Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

8D01540 Химия в Halyqtar dostyǵy

Оқыту нәтижелері

  • химия ғылымдарының теориялық және практикалық әзірлемелеріндегі ғылыми мектептердің айырмашылықтарын салыстыру; әлемдік және отандық химия ғылымдарының ғылыми тұжырымдамаларына сыни талдау жүргізу және тексеру;
  • қазақстандық қоғамды жаңғырту жағдайында ғылым мен білімнің әлеуметтік жауапкершілігіне қолдау көрсету;
  • ғылыми химиялық зерттеулер үдерісін дайындау; зерттеу саласындағы әртүрлі теориялық тұжырымдамаларды дәйектеу, бағалау және салыстыру, ғылыми негізделген қорытындыларды тұжырымдау;
  • қазіргі химиялық теориялардың, ғылыми зерттеушілік аспаптардың негізінде академиялық біртұтастығымен сипатталатын дербес ғылыми зерттеу жұмысын жобалау;
  • заманауи ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану арқылы ғылыми ақпаратты іздестіруді жүзеге асырудың және оны тасымалдау тәжірибесінің тиімді жолдарын қалыптастыру.
  • білім мен ғылым тарихындағы білім беру парадигмалары дамуы мен ауысуының негізгі кезеңдерін сипаттау; Химия ғылымдарының пәндік, дүниетанымдық және әдіснамалық өзіне тән ерекшелігін дәйектеу;
  • әртүрлі қайнар көздерден алынған ақпаратты бағалау; кәсіби өзін-өзі дамытуды жоспарлау және болжау; ақпарат ағымдарының жедел жаңаруы және дамуы жағдайындағы өзінің ғылыми және ғылыми-педагогикалық іс-әрекетін жобалау.
  • Химия саласындағы мәселелерге кәсіби және жан-жақты талдау жасауда, білім берудің, химияның теориясы мен тарихындағы ғылыми жобалар мен зерттеулерді сынақтан өткізуде өз көзқарасын қорғау;
  • білім беру тәжірибесіне ғылыми әзірлемелерді ендіру тетіктерін жобалау; ғалым-педагог химиктің ғылыми әдебіне қолдау көрсету;
  • адами қорларды басқару және тұлғааралық қарым-қатынас мәселелеріндегі стратегияны қалыптастыру;
Top