Жаңа білім беру бағдарламасы

7M07206 Фармацевтикалық өндіріс технологиясы в Қарағанды индустриялық университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Фармацевтикалық өндірістің өнімділігі мен тиімділігін арттыру үшін зияткерлік меншік объектілеріне патенттік іздеу және Өтінім ресімдеу
  • Жаңа барынша тиімді дәрілік препараттарды жасау мақсатында фармацевтикалық технологияларды дамыту
  • Ұжымды тиімді басқару және ғылыми-педагогикалық қызметті ұйымдастыру мақсатында жоғары мектептің педагогика және психология білімін қолдану
  • Жетекші фармацевтикалық компаниялардың инновациялық технологиялары мен жабдықтарын пайдалана отырып, жаңа дәрілік заттарды әзірлеу стратегиясын анықтау
  • Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және GXP тиісті фармацевтикалық практикасына сәйкес фармацевтикалық өнімнің сапасы мен технологиялық процесс параметрлерінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру
  • Соңғы тұтынушыларды қауіпсіз және тиімді дәрілік заттармен кепілді, тұрақты жоғары сапа деңгейімен қамтамасыз ету мақсатында фармацевтикалық өндірістің құқықтық, нормативтік және әдістемелік базасын қолдану
  • Дайын өнімнің барлық түрлері мен нысандарының сапасын қамтамасыз ететін ұтымды технологияны таңдау жолымен дәрілік заттарды өндірудің технологиялық процесін ұйымдастыру
  • Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және халықаралық талаптарға сәйкес фармацевтикалық өндірісті лицензиялау рәсімдерін жүргізу
  • Жоғары оқу орындарында ғылыми зерттеулер жүргізуге және арнайы пәндерді оқытуды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін кәсіби деңгейде шет тілін еркін меңгеру
  • Берілген талаптарға сәйкестігін растау үшін технологиялық процестің, талдау әдістемесінің, тазалау процесінің таза бөлмелердің, сонымен қатар инженерлік, компьютерлендірілген жүйелердің және арнайы жабдықтардың валидациясы
  • Кәсіби қызметте танымның ғылыми әдістерін қолдану; процестер мен құбылыстарды зерттеудің заманауи тұжырымдамаларын, теорияларын және тәсілдерін сыни талдау
  • Қолданыстағы дәрілік заттардың модификацияланған құрылымдарын компьютерлік модельдеу, зертханалық синтез, биоскрининг, клиникаға дейінгі және клиникалық сынақтар арқылы жаңа дәрілік заттарды іздестіруді жүзеге асыру
  • Техникалық шығармашылықты, инновациялық, болжамдық-проактивті және аналитикалық ойлауды көрсету
  • Өнімнің сапасын басқаруда және фармацевтикалық өндірістің технологиялық процестерін реттеуде статистикалық әдістердің теориялық, әдістемелік және практикалық аспектілерін қолдану
Top