Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B04106 Қаржы в Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Білім беру бағдарламасының мақсаты түлектерді шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін сипаттайтын экономикалық және әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер есебін табысты орындауға дайындау, сондай-ақ түлектерді әлеуметтік-экономикалық тиімділік өлшемдері негізінде құқықтық, әкімшілік және басқа да шектеулерді ескере отырып, әртүрлі меншік нысанындағы кәсіпорындардың, ұйымдардың, ведомстволардың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін ғылыми-зерттеу және ұйымдастыру-басқару қызметін орындауға дайындау болып табылады.
  • Академиялық дәреже Бакалавриат
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 4 года
  • Кредиттер көлемі 240
  • Білім беру бағдарламаларының тобы B046 Қаржы, экономика, банк және сақтандыру ісі
  • Дайындық бағыты 6B041 Бизнес және басқару

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • банк, мұнай-газ және экономиканың басқа да салалары кәсіпорындарының қаржылық қызметінің стратегиялары мен тактикаларын әзірлей білу, бюджеттердің жобаларын және компаниялардың бизнес-банк, мұнай-газ және экономиканың басқа да салалары кәсіпорындарының қаржылық қызметінің стратегиялары мен тактикаларын әзірлей білу, компаниялардың бюджеттері мен бизнес-жоспарларының жобаларын жасай білу, кәсіпорындардың қаржылық жай-күйін бағалау және қаржылық тұрақтылығын жақсарту бойынша есептеулерді жүзеге асыру; тәуекелдерді талдау және бағалау, оларды төмендету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру, меншікті және қарыз қаржы ресурстарын пайдаланудың тиімділігін бағалау; банк, мұнай-газ және экономиканың басқа да салалары кәсіпорындарының инвестициялық тәуекелдерін басқару және азайту;
  • әлемдегі болып жатқан әлеуметтік-экономикалық процестерді бағалау және талдау, Қазақстан Республикасындағы қаржы-несие механизмін жетілдіру үшін индустриалды дамыған елдердің озық тәжірибелерін қолдана білу;
  • заманауи қаржылық-несиелік өнімдер мен қызметтерді дамыту және ұсыну;
  • экономикалық теория, микро және макроэкономика, әлемдік экономика, сыртқы экономикалық қызмет, қаржы негіздерін білу және осы білімді практикалық іс-әрекетте қолдана білу;
  • тұлғааралық, мәдениетаралық және кәсіби қарым-қатынас міндеттерін шешу үшін қазақ, орыс және шетел тілдерінде ауызша және жазбаша нысанда қарым-қатынас жасау; қазақстандық қоғамның қоғамдық, іскерлік, мәдени, құқықтық және этикалық нормаларымен жұмыс істеу; қазіргі заманғы экономикалық-математикалық, статистикалық және ақпараттық технологияларды меңгеру; Қазақстанның тарихи және экономикалық дамуының ерекшеліктерін терең түсіну және ғылыми талдау негізінде азаматтық ұстанымды көрсету;
  • практикада бухгалтерлік (салықтық) есеп пен қаржылық есептіліктің ұлттық және халықаралық стандарттарын қолдану;
  • кәсіпорын деңгейінде маркетингтік қызметті жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау;
  • ұлттық және шетелдік экономикалық (қаржы, банк, валюта, салық, сақтандыру) жүйелерінің жұмыс істеуінің, мемлекеттік қаржыны ұйымдастырудың, меншіктің әртүрлі нысандарындағы кәсіпорындардың экономикасы мен қаржысының, ұлттық және халықаралық қаржы нарықтарының жұмыс істеуінің теориялық және практикалық негіздерін білу;
  • банк, мұнай-газ және экономиканың басқа да салаларындағы мемлекеттік және жеке компаниялардың еңбек ұжымдарында жұмыс істей білу, орындаушылардың жұмысын ұйымдастыру, қаржылық қызметті ұйымдастыруда, оның ішінде мемлекеттің қаржы саясатын ескере отырып, басқарушылық шешімдер қабылдай білу;
  • Қаржылық сауаттылық, қаржылық есептеулер, инвестициялық портфельді қалыптастыру және басқару негіздерін меңгеру.
Top