Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B04106 Банк ісі және қаржы менеджменті в Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Қаржы, кәсіпкерлік, ақша-несиелік реттеу, салық салу негіздерін тәжірибеде қолдана білу, орындаушылардың жұмысын ұйымдастыра білу
  • Қоғамның эволюциясы, мәдениеттердің алуан түрлілігі, өркениеттер, әлеуметтік тәжірибе нысандары, экологиялық мәдениет, Қазақстан Республикасындағы шаруашылық үдерістерін реттейтін заң нормалары және халықаралық қатынастар туралы алған білімдерін сипаттау
  • Шаруашылық жүргізуші субъектілердің, қаржы-несие институттарының қаржылық қызметін басқару, талдау және бақылау дағдыларын пайдалану
  • Шаруашылық жүргізуші субъектілердің, екінші деңгейдегі банктердің қаржылық қызметінің стратегиясы мен тактикасын әзірлеуде және олардың қызметтерін цифрландыруда, бағалы қағаздар портфелінің тиімділігін бағалауда, инвестицияларды орналастырудың оңтайлы нұсқасын таңдауда, қаржы нарығына қатысушылардың есептілігін жасауда жаңа білім алу дағдыларын көрсету
  • Ғылыми зерттеулер мен академиялық жазудың әдістерін білу және оларды оқытылатын салада қолдану, академиялық адалдық қағидаттары мен мәдениетінің маңызын түсіну, өзін-өзі дамыту мен еркіндікке қабілеттілікті ашу;
  • Ақпараттық технологияларды, ақпаратты басқару дағдыларын қолдану, экономикалық есептерді жүргізу үшін математикалық модельдерді қолдану, кәсіби салада тілдік дағдыларды қолдану
  • Экономика, менеджмент, инновациялық менеджмент, бухгалтерлік есеп, статистика саласындағы білім мен дағдылармен жұмыс істеу, бастапқы материалды талдай білу және тиісті қорытынды жасау, оларды практикалық қызметте қолдану
  • Мемлекеттік қаржы және корпорациялардың қаржысын ұйымдастыру негіздерін суреттеу және түсіну, қаржы-бюджет саласында, сақтандыру ісінде практикалық жұмыс дағдыларын көрсету
Top