Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B03101 Халықаралық және салыстырмалы саясаттану в Нархоз Университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Бағдарламаның мақсаты - халықаралық қатынастар мен салғастырмалы саясаттанудың маңызды салаларында білімі мен біліктілігі жоғары мамандарды даярлау болып табылады. Бағдарлама түлектерді мемлекеттік, жеке және коммерциялық емес салаларды халықаралық деңгейде экономикалық, саяси, ғылыми, мәдени ынтымақтастық салаларында, аналитикалық агенттіктерде және ғылыми-зерттеу институттарындағы жұмысқа даярлайды. Түлектер жаһандық геосаясат, халықаралық әлеуметтік, экономикалық және саяси үдерістер, сонымен қатар Қытай, Түркия, Корея немесе Жапония туралы терең білімді дамытып, осы елдер мен Қазақстан арасындағы тиімді ынтымақтастықты нығайтатын болады. Түлектер мемлекеттік, жеке және коммерциялық емес қызметтегі тәуекелдерді басқаруға қолдау көрсете отыра, сол ұйымдардың өз қызметін Қазақстанда және халықаралық аренада жүзеге тиімді түрде асырруға ықпал етеді.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
ЖОО атауы Нархоз Университеті
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B040 Саясаттану
-
ҰБТ-дағы пәндер Шетел тілі және Дүниежүзі тарихы
-
Білім беру саласы 6B03 Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат
-
Дайындық бағыты 6B031 Әлеуметтік ғылымдар
Пәндер
-
2 Оқу жылы
Салыстырмалы саясаттануға кіріспе
Саяси теория негіздері
Халықаралық қатынастардағы зерттеу әдістері
Халықаралық құқық
Екінші шет тілі (Қытай/Жапон/Кәріс/Түрік)
Кәсіпкерлік
-
3 Оқу жылы
Қытай/Жапон/Кәріс/Түрік саясаты мен тарихы
Қытай/Жапон/Кәріс/Түрік заманауи саяси экономикасы
Қақтығыстарды шешу мен бейбітшілікті орнату
Статистика негіздері
Қоғамдық дискурс, әлеуметтік медиа және саяси жүйелер
Халықаралық даму экономикасы
Қытай/Жапон/Кәріс/Түрік мәдениеті мен қоғамы
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты
Халықаралық қатынастар теориялары
-
4 Оқу жылы
Халықаралық қатынастардағы феминизм және гендер
Энергетикалық саясат
Халықаралық лаңкестік
Геосаясат
Технология мен халықаралық даму
Халықаралық қауіпсіздік
Халықаралық ұйымдар
Халықаралық интеграциялық процестер
Жаһандық саясаттағы Қытай (тереңдетілген курс)
Миграция мен халықаралық саясат
Халықаралық сауда
Дамыған елдердің сыртқы саясаты
Әлемдік саясаттағы Орталық Азия
Оқыту нәтижелері
- Әртүрлі аналитикалық әдістерді пайдалана отырып, өзекті ақпараттарды талдай отырып, мемлекеттің сыртқы саясатын, корпоротивтік әлеуметтік жауапкершілік қағидалары мен этикалық салдарларды ескере отырып, шешім қабылдай алады және олардың салдарын бағалай біледі.
- Қажетті сандық технологиялар, әлеуметтік желілер, құралдар мен теорияларды қолдана отырып, халықаралық қатынастар және әлемдік саясат саласында кәсіби қызметін орындай алады
- Ауызша және жазбаша іскерлік дағдыларын және командада жұмыс жасай білу дағдысын көрсете отырып, алдыңғы қатарлы технологиялық құралдарды пайдалану арқылы экономика және халықаралық сауда аясындағы мемлекеттік саясатты дайындау мен іске асыруға қатыса алады
- Сыртқы саяси қызмет пен халықаралық қатынастардағы кәсіби қызметін атқару үшін болашаққа болжам жасау және деректерді талдау, халықаралық қатынастардың қызметтік саласындағы негізгі тұжырымдарды, парадигмаларлы және теориялық әзірлемелерді үйлестіре біледі
- Сандық және сапалық әдістерді пайдалана отырып, ішкі және сыртқы мүдделі тұлғалар үшін аналитикалық талдауларды, анықтамаларды, жазбаларды қоса отырып кәсіби және басқарушылық ақпаратты талдай және ұсына біледі
- Өз бетінше білім алуды өзінің жеке потенциалын ашуға, аналитикалық және кәсіпкерлік ойлау қабілетін қалыптастыруға, сондай-ақ қоғамға қызмет етуге де пайдаланады және көшбасшылық қабілетін көрсете біледі
- Хаттамалар мен тәртіп талаптарын орындай отырып, халықаралық деңгейде кездесулер, конференциялар және келіссөздерді ұйымдастыруға қабілетті.
- Халықаралық деңгейдегі көші-қон мен гендерлік саясаттың тәжірибелерін ескере отырып, қақтығыстардың алдын алу және адам құқығын қорғаудың халықаралық стандарттарына сәйкес кәсіби қызметі аясында мемлекеттік саясатты және ұлттық қауіпсіздік стратегиясын жүзеге асыруға қатыса алады
- Әр түрлі әдістермен (сауланама, сұрақ-жауап алу, сұхбат, контент талдау) мүдделі тараптардың пікірін анықтауға қабілетті
- Қарым-қатынастың тарихи және мәдени контекстін ескере отырып, Қытай, Түркия, Корея және Жапония сияқты елдермен саяси, экономикалық және мәдени серіктестікті орнату мен дамуына белсенді қатыса алады.