Білім беру бағдарламасы өзекті емес

7M01406 Кәсіптік оқыту педагогін даярлау в ОҚМПУ

Пәндер

  • Тәжірибелік мәліметтерді статистикалық өңдеу әдістері

    Кәсіптік оқыту педагогін даярлау саласында тәжірибелік жинақтарды өңдеудің ғылыми зерттеудің теориялық тәсілдері, принциптері мен логикасы, ғылыми этиканың негіздері, ғылыми зерттеудің теориялық және эксперименттік әдістері, ІТ-технология арқылы пәндік білімдерді интеграциялау мүмкіндіктері қарастырылады. Статистикалық деректерін өңдеу, презентациялау әдістерін меңгеру, магистрлік диссертацияға қойылатын талаптарды орындау және нәтижені көпшілік алдында тиянақты хабарлау дағдылары сипатталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылым тарихы мен философиясы

    Пән магистранттардың ғылыми ойлау мәдениетін қалыптастырады, аналитикалық қабілеттері мен зерттеу дағдыларын дамытады. Курс арнайы философиялық талдаудың пәні ретінде ғылым феноменінің проблематикасын қарастырады және ғылымның тарихы мен теориясы туралы, ғылымның даму заңдылықтары мен ғылыми білімнің құрылымы туралы, ғылыми зерттеулерді жүргізу әдістері туралы, ғылымның мамандық және әлеуметтік институт ретіндегі, қоғамның дамуындағы ғылымның рөлі туралы білімді қалыптастырады, пәнаралық білімді біріктіреді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Жоғары мектептің педагогикасы

    Жоғары мектеп педагогика негіздерін, педагогикалық ғылымның мәнін және негізгі категорияларын, әлемдік білім беру дағдарысы мәселелерін, қазіргі білім берудің дамуының мегатенденцияларын, жаңа педагогикалық технологияларды оқу-тәрбие процесінде пайдалану және жоғары мектеп оқытушыларына негізгі кәсіби-педагогикалық мәдениетті меңгерту жолдарын, әлемдік білім беру кеңістігін, жоғары кәсіби білім берудің реформаларын, жоғары оқу орнының оқыту және тәрбие теориясын, басқару, жоғары мектеп ғылыми іс-әрекеті теориясын қарастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Басқару психологиясы

    Жоғары мектеп педагогикасын зерттеудің бағыттарын, құрылымын, жалпы гносеологиялық нұсқаулар жүйесін, педагогиканың ғылыми жүйе ретінде дамуының жаңа әдістерін және эмпирикалық жүйесін, онтогенездің кезеңдеріндегі тұлғаның қалыптасуын, психика дамуының ерекше заңдылықтарын, қазіргі психологиялық басқарудың негізгі бағыттары мен принциптерін, психологиялық білімдер мен іскерліктерді қарастырады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Жоғары мектепте оқыту үдерісін ұйымдастырудың ғылыми негіздері

    Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы заңнамасы, жоғары мектептің білім беру тұжырымдамалары, жоғары мектепте оқыту үдерісін ұйымдастырудың әдіснамалық негіздері, оқыту үдерісін ұйымдастырудың теориялық негіздері мен заңдылықтары, кәсіптік оқыту педагогін даярлау үдерісінің әдістемелік негіздері, ЖОО-да оқу-тәрбие үдерісін технологияландыру қарастырылады. Педагогикалық бақылауды ұйымдастыруда шығармашылық білімдерді, тиянақты хабарлауды, ұғымдар мен тәсілдерді қолдану арқылы сипатталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Шет тілі (кәсіби)

    Шет тілі курсы магистранттардың мәдениаралық, коммуникативті және функционалдық құзіреттілігін қалыптастыруға бағытталған; ағылшын тілінің лингвистикалық ерекшеліктері туралы білімдерін игеру және көрсету; зерттелетін тіл елдерінің мәдени ерекшеліктерін түсінуді одан әрі жетілдіру мақсатында шет тілінде пайымдау мен дәлелдеу дағдыларын қалыптастыру. Тілдерді меңгеру деңгейі халықаралық стандарттардың С2 деңгейіне сәйкес келеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Кәсіптік оқыту педагогінің дизайндық ойлау негіздері

