Жаңа білім беру бағдарламасы

7M04171 Іскерлік әкімшілендіру в Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Қазақстанда да, шетелде де сұранысқа ие, әлеуметтік-экономикалық және басқару проблемаларының стандартты емес, тиімді шешімдерін таба алатын, креативті ойлайтын, бастамашылық көрсете алатын, пікірлестер командасын құра алатын және алға қойған мақсаттарға қол жеткізе алатын іскерлік әкімшілендіру саласындағы жоғары білікті мамандарды даярлау.
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
  • Оқу мерзімі 2 года
  • Кредиттер көлемі 120
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M072 Менеджмент
  • Дайындық бағыты 7M041 Бизнес және басқару

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Логистикалық жүйелерді модельдеу дағдыларын дамыта отырып, стратегиялық басқарудың қазіргі заманғы әдіснамаларын қолдануға, салалық ерекшеліктерді ескере отырып, логистикалық схемаларды әзірлеуге және жетілдіруге, қабілетті.
  • Сандық технологияларды қолдана отырып әр түрлі ақпарат көздерін зерттеу, кәсіби мазмұндағы ақпараттарды алу және алмасу мақсатында бизнес-ортада еркін коммуникация жасау.
  • Фирманың стратегиялық міндеттерін шешу, мемлекеттік және фирмаішілік деңгейлерде Кайдзен бизнес үдерістердің, маркетингтік технологиялардың, HR менеджменттің және инновациялық кәсіпкерліктің заманауи құралдары мен әдіснамасын меңгергендігін көрсету.
  • Жобаларды басқару, басқарудың озық технологияларын меңгеру, кәсіби міндеттерді шешу дағдыларын дамыту және көшбасшылық қасиеттерді іске асыру негізінде олардың тиімділігін бағалаудың және кадр саясатын қалыптастырудың инновациялық әдістемелерін қолдану.
  • Салық салу жүйесін, мемлекеттің қаржысын, бюджетаралық қатынастарды оңтайландыру тәсілдерін түсіну, жобалар мен бастамалардың тиімділігін бағалай білу, мультипликативтік және синергиялық әсерлерді есептеу, кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың экономикалық тетігін меңгеру.
  • Бәсекелестік ұстанымдарды нығайту және басқару қызметін жетілдіру мақсатында ішкі және фирмааралық іскерлік қатынастарды дамыту, бизнес-ұйымдардың қызметін креативті сүйемелдеуді жүзеге асыру, практикада ұйымдастыру мәдениеті мен бизнес-коммуникациялардың, стандартты емес бизнес-ойлау психологиясының әртүрлі аспектілерін қолдану.
  • Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың құқықтық аспектілерін қолдану, іскерлік этиканы сақтау.
  • Корпоративтік іскерлік имиджді кәсіби тұрғыдан қалыптастыру, ұйымдастыру мәдениеті мен көшбасшылық қасиеттерін дамыту, кәсіпкерлік қызметке басшылықты білікті жүзеге асыру, мүдделер қақтығысын сипаттау, тәуекелдерді есептеу және болжау, оларды төмендету тәсілдерін табу, қарама-қайшы жағдайларды түзете білу.
  • Ұйымның бәсекеге қабілеттілігін, персонал құзыреттілігінің кәсіби деңгейін арттыру және цифрлық технологиялар негізінде инновациялық бизнес моделін құру бойынша креативті бизнес-идеяларды жинақтау.
  • Белгісіздіктің өсуі жағдайында түрлі салаларда ғылыми зерттеу негізінде тиімді бизнес-модельдерді, өндірісті орналастыру стратегияларын әзірлеу, бизнес дамуының оптимистік және пессимистік болжамдарын жасау.
Top