызметке дайындау. Мазмұны: физикадағы стандартты емес есептер. Олимпиадалық есептер. Олимпиадалық есептердің түрлері. Олимпиадалық есептерді іріктеуге және құрастыруға қойылатын талаптар. Құзыреттіліктер: керекті ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді пайдалана білу, алған ақпараттарын жүйелеп, қолдана білу.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Шет тілі (кәсіби)
Шет тілін С1, С2 деңгейінде меңгеру (тілдік мамандықтар), LSP монологиялық және диалогтық формада (баяндама, презентация, әңгімелесу, пікірталас). Ғылыми стильдің грамматикасын ауызша, жазбаша түрде оқу. Ақпараттық және кәсіби хабарламаларды есту арқылы қабылдау. Ғылыми мақалаларды, баяндамаларды, жобаларды жазу, рәсімдеу. Сөздікпен, анықтамалық әдебиеттермен жұмыс. Екі жақты аударма дағдылары.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ғылымның тарихы және философиясы
Мақсаты: ғылыми зерттеулерді дайындаудың әдістемелік мәдениетін қалыптастыру. Қалыптасқан дағдылар: тарихи-философиялық көзқарас принциптерін жалпылайды және жіктейді; тәуелсіз зерттеу қызметін жоспарлайды және бағалайды Мазмұны: Ғылым философиясы. Мәдениеттегі, өркениеттегі ғылым. Ғылымның пайда болуы, дамуы. Ғылыми білімнің құрылымы. Қазіргі ғылымның ерекшеліктері. Ғылыми қызметті ұйымдастыру. Білімнің эволюциясы. Қазіргі ғылымның этикалық аспектілері. Қазіргі ғылымдағы коммуникациялық технологиялар, ақпараттық процестер.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Физикалық білім берудегі инновациялық технологиялар
Мақсаты: магистранттарды мемлекеттік тапсырысқа сәйкес келетін мектеп оқушыларының білім сапасын арттыруға ықпал ететін оқыту технологияларымен таныстыру.Мазмұны. заманауи білім беру стандарттары және оларға сәйкес оқыту нәтижелері.Физиканы оқытудағы модульдік технологиялар. Оқушы білімін портфолио арқылы бағалау. Құзіреттіліктер: білім беру процесінің сапасын бағалау және диагностикалау үшін заманауи технологияларды қолдана білу.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Физиканы оқыту нәтижелерін бағалаудың заманауи әдістері
Мақсаты: магистранттардың физиканы оқыту нәтижелерін бағалау дағдыларын дамыту. Мазмұны: Физиканы оқыту нәтижелерін бағалау әдістері. Бағалау тапсырмаларының ерекшеліктері және оларды құрастыру әдістері. Физикадан контекстік тапсырмалар және оларды бағалау әдістері. Құзыреттер: оқыту нәтижелерін бағалау дағдылары; бағалау тапсырмаларын құрастыру дағдылары.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жоғары мектептің педагогикасы мен психологиясы
Жоғары мектептің педагогикасы мен психологиясы пән ретінде болашақ мамандарды даярлау мен тәрбиелеудің теориялық және практикалық аспектілерін қамтиды. Ұсынылып отырған курс болашақ оқытушы ретінде магистрдің педагогикалық ұстанымын қалыптастыруға, педагогикалық қызметтің әртүрлі түрлеріне: кәсіптік-білім беру бағдарламалары мен оқу жоспарларын іске асыруға; заманауи білім беру технологияларын әзірлеуге және қолдануға, студенттердің дайындық деңгейіне және оқыту мақсаттарына байланысты оқытудың оңтайлы стратегиясын таңдауға бағытталған; Жоғары мектептегі ғылыми-зерттеу және оқу процестерінің өзара байланысын анықтау. Пән магистранттардың негізгі теориялық түсініктерін, психологиялық және педагогикалық заңдылықтар туралы білімдерін, адамның қызметінің механизмдерін және психикалық шындықтың мазмұнын игеруге бағытталған. Ғылыми психологиялық-педагогикалық зерттеулердің негізгі әдістерін, тұлғаның даму факторларын, оқытушы қызметінің психологиялық ерекшеліктерін, білім беру технологиялары мен педагогикалық коммуникациялардың негіздерінен білімді тереңдетеді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Физика ғылымының тарихы және әдіснамасы
Мақсаты: Физика тарихына деген қызығушылықты және қазіргі заманғы физиканың даму логикасын түсінуін қалыптастыру. Мазмұны: Қазіргі уақытта білім берудетарихи мәліметтерді қолдану мәселесі. Физиканы оқытудағы физика ғылымының қалыптасу тарихы мәселесінің толық баяндалуы. Қалыптастырылатын құзіреттіліктер: - физика ғылымының әдіснамасы мен физика тарихын сипаттайды; -көрнекті физиктердің ғылыми көзқарастары мен шығармашылық жұмыстарын салыстырады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Мектепте және педагогикалық жоғары оқу орындарында физиканы оқытудағы сабақтастық