    Дизайнерлік ойлауды қалыптастырудың теориялық негіздері, дизайнерлік ойлаудың тұжырымдамасы мен кезеңдері, дизайнерлік ойлауды жобалық оқытуда, оқытуда дараландыруда, арнайы пәндерді оқытуда, қазіргі мұғалімнің практикалық қызметінде қолдану, STEAM оқыту тәсілдері арқылы білім алушылардың дизайндық ойлауын дамыту қарастырылады. Дизайнерлік ойлауды қалыптастыру әдістемесі пәнаралық байланыс арқылы шығармашылық қабілеттер мен кәсіби білімдерді жетілдірумен сипатталады

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Білім алушылардың шығармашылық жобаларын ұйымдастыру әдістемесі

    Заманауи шығармашылық жобаларды жасау үшін инновациялық ізденістерді ұйымдастырудың әдістемелік ұстанымдары, жобалардың түрлері, зерттеу және ақпараттық, шығармашылық, рөлдік, зияткерлік және практикалық сипаттағы жобаларды ұйымдастыру және орындау әдістемесі, жобалау-зерттеу қызметінің ерекшеліктері қарастырылады. Кәсіптік оқыту педагогін даярлауды одан әрі жалғастыру үшін білім мен түсініктің қажеттілігімен сипатталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Кәсіптік мектеп оқулықтарын құрастырудың дидактикалық негіздері

    Кәсіптік оқыту саласында оқулық ұлтты қалыптастыратын феномен, оқулық жасаудағы басшылық негіздері, төл оқулықтың тілімізді ғылыми тілге айналдырудағы рөлі, ұғымдарды, терминдерді қалыптастырудағы ұстанымдар мен критерийлер, оқулыққа қойылатын әдістемелік талаптар, оқулық сапасының көрсеткіштерін, мазмұнын бағалау қарастырылады. Оқулықтардың мазмұнын талдау, сараптау нәтижелерін көпшілік алдында жариялауды ұйымдастыру және одан әрі жалғастыру жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Кәсіпке оқытуда компьютерлік технологияларды қолдану

    Кәсіптік оқыту үдерісінде АКТ-ның қолданудың дидактикалық мүмкіндіктері, электронды білім беру орталары, ЦБР және олардың түрлерін оқыту үдерісінде ұтымды қолдану жолдары, түрлі қолданбалы бағдарламасының мүмкіндіктерін кәсіптік білім саласын дамытудағы, шетел тілін меңгерудегі рөлі қарастырылады. АКТ-ны кәсіпке оқытуда қолдану дағдыларын меңгеру арқылы ақпараттық мәдениетін көрсету, пәндік және пәнаралық білімдерін интеграциялау сипатталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Жоғары мектепте кәсіпке оқыту әдістемесі

    Оқушылардың танымдық мүмкіндіктеріне сәйкес оқу пәнінің мазмұны, кәсіптік оқыту педагогін даярлаудың нақты мақсаттары, қойылған мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған оқыту, критериалды бағалаудың тиімді әдістері, ұйымдастырушылық формалары, ақпараттық оқытудың құралдары, практикада қолданудың ғылыми негіздері қарастырылады. Жоғары мектепте әдістемелік оқыту әдістерін меңгеру мақсатында кәсіптік оқыту саласын жаңартатын білімдер мен инновациялық технологиялар сипатталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Кәсіптік оқыту педагогін даярлау үдерісіндегі білім сапасын бағалау жүйесі

