Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B06201 Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар в әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Деректерді үздіксіз қабылдау мен беруді қамтамасыз ету үшін антенналық-фидер, микротолқынды құрылғылар және бағдарламалық қамтамасыз ету көмегімен спутниктік, радиорелелік, мобильді, оптикалық-талшықты цифрлық байланыс жүйелерін ұйымдастыру;
  • Командада тиімді жұмыс істеу үшін әлеуметтік-коммуникативтік дағдыларды, оның ішінде шет тілін қолдану, сондай-ақ жеке және кәсіби өсуге бағытталған шешімдерді одан әрі қабылдау үшін кәсіби мақсаттар мен міндеттерді қою жүйелі ойлау қабілеті болу, сондай-ақ жеке және дүниетанымдық көзқарасты қалыптастыру, азаматтық ұстанымды қорғау, шектеулі экологиялық және экономикалық ресурстар жағдайында кәсіби қызметтің нәтижелерін коммерцияландыру.
  • Негізгі физикалық процестер мен математикалық аппараттарды, электр тізбектері теориясының әдістерін, электродинамика және электромагниттік толқындардың таралуын, аналогтық және сандық құрылғыларды құрудағы схемотехникалық шешімдерді, әртүрлі байланыс жүйелерін сипаттау және деректерді беру үшін, сигналдарды цифрлық және аналогтық өңдеу құрылғыларын түсіндіру;
  • Микропроцессорлардың, бағдарламаланатын логикалық интегралды схемалардың, сымсыз сенсорлардың және бағдарламалық-аппараттық кешендердің көмегімен ақпарат алмасуды ұйымдастыру және мониторингілеу үшін радиоэлектрондық, радиоөлшеу және қосылатын деректер беру жүйелерін жобалау.
  • Аналогтық және сандық электрониканың электрондық сұлбаларын есептеудің, электр тізбектерін және түйіндерін талдаудың, электрмагниттік толқындардың электродинамикасының математикалық және физикалық әдістерін қолдану, сонымен қатар, радиотехника, және телекоммуникацияның практикалық есептерін шешу үшін ақпаратты қорғау және өңдеу әдістерін қолдану.
  • Деректерді кодтау мен өңдеудің, таратудың және талдаудың қазіргі заманғы әдістерін, IP телефония, бейне байланыс және NGN тораптары, мульсервистік абоненттік қатынау сияқты заманауи коммуникациялық технологияларды байланыс сапасын бағалау үшін таңдау.
  • Көп арналы байланыс жүйесінің, оның ішінде мультисервистік абоненттік қолжетімділіктің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін аппараттық-бағдарламалық кешенді пайдалана отырып, телекоммуникациялық цифрлық жүйелер мен пакеттер коммутациясы бар желілерді жобалау;
  • Антенна-фидерлік құрылғыларды, микротолқынды аспаптарды, сымсыз сенсорлық желілерді, электрондық құрылғыларды және радиотехникалық мақсаттағы сигналдарды кодтау және цифрлық өңдеу жүйелерін модельдеу үшін аналогты және цифрлық радиоэлектрондық және радиоөлшегіш схемалар мен байланыс жүйелерін бағдарламалық және схемотехникалық жобалауды пайдалану;
  • Сандық және аналогты радиоэлектрондық және радиоөлшеуіш құрылғыларды, сондай-ақ сигналдарды кодтау және цифрлық өңдеу құрылғыларын талдау үшін бағдарламаланатын логикалық интегралды схемаларды, микропроцессорлар мен микроконтроллерлерді пайдаланатын ендірілген жүйелердің жұмыс принциптерін түсіну;
  • Телекоммуникация желілерінің қауіпсіздігін арттыру мақсатында көпканалды телекоммуникациялық жүйелер мен мәліметтерді беру желілерін қолдану және оларды рұқсатсыз кіруден қорғау тәсілдерін таңдау.
  • Тестілеу, электрондық жабдықтарға қызмет көрсету, жабдықты істен шығудан және рұқсатсыз кіруден қорғауды қамтамасыз ету, радиотехникалық және телекоммуникациялық құрылғыларды есептеу техникасы мен бағдарламалық қамтамасыз ету үшін пайдалану және диагностика дағдыларын пайдалану.
  • Ұялы байланыс, талшықты-оптикалық байланыс жүйелері, спутниктік және радиорелелік байланыс жүйелері, байланыстың микротолқынды жүйелері, IP телефония, мультисервистік абоненттік қатынау, көп арналы телекоммуникациялық жүйелер, жаһандық және жергілікті желілер, дестелер коммутациясы бар цифрлық желілер және осындай байланыс жүйелерін жобалау үшін сымсыз сенсорлық желілер сияқты қазіргі заманғы ақпарат беру жүйелерін ұйымдастыру принциптерін сипаттау;

Ұқсас БББ

6B06201 Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті

6B06201 Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар

Торайгыров университеті

6B06201 Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар

«Тұран» университеті

6B06201 Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар

Халықаралық білім беру корпорациясы

6B06201 Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар

Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті

6B06201 Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар

«Мирас» университеті (Мирас)

6B06201 Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар

Академик Ебіней Арыстанұлы Бөкетов атындағы Қарағанды университеті (ҚарУ Е.А.Бөкетов)

6B06201 Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті (ҚМТУ)

6B06201 Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар

Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті (АЭжБУ)

Top