Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B06104 Компьютерлік ғылымдар в әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Жаңа технологияларды қолданыста бар қосымшалармен біріктіру үшін инновациялық шешімдерді әзірлеу немесе жаңа шешімдерді құру.
  • Жобаларды жүзеге асыру барысында заманауи программалық тілдердің көмегімен программалық қамтамасыз етуді жобалаудың, әзірлеудің, тестілеудің және верификациялаудың негізгі принциптерін таңдау және қолдану.
  • Командада жұмыс істеу, әлеуметтік, этникалық және мәдени айырмашылықтарды толерантты қабылдай отырып, өз қызметін, команданың қызметін сын тұрғысынан бағалау.
  • Нақты есептерді шешу үшін жасанды интеллект тәсілдері мен үлкен мәліметтерді талдау және өңдеу әдістерін қолдану.
  • Икемді әдіснамалар мен желілік қауіпсіздік қағидалар негізінде эргономикалық пайдаланушы интерфейсі бар веб- және мобильді қосымшаларды әзірлеу.
  • Компьютерлік ғылым саласындағы есептерді сипаттау, талдау және шешу үшін математика негіздерін білу мен түсінуді көрсету.
  • Қолданушы интерфейсіне, қосымшаның аппараттық және программалық қамтамасыз етуіне қойылатын негізгі шарттарға кешенді талдау жасау.
  • Операциялық жүйелер мен компьютерлік желілерді құру принциптерін білу және осы білімді бағдарламаларды жасау кезінде қолдана білу.
  • Көп мөлшерлі ресурстарды қажет ететін есептерді шешу үшін параллель және үлестірілген есептеу технологияларын қолдану.
  • Нақты есептерге, олардың сипаттамалары мен қолданылатын есептеу құралдарын ескере отырып оңтайлы алгоритмдерді қолдану.
Top