8D01201 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу в Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Мектепке дейінгі білім беруді жетілдіруге бағытталған жаңашыл ғылыми зерттеулерді жүргізуге қабілетті, заманауи талаптар жағдайында іргелі оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу құзыреттілігі бар PhD докторларын даярлау
-
Академиялық дәреже Докторантура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 3 года
-
Кредиттер көлемі 180
-
Білім беру бағдарламаларының тобы D002 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
-
Білім беру саласы 8D01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 8D012 Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы
Пәндер
-
Ғылыми зерттеу әдістері
Мақсаты: ғылыми зерттеу дағдыларын дамыту. Мазмұны: Ғылыми зерттеулердің әдіснамасы, кезеңдері, тұжырымдамалық аппараты және жіктелуі. Жеке және арнайы әдістер, ғылыми зерттеулердің қателіктері. ҒЗЖ жоспарлау. Ғылыми ақпарат жинау. Ғылыми зерттеу этикасы. ҒЗЖ құрылымы. ҒЗЖ бағалаудың аналитикалық әдістері мен құралдары: ақпараттық технологиялар мен ресурстарды пайдалана отырып ҒЗЖ ұйымдастыру және басқару.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мектепке дейінгі білім беру саласындағы пәнаралық зерттеулер
Пән пәнаралық зерттеулер (психология, медицина, әлеуметтану және т.б.) негізінде мектепке дейінгі білім беру саласындағы мәселелерді шешудің тиімді жолдарына бағытталған. Әр түрлі факторлардың (отбасы, қоршаған орта, білім беру бағдарламасы және т.б.) мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық-интеллектуалды, коммуникативті, физикалық, шығармашылық-зерттеу, әлеуметтік-эмоционалды дағдыларын дамытуға әсері қарастырылады. Мектепке дейінгі ұйымдағы пәндік-кеңістіктік ортаны ұйымдастырудың тиімді әдістерін зерттеу, ата-аналармен жұмыс формаларын реттеу білім беру процесінде цифрлық технологияларды игеруге бағытталған. Заманауи зерттеулердің әдіснамалық негіздері, тұжырымдамалық бағыттары зерттеліп, мектепке дейінгі білім берудің өзектілігін ғылыми негіздейді.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мектепке дейінгі ұйымдағы білім сапасын басқару жүйесі
Пән мектепке дейінгі ұйымдағы білім беру қызметтерінің сапасын басқару жүйесінің әдіснамалық негіздері қарастырылады. Осы курсты оқыту барысында "білім сапасы", "мектепке дейінгі ұйымдағы білім сапасы", "білім сапасын басқару жүйесі"ұғымдарын меңгереді. Қазақстанның мектепке дейінгі ұйымындағы білім беру сапасын басқару жүйесін дамытудың мақсаттары мен міндеттері, үрдістері, заңдылықтары мен қағидаттары. Докторанттар мектепке дейінгі ұйымдағы білім сапасын бақылау, бағалау және басқару процесін ұйымдастырудың тиімді жолдарын анықтайды.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Академиялық жазылым
Пәнді оқу барысында докторанттар академиялық мәтіндер ұғымдарымен, жанрларымен, қызметтерімен және мәтіндерді безендіру түрлерімен, оларды рәсімдеуге қойылатын талаптармен танысады. Академиялық мәтіндер құру, зерттеу нәтижелерін жазбаша баяндау, ғылыми мақалаларды, диссертацияларды жазу және эмпирикалық зерттеу деректерін ұсыну, ұлттық және халықаралық мәліметтер базасымен жұмыс жасау дағдыларын меңгереді. Академиялық адалдық саясатын ұстану және плагиатқа төзбеушілік қасиеттері қалыптасады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Педагогтарды даярлауда мектепке дейінгі білім беру мазмұнын трансформациялау
Пән мектепке дейінгі білім берудегі заманауи үрдістерді тереңдетіп зерттеп, педагогтарды даярлаудың инновациялық тәсілдерін түсінуге мүмкіндік береді. Мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі заманауи тенденциялар, тәрбиелеу мен білім беру үдерісіндегі инновациялық тәсілдері қолдануға бағытталған. Мектепке дейінгі білім беруде жобалық қызметті пайдалану, STEAM-тәсілді енгізудің (Science, Technology, Engineering, Arts, Mathematics) тиімді бағыттарын көздейді. Мектеп жасына дейінгі балалардың білім беру қызметінің нәтижелерін бағалау әдістерін, олардың сыни ойлау және шығармашылық дағдыларын қалыптастыру жолдарын қарастырады. Докторанаттар мектепке дейінгі білім беру трансформациясы жағдайындағы білім беру процесі, өзінің ғылыми әлеуетін іске асыру мақсатында ұлттық және әлемдік тәжірибені тиімді қолданады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- мектепке дейінгі білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық құжаттарды, халықаралық және отандық стандарттарды пайдаланады;
- ҚР-да педагогикалық білім беру жүйесіне байланысты ғылыми-педагогикалық қызмет стратегиясын өз бетінше талдайды және анықтайды;
- мектепке дейінгі білім беру бағдарламасын талдайды және салыстырады, оның әдістемесі мен технологиясын жинақтайды және талқылайды;
- қазіргі мектепке дейінгі білім беру мәселелерін ұлттық және халықаралық деңгейлерде көтерілуге өз үлесін қосады;
- мектепке дейінгі білім беру қызметкерлерінің (студенттер, магистранттар мен докторанттар) біліктілігін арттыру семинарларын, конференцияларын және курстарды жоспарлайды және ұйымдастырады;
- кәсіби және академиялық ортада мектепке дейінгі білім беру мәселелерін талқылайды, қорытындылайды, ынталандырады және басқаларды сендіре алады;
- мектепке дейінгі ұйым педагогтерін жаңарған мазмұнда оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді ескере отырып, жаңа курстар әзірлейді;
- жоғары білімнің жаһандануы мен интернационализациясы жағдайында ҚР және әлемдегі педагогикалық ғылымның дамуының қазіргі тенденциялары, бағыттары мен заңдылықтары туралы білімді игереді және қолданады;
- мектепке дейінгі білім беру саласындағы халықаралық ұйымдардың (БҰҰ, ЕҚЫҰ және т.б.) педагогикалық тұжырымдамалары мен білім беру стратегияларын талдайды;
- философиялық, психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық ғылымның негізгі жетістіктері, қазіргі заманғы проблемалар мен даму үрдістері туралы білімді көрсетеді және салыстырады;
- мектепке дейінгі білім беру жүйесінің тиімділігін қамтамасыз етуге бағытталған шешімдерді дайындау бойынша қызметті жобалау. докторант мектепке дейінгі ұйымдағы білім беру процесінің сапасын бақылау және бағалау процесін ұйымдастыруға қабілетті.