Мақсаты: сабақтастық негізінде табиғи құбылыстардың өзара байланысын тағайындау арқылы ғылыми ұғымдарды, заңдылықтарды және ғылыми дүниетанымды қалыптастыру. Мазмұны: Мектепте және педагогикалық ЖОО физикадан білім беруде сабақтастықтың ролі мен маңызы, сабақтастықты жүзеге асыру жолдары. Процессуалдылық сабақтастық және оның құрылымы. Мазмұндық сабақтастық және оның құрылымы. Құзіреттіліктер: сабақтастық негізінде пәнді оқытуды ұйымтастыра білу.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Жоғары және орта мектептегі физикалық білімнің өзекті мәселелері
Мақсаты: Жоғары және орта мектептегі физикаплық білімнің өзекті мәселелері жайында білімдерді игеру. Мазмұны: Орта мектепке арналған бағдарламалар мен оқу-әдістемелік кешендердің сипаттамасы.Мектеп физика курсындағы іргелі теориялар.Іргелі физикалық теорияларды меңгеру барысында әлемнің физикалық картинасын қалыптастыру. Физикалық теорияларды меңгеру барысында оқушыларға қойылатын талаптар. Қалыптастырылатын құзіреттіліктер: - физикалық эксперимент және бақылаулар жүргізе білу.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Физика есептерін шығаруда іргелі ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі
Мақсаты: магистранттарды есептер шығарудың әдістемелік негіздерімен таныстыру.Мазмұны: физикалық есептер және есептерді шығару процесінің мәні. Есептер шығару әдістері мен тәсілдері. Физика есептерін шығару кезеңдері. Әртүрлі типтегі есептерді шығаруға үйрету әдістемесі. Физика есептерін құру. Құзіреттіліктер: физикалық есептерді шығаруға арналған сабақтарды өткізеді; жаңа физикалық есеп құрастыра біледі.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Жоғары және орта мектептегі физикалық білімнің әдістемелік негіздері
Мақсаты: Магистранттарды физикалық білім берудің әдістемелік негіздерімен қаруландыру. Мазмұны: Пәнді меңгеру барысында білім алушылар жоғары және орта мектепте физиканы оқыту әдістемесін игереді. Сондай-ақ, магистранттар оқу жұмысының жаңа формаларымен, физикалық білім берудің әдістемелік негіздерімен танысады. Қалыптастырылатын құзіреттіліктер: - физикалық білімнің құрылымдық элементтерін анықтау; -физикалық білімді қалыптастырудың тәсілдерін талдау.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Жоғары оқу орындарында физикалық экспериментті жүргізу әдістемесі
Мақсаты: қазіргі заманауи жағдайдағы физикалық эксперименттің ерекшеліктері жайындағы білімдерін тереңдету.Мазмұны: физикалық демонстрациялық эксперимент – оқу процесінің бөліп алуға болмайтын элементі. Эксперименттік есептер. Эксперименттік есептерді шығару алгоритмі. Дәрісте эксперимент көрсету әдістемесі. Физикалық процестерді компьютерлік моделдеу және оларды оқу процесінде қолдану. Құзіреттіліктер: мектепте физикалық эксперимент жүргізу барысында заманауи технологияларды қолдану.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Жалпы физика курсын оқытудың қазіргі заманғы әдістемесі
Мақсаты: Магистранттарды әдістемелік ғылымның заманауи мазмұнымен, физика курсының жекелеген тақырыптарын оқыту әдістемесімен таныстыру. Мазмұны: Физиканы оқыту теориясы мен әдістемесінің жалпы мәселелері. Физиканы оқытудың негізгі міндеттері. Жалпы физика курсын оқытудың қазіргі заманғы әдістері. Қалыптастырылатын құзіреттіліктер: -кәсіби қызмет саласында жаңа зерттеу әдістерін өз бетінше игеру және қолдану.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Физиканы оқыту теориясы мен әдістемесінің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу әдіснамасы
Мақсаты: физиканы оқыту әдістемесі бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізудің теориялық негіздерімен таныстыру. Мазмұны: физиканы оқыту әдістемесі бойынша диссертациялардың ғылыми-әдістемелік тақырыптарына шолу; ғылыми-әдістемелік зерттеудің негізгі кезеңдері; диссертацияның ғылыми аппараты; ғылыми, әдістемелік және анықтамалық әдебиеттермен жұмыс. Зерттеудің әдістері мен формалары; эксперименттің негізгі әдістері және өлшеу нәтижелерін өңдеу. Құзыреттіліктер: педагогикалық іс-әрекетке шығармашылық, зерттеу тұрғысынан көрсету.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Академиялық жазылым
Академиялық жазылым пәні тиімді коммуникация дағдыларын жетілдіруге бағытталған, идеяларды анық және ұйымдасқан түрде жеткізуге дағдыландырады. Сондай-ақ сыни ойлау мен аналитикалық дағдыларды дамытуға, ақпаратты бағалауға және негізгі зерттеу дағдыларын үйренуге ықпал етеді. Курстың мақсаты – жалпы академиялық жазылым дағдыларын зерттеу тұрғысынан жетілдіру.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Физикалық үдерістерді компьютерлік моделдеу әдістері
