Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M01110 Педагогика және психология в Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Пәндер

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Тұлғааралық қарым-қатынаста, кәсіби іс-әрекетте, ғылыми мақалалар жазуда шет тілін білетіндігін көрету.
  • Пәнаралық байланысты білім салаларындағы мәселелерді талдау.
  • Зерттеу нәтижелерін мамандармен және кең аудиториямен талқылай отырып, эксперименттік зерттеулерді өз бетінше жүргізу
  • Дәлелді нәтижелерді алу үшін психологиялық-педагогикалық зерттеулерде ғылыми зерттеу әдістемелерін, әдіснамалық принциптер жүйесін және әдістемелік тәсілдерді қолдану.
  • Оқу процесінің тиімді нәтижесін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін заманауи оқу және ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, кәсіби мәселелерді сауатты шешу.
  • Ұжымдағы персоналдың дамуын және оны тиімді пайдалануды бағалау, бұқаралық мінез-құлықты басқарудың өзіндік әлеуметтік-психологиялық технологияларын меңгеру.
  • Негізгі дүниетанымдық және әдістемелік мәселелерді сонымен бірге ғылымның қазіргі даму кезеңінде туындайтын пәнаралық сипаттағы проблемаларды талдау, ғылым философиясының ережелері мен категорияларына сүйене отырып, әртүрлі фактілер мен құбылыстарды бағалау.
  • Білім беру жүйесінің өзекті мәселелерін шешу және оқу процесінде мәдени, тарихи және белсенділік тәсілдерін қолдану
  • Білім беру саласындағы психологиялық-педагогикалық зерттеулердің дамуын қамтамасыз ететін жаңа үлгілердің, жүйелердің нәтижелерін бағалау.
  • Заманауи модельдеу әдістері мен компьютерлік технологиялар негізінде зерттеу нәтижелерін түсіндіру және пайдалану.
  • Кәсіби қызметте стандартты емес жағдайларда жедел басқарушылық және техникалық шешімдерді қабылдау кезінде шығармашылық көзқарас пен логикалық ойлауды көрсету.
Top