Жаңа білім беру бағдарламасы

7M04173 Іскерлік әкімшілендіру в Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Қазақстанда да, шетелде де сұранысқа ие, әлеуметтік-экономикалық және басқару проблемаларының стандартты емес, тиімді шешімдерін таба алатын, креативті ойлайтын, бастамашылық көрсете алатын, пікірлестер командасын құра алатын және алға қойған мақсаттарға қол жеткізе алатын іскерлік әкімшілендіру саласындағы жоғары білікті мамандарды даярлау.
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 1 год
  • Кредиттер көлемі 60
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M072 Менеджмент
  • Дайындық бағыты 7M041 Бизнес және басқару

Оқыту нәтижелері

  • Салық салу жүйесін, мемлекеттің қаржысын, бюджетаралық қатынастарды оңтайландыру тәсілдерін түсіну, жобалар мен бастамалардың тиімділігін бағалай білу, мультипликативтік және синергиялық әсерлерді есептеу, кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың экономикалық тетігін меңгеру.
  • Фирманың стратегиялық міндеттерін шешу, мемлекеттік және фирмаішілік деңгейлерде Кайдзен бизнес үдерістерінің, маркетингтік технологиялардың, HR менеджментің және инновациялық кәсіпорынның заманауи құралдары мен әдіснамасын меңгергендігін көрсету
  • Ұйымның бәсекеге қабілеттілігін, персонал құзыреттілігінің кәсіби деңгейін арттыру және цифрлық технологиялар негізінде инновациялық бизнес моделін құру бойынша креативті бизнес-идеяларды жинақтау.
  • Жобаларды басқару, басқарудың озық технологияларын меңгеру, кәсіби міндеттерді шешу дағдыларын дамыту және көшбасшылық қасиеттерді іске асыру негізінде олардың тиімділігін бағалаудың және кадр саясатын қалыптастырудың инновациялық әдістемелерін қолдану.
  • Корпоративтік іскерлік имиджді кәсіби тұрғыдан қалыптастыру, ұйымдастыру мәдениеті мен көшбасшылық қасиеттерін дамыту, кәсіпкерлік қызметке басшылықты білікті жүзеге асыру, мүдделер қақтығысын сипаттау, тәуекелдерді есептеу және болжау, оларды төмендету тәсілдерін табу, қарама-қайшы жағдайларды түзете білу.
  • Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың құқықтық аспектілерін қолдану, іскерлік этиканы сақтау.
  • Белгісіздіктің өсуі жағдайында түрлі салаларда ғылыми зерттеу негізінде тиімді бизнес-модельдерді, өндірісті орналастыру стратегияларын әзірлеу, бизнес дамуының оптимистік және пессимистік болжамдарын жасау.
Top