Мақсаты: Дербес компьютерлердің көмегімен физикалық құбылыстар мен процестердің моделдерін құру әлістерімен магистранттарды таныстыру. Мазмұны: Заманауи математикалық моделдердің қолданылу шекарасы мен мүмкіндіктері. Есептеу нәтижелерінің графиктік бейнесі. Әртүрлі физикалық құбылыстарды моделдеу. Қалыптастырылатын құзіреттіліктер: -бағдарламалық пакетте физикалық процестерді модельдеу кезінде дифференциалдық теңдеулерді қолданады; - физикалық процесті сипаттайтын теңдеулер жазады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Жалпы физиканың таңдаулы мәселелері
Мақсаты: іргелі физикалық теорияларды жалпылау және оларды тереңмеңгерту. Мазмұны: физикадағы және табиғаттағы симметрия. Энтропия және абсолют температура. Термодинамиканың екінші бастамасы. Термодинамикалық жүйелердің тепе-теңдік және тұрақтылық шарттары. Электромагниттік өрістің инварианты. Максвелл теңдеулерінің тензорлық формасы.Соқтығысу теориясы.Құзіреттеліктер: негізгі физикалық теорияларды талқылайды; физиканың таңдаулы тарауларын оқыту әдістемесіне талдау жасайды.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Қазіргі заманғы технологиялардың физикалық негіздері
Мақсаты. физиканың жекелеген бөлімдері бойынша білімді саралау. Мазмұны: жартылай өткізгішті микроэлектроника. Кванттық және бейсызық оптика. Асқын өткізгішті техника. Компьютерлік техникадағы, коммуникациялардағы және басқарудағы қазіргі технологиялар. Кванттық ақпарат. Құзіреттіліктер: білім беру жүйесінің дамуындағы қазіргі тенденцияларды, білім берудегі инновациялық процестердің өлшемдерін сипаттайды; қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды білім беру қызметіне енгізеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Қолданбалы бағыттағы физика есептерін шығарудың әдістемелік негіздері
Мақсаты: Магистранттарды физикалық есептерді шығару әдістемесімен таныстыру, меңгерілген құбылысты талдай білуге үйрету. Мазмұны: Физикалық есеп және есеп шығарудың маңызы. Физика есептерін шығарудың әдіс-тәсілдері. Физика есептерін шығару әдістемесі. Қалыптастырылатын құзіреттіліктер: -физикалық есептерді шығарудың әдістері мен тәсілдерін классификациялайды; -өндірістік-техникалық мазмұнды есептерді құрастырады; - пәнаралық сипаттағы есептерді құрастырады.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
-
Қазіргі физиканың өзекті мәселелері
Мақсаты: іргелі физикалық теориялар жайындағы білімдерді жалпылау және жетілдіру.Мазмұны: ғылым - адамзат танымының негізгі формасы. Физика дамуының негізгі кезеңдері. Ньютон теңдеулерінің қолданылу шекарасы. Эйнштейннің салыстырмалылық принципі. Кванттық электроника. Құзіреттіліктер: жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың көмегімен оқытудың сапасын жақсартудың мүмкін жолдарын көрсетеді.
Оқу жылы - 2
Семестр - 3
Несиелер - 5
Оқыту нәтижелері
- физиканың негізгі салаларынан құбылыстарды, негізгі ұғымдарды, негізгі заңдар мен олардың эксперименталдық және теориялық негіздерін анықтайды және сипаттай алады;
- іргелі фундаменталды физикалық теорияларды үйлестіру, тиімді пайдалану әдістерін және басқа пәндермен пәнаралық байланыстағы физикалық мазмұнды мәселелерді табады;
- физиканың заманауи бөлімдерінде және физиканы оқыту әдістемесінде пайдаланылатын зерттеу әдістерін қолдану шеберлігін көрсетеді;
- ең жаңа технологиялардың, идеялардың, бағыттардың кең ауқымына бағдар береді және оларды өзінің оқытушылық қызметінде қолдануға дайын болады;
- зерттеу тақырыбы бойынша отандық және шетелдік тәжірибені зерттеу, ғылыми-техникалық ақпаратты талдайды;
- оқу процесінде оқушылар мен студенттердің эксперименттік іс-әрекетін ұйымдастыруда физика мұғалімдерінің озық тәжірибелерін қолданады;
- дүниежүзілік тенденциялар мен жоғары білім беруді дамыту стратегияларын ескере отырып, ұлттық деңгейдегі жариялымдар арқылы физика саласындағы білімнің шекарасын кеңейтуге өзінің түпнұсқа зерттеулері арқылы өз үлесін қосады;
- қазіргі заманғы технологиялардың, идеялардың, қазіргі заманғы жаңа бағыттардың кең ауқымын бағдарлай алады және оларды өзінің педагогикалық қызметінде қолданады;
- физика ғылымының кейбір жекелеген мәселелерін оқыту әдістемесін дамытады және жетілдіреді;
- қажетті ақпаратты алу көздерін рефлексивті түрде таңдайды және пайдаланады.