Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M06301 Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері в әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты «7М06301 - Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасының мақсаттары - ақпараттық қауіпсіздік саласында жоғары білікті мамандар даярлау, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бағыты бойынша өндірісте жұмыс істеу үшін қажетті білімі мен құзыреттілігі бар, отандық және халықаралық еңбек нарығында бәсекеге қабілетті жоғары білікті мамандардың кадрлық әлеуетін олардың сұраныстары және ел мен өңірдің даму болашағына сәйкес қалыптастыру болып табылады.
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 2 года
  • Кредиттер көлемі 120
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M095 Ақпараттық қауіпсіздік

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • криптографиялық хаттамалар мен түрлендірулердің осалдығын анықтау және оларды қолданбалы міндеттерді шешу үшін тиімді қолдану;
  • шифрлау алгоритмдерінің криптографиялық тұрақтылығын бағалау;
  • бұлтты және мобильді технологиялардың құрамы мен құрылымын, нейрондық желілердің теориясын, интеллектуалды талдауын түсіну, сондай-ақ семантикалық талдау әдістерін қолдану;
  • ақпараттық қауіпсіздік саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді, халықаралық және мемлекеттік стандарттарды сипаттау;
  • ғылыми зерттеу тақырыбы бойынша гипотезаларды ұсыну үшін ғылымның тарихы мен философиясы, пән саласы бойынша білімді пайдалана отырып зерттеудің аналитикалық және экспериментальды әдістерін қолдану, кәсіби және ғылыми қызметте қарым-қатынас құралы ретінде ағылшын тілін меңгеру;
  • объектілердің ақпараттық қауіпсіздік қатерін және қарсы іс-қимыл әдістерін талдау;
  • Курстың мазмұнын, әдістерін және оқыту құралдарын ОӘК әзірлеу, дәріс және практикалық сабақтарды жүргізу мақсаттарына сәйкес анықтау, психологиялық-педагогикалық принциптер негізінде кәсіптік оқу орындарында білім беру қызметін жүзеге асыру;
  • ақпаратты қорғаудың әдістері мен аппараттық-бағдарламалық құралдарын таңдау және негізді пайдалану;
  • телекоммуникациялық желілерде деректерді тарату қауіпсіздігін арттыру әдістерін қолдану;
  • ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бағдарламалық, бағдарламалық-аппараттық құралдарын ретке келтіруді және тестілеуді ұйымдастыру;
Top