Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
8D02111 Композиция в Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Жоғары кәсіби деңгейде шығармашылық, ғылыми, педагогикалық, ағартушылық қызметпен айналысатын, біліктілігі жоғары зерттеуші композиторды дайындау.
-
Академиялық дәреже Докторантура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 3 года
-
Кредиттер көлемі 183
-
Білім беру бағдарламаларының тобы D026 Композиция
-
Білім беру саласы 8D02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 8D021 Өнер
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Ғылыми зерттеу әдістері
Орталық Азияның хордофондары: зерттеу аспектілері
Композиция өнері - 1
Өнер философиясы
Заманауи мәдени процестердің зерттеу стратегиясы
Орталық Азияның түркі халықтарының аспаптық музыкасындағы дыбыстың санаты
Академиялық жазылым
Композиция өнері - 2
Музыкологиядағы пәнаралық зерттеулер
-
2 Оқу жылы
Дереккөзтану
Оқыту нәтижелері
- Қажет болған жағдайда тиісті әдебиеттен және/ немесе басқа ресурстардан алынған білімді өзінің зерттеу және / немесе көркем тәжірибе саласы шегінде қарауға, түсіндіруге, талдауға, бағалауға, басқаруға, сақтауға және беруге қабілетті болу.
- Шығармашылық