Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M07106 Органикалық заттардың химиялық технологиясы в әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Органикалық заттарды, дәрілік заттар мен материалдарды өндіру мен өңдеудің химиялық процестерін ғылыми талдау және болжау негіздерін, сондай-ақ осы бағыт бойынша пәндерді оқыту әдістемелерін меңгерген, ғылыми зерттеулер мен ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін үздік әлемдік нәтижелермен салыстырғанда өзбетінше жүргізуге қабілетті органикалық заттар мен материалдарды өндірудің химиялық технологиясы саласында жоғары білікті мамандарды даярлау.
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
  • Оқу мерзімі 2 года
  • Кредиттер көлемі 120
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M097 Химиялық инженерия және процесстер

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Лабораториялық, өндірістік-зерттеу және өндірістік регламенттерге сәйкес өнімдердің химия-технологиялық талдауын ескере отырып, химиялық құрылымы, қасиеттері ерекшеліктері мен заманауи өндіру технологияларына сәйкес табиғи гетероциклды қосылыстар мен алкалоидтарды бөліп алу технологиялық режимдерінде қажетті түзетулерді жасау
  • Уақытша аналитикалық нормативтік құжатқа (УАНҚ) және аналитикалық нормативтік құжатқа (АНҚ) сәйкес, субстанцияларды бөліп алу және әсер ету мерзімі ұзартылған фитопрепараттарды химиялық талдауының технологиялық сатыларында ұйымдастыру-техникалық жұмыстарын қолдана отырып, өсімдік субстанциялар мен гибридті тасымалдағыш негізінде дәрілік формаларды жасаудың заманауи әдістерін іске асыру жоспарын ұсыну
  • Заманауи инструменталды әдістер мен технологияларға, нормативті-техникалық пен өндірістік құжаттамаларға сәйкес талдаулар мен сынақтар негізінде органикалық синтез өнімдері мен биологиялық белсенді заттарды идентификациялау арқылы синтетикалық, табиғи және полимерлік дәрілік формалардың сапасын қадағалау және жетілдіру
  • Микросүзу, ультрасүзу, наносүзу, диализ және электродиализ әдістерін қолдана отырып, өндірістік үрдістер мен суды тазалау үшін мембраналық пен ионалмастырғыш, органикалық синтез өнімдерін, биодисперсиялар мен мономерлерді өндіру және өңдеу тиімді және инновациялық технологияларын жасау және ұсыну
  • Ғылыми-зерттеу, өндірістік және педагогикалық қызметінде міндеттерді қою және оларды шешу үшін басқару психологиясы, ғылымның тарихы мен философиясы аспектілерін, ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру әдістерін, тұлғааралық қарым-қатынас пен халықаралық ынтымақтастық технологияларын біріктіру арқылы ғылымның жаңа жетістіктерін қолдануды, оқу процесін әдістемелік қамтуды іске асыру
  • Компоненттер мен биологиялық белсенді заттарды идентификациялау, талдау, бақылау әдістері мен механизмдерді, соңғы ғылыми жетістіктерді қолдана отырып, биологиялық белсенді заттарды синтездеу және иммобилизациялау озық әдістері мен технологиялары көмегімен полимерлер мен гибридті тасымалдағыштар негізінде әсері ұзартылған формаларды жасау
  • Ауыл шаруашылығында, металлургияда, химиялық өндірісінде органикалық заттар, арнайы қолданыстағы өнімдер мен материалдарды (көбіктүзгіштер, бояулар, өсімдіктерді қорғайтын заттар, флотореагенттер) синтездеудің, ферменттік катализдің заманауи ғылыми концепцияларын қолданып, органикалық заттар мен материалдар химиясы мен технологиясы саласында ғылыми-зерттеу жұмыстары және қолданбалы зерттеулер нәтижесінде химиялық өндірістердің лабораториялық регламенттерін, әдістері мен технологияларын жасау
  • GMP бойынша физика-химиялық, инструменталдық талдау және сапаны бақылау әдістерін қолданып, ББЗ алу, экстракциялау қондырғылардың технологиялық регламенттеріне, фармацевтикалық химия заңдалақтарына сәйкес технологиялық режимді жүргізу ерекшеліктері мен заманауи технологияларды ескеріп, өсімдік шикізатын өңдеу өндірісінің өнімі мен шикізатына бақылау жасау
  • Оқытушының кәсіби педагогикалық мәдениетін қалыптастыру үшін іскерлік байланыс, резюме жазу, ғылыми мақалаларды құрастыру, сабақтарды жүргізу, оқуды ұйымдастыру, ғылыми ақпаратты іздеу барысында шет тілін қолдану
  • Шикізатты қабылдау мен сақтаудан бастап мұнайды өңдеу, полимерлеу, ферменттік катализ бен синтездің дайын өнімдерін (органикалық заттар, СЖЗ, полимерлер, эмульсиялар, аэрозольдер, көбіктүзгіштер) техникалық және аналитикалық бақылау сатысына дейін технологиялық процестерінің параметрлерін жетілдіріп, сонымен қатар, шығарылатын өнімнің сапасын бағалау лабораториялық әдістерін еңгізу
  • Көмірсутек және табиғи шикізат көздерінің негізінде өндірістік органикалық химия мен нәзік синтез өнімдерін аз және көп тонналы өндіру химия-технологиялық үрдістері мен белгілі озық технологиялық қондырғыларының және сызбаларының инженерлік есептеулерін қолдана отырып, органикалық синтез өнімдерін, полимерлік материалдарды өндіруді және өңдеуді ұйымдастыру шараларын қабылдау және жетілдіру
  • Органикалық заттарды, полимерлерді, полимерлік материалдарды синтездеу, алу және өңдеу әдістерін, жаңа концепцияларды, ғылыми теорияларды қолдана отырып, макромолекулалық дизайн және арнайы қолданыстағы химиялық өнімдерді өндірудің жаңа технологияларын жасау
Top