    Кәсіптік оқыту педагогін даярлауда білім сапасын бағалау жүйесін меңгеру, логикалық ойлауы, білім алушылардың білімін бақылау мен бағалау нәтижелерін теориялық талдау әдістері қарастырылады. Білім беру ортасы субъектілерінің ұжымдық жұмыстары, тұлғааралық қарым-қатынастарын ұйымдастыру тәсілдері, бағалауға қатысты білімін шығармашылықпен қолдану, кәсіби қызметінде туындаған проблемаларды шешу мүмкіндіктері, пәндік және пәнаралық білімдерін интеграциялау жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Кәсіптік оқыту педагогін даярлау үдерісінде цифрлық білім ресурстарын пайдалану әдістері

    Кәсіптік оқытуда АКТ, электрондық білім беру орталары, ғылыми-шығармашылық жоба жұмыстарына қажетті түрлі қолданбалы бағдарламалар, оқытуға және кері байланыс орнатуға арналған веб-саймандар, ЦБР-ды іздеу, таңдау қолдану әдістері қарастырылады. Ғылыми-шығармашылық жұмыстарында ЦБР-ды пайдалану арқылы шетел тілін меңгеру, алға қойылған мақсатқа жету жолын көпшілік алдында нақты және тиянақты жалғастыру жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Кәсіптік саладағы білім сапасын бағалаудың өлшемдік технологиялары

    Кәсіптік оқыту педагогін даярлауда білім сапасын бағалау жүйесін меңгеру, логикалық ойлауы, білім алушылардың білімін бақылау мен бағалау нәтижелерін теориялық талдау әдістері қарастырылады. Білім беру ортасы субъектілерінің ұжымдық жұмыстары, тұлғааралық қарым-қатынастарын ұйымдастыру тәсілдері, бағалауға қатысты білімін шығармашылықпен қолдану, кәсіби қызметінде туындаған проблемаларды шешу мүмкіндіктері, пәндік және пәнаралық білімдерін интеграциялау жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Кәсіби саланың элективті курстарын жобалау проблемалары

    Кәсіби сала бойынша элективті пәндердің оқу мақсатын, міндеттерін, әдістерін, формасы мен мазмұнын анықтау, сабақты ұйымдастыру, дидактикалық мақсаттарды қамтитын оқу үлгілерін құрастыру тәсілдері қарастырылады. Элективті курсты жасақтауда әлеуметтік, этикалық және ғылыми ойлардың негізінде өз пікірін білдіру, көпшілік алдында нақты және тиянақты жинақтап хабарлау дағдыларын қалыптастыру және одан әрі жалғастыру жолдары сипатталады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Оқыту парадигмалары

    Кәсіптік оқыту педагогін даярлау саласында пәндік, тұлғаға бағдарланған, кәсіпке бағдарланған, дуальды, контексттік, интегративтік оқыту теориясы мен практикасы, политехникалық, бағалау-рефлексивтік, инклюзивтік оқыту және бірыңғай оқыту технологиясы, ұлттық мәдениет контекстінде оқыту, т.с.с сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Кәсіптік білім беру процесін гуманизациялау

    Кәсіптік оқыту педагогін даярлау жүйесіндегі оқу үдерісін гуманизациялауды ғылыми түсіну, мақсатты бағдарлар, принциптер, технологиялық негіздер және Кәсіптік оқыту педагогін даярлау жүйесіндегі оқу үдерісін гуманизациялаудың тиімділігіне қойылатын талаптар негізінде шығармашылық тұрғысында өзін-өзі дамыту қарастырылады. Кәсіптік жағдаяттар - кәсіптік оқыту педагогін даярлау саласында одан әрі оқуды жалғастыру тәсіліне баулиды

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Ғылыми зерттеу әдістері және академиялық хат

    "Ғылыми зерттеу әдістері және академиялық хат" пәнін меңгерудің мақсаты білім алушылардың өзіндік идеяларын құрылымдық түрде баяндау дағдыларын қалыптастыру, академиялық дискурстың ерекшелігін ескере отырып, әр түрлі ғылыми және ғылыми-ақпараттық дереккөздерімен жұмыс жасау жолдарын меңгерту. Пән студенттердің жазу мәдениеті мен сыни ойлау дағдысын және лингвистикалық-прагматикалық құзыреттіліктерін қалыптастырады, өзі ұстанатын тіл арқылы жазба тіл мәдениетін жетілдіреді, академиялық адалдық мәдениеті мен принциптері жайлы мағлұмат береді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Кәсіби дайындық жүйесіндегі контекстік оқыту технологиясы

    Кәсіби дайындық жүйесіндегі контекстік оқыту технологиясының теориялық негіздері, контекстік оқыту технологиясының мәні, бағыттарының мәнділік негіздемесі, білімдерді интеграциялау арқылы кәсіби жағдайларда пайдалану, контекстік оқытудың принциптері, түрлері, формалары, әдістері, оқыту технологиясының базалық санаты қарастырылады. Кәсіптік оқыту педагогін даярлау саласында одан әрі оқуды жалғастыру үшін пәндік білімдерін интергациялау арқылы кәсіби деңгейін жетілдіруді көздейді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Кәсіптік оқытудың негізгі парадигмалары

    Кәсіптік оқытудың парадигмаларының ұғымы, мақсатқа жету әдістері, педагогикалық өзара әрекет сипатына, қызметіне байланысты жіктелуі, мұғалімнің рөлі, білім беру парадигмаларын жүзеге асырудың дидактикалық тетіктері қарастырылады. Кәсіптік оқытудың негізгі парадигмаларын пайдалана, одан әрі оқуды жалғастыра және пәндік білімдерін интеграциялау сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6
  • Кәсіптік оқыту педагогін даярлауда интегративті тәсілдің теориясы мен практикасы

    Интегративті оқыту оппозицияларың әр түріндегі синтезі ретінде, олардың арасындағы қарама-қайшылықтарды шешу білім беру үдерісі мен оның субъектілерінің (педагогтар мен оқушылардың) шығармашылық тұрғысында өзін-өзі дамытуы, интегративтік оқытудың теориялық негіздері және жетекші білім беру технологиялары қарастырылады. Кәсіптік жағдаяттар Кәсіптік оқыту педагогін даярлау саласында одан әрі оқуды жалғастыру үшін интегративті тәсіл ретінде сипатталады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 7
  • Педагогтың кәсіби мәдениеті

    Педагогтың тұлғалық бейнесі, кәсіби мәдениетінің құрамды бөліктері, педагогтың әдеп және педагогтық қарым-қатынас, педагогтың шеберлігі, зияткерлігі, өзін-өзі, кәсіби тұлғалық дамуын басқаруы, педагогтың әлеуметтік-психологиялық бағыттары, контекстік оқытудың принциптері, педагогикалық центрациясы қарастырылады. Орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде зерттеу жұмыстарын игеру және оқытуды одан әрі оқуды жалғастыру сипатталады .

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 6

Оқыту нәтижелері

  • идеяны, қорытындылар мен проблема шешімдерін көпшілік алдында нақты және тиянақты хабарлауды ұйымдастырады
  • әлеуметтік, этикалық және ғылыми ойларды ескере отырып, өз пікірін қалыптастыруда ақпараттық мәдениетін, шетел тілін меңгеруін көрсетеді
  • барынша кең пәнаралық контексте стандартты емес жағдайларда өз білімін, түсінігі мен шығармашылық қабілетін пайдаланады
  • зерттеу контексінде идеяларды әзірлеу және қолдану кезінде кәсіптік оқыту педагогін даярлау саласындағы дамытылатын білімдер мен түсініктерді, зерттеу әдістерін игеруді көрсетеді
  • кәсіптік оқыту педагогін даярлау саласында одан әрі оқуды жалғастыру үшін пәндік білімдерін интергациялай біледі
Top