Жаңа білім беру бағдарламасы

6B07152 Электр энергетикалық жүйелер инженериясы в Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Академиялық адалдық қағидаттары мен мәдениетін түсіне отырып, кәсіби ортада және қоғамда қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін қарым-қатынас жасау;
  • Электрмен жабдықтау объектілерін жаңғырту, ақпараттық технологиялар және заманауи өлшеу құралдары мен тәсілдері, әдістеріне сәйкес электр жабдықтарын диагностикалық және жөндеу іс-шараларын жүргізу.
  • Электр энергетикалық кешендер мен жүйелерді құру және пайдалану кезінде оларды бағалаудың техникалық, экономикалық, экологиялық өлшемдерін негіздеу және энергия тұтынудың, энергия ресурстарын пайдаланудың және энергия шығынын азайтудың тиімділігін арттыратын іс-шараларды әзірлеу;
  • Жабдықтың электр бөлігін монтаждау, баптау, пайдалану және сынау әдістерін қолдана отырып, электрмен жабдықтау объектілерінің қасиеттері мен процестерін талдау және болжау үшін теориялық модельдер құру;
  • Ғылым мен техниканың даму тенденциялары негізінде электртехникалық жабдықтар мен электрмен жабдықтау жүйелерін жобалау;
  • Электр энергетиканың интеллектуалды жүйелерін цифрландыру тенденцияларын қолдана отырып, электрмен жабдықтау жүйелерін оңтайландыру
  • Өзбетінше оқу, өзін-өзі тәрбиелеу, салауатты өмір салты, командада жұмыс істеу дағдыларын көрсету
  • Ақпараттық және есептеу сауаттылығын қолдану, мақсат қою және оған жету жолдарын таңдау;
  • Белгісіздік жағдайында зерттеу, кәсіпкерлік және жұмыс дағдыларын қолдану
  • Деректерді математикалық өңдеу әдістеріне, ғылыми және эксперименттік зерттеулерге, нормативтік құжаттарға және экономикалық талдау элементтеріне сүйене отырып, кәсіби қызметте жаратылыстану ғылымдары, математикалық, қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық және инженерлік білімдерді көрсету;
  • Электр тізбектерін, электромагниттік процестерді және материалдардың электрлік қасиеттерін есептеудің заманауи әдістерін қолдана отырып, электр машиналарында, түрлендіргіш құрылғыларда және электрмен жабдықтау жүйелеріндегі процестерді сипаттау;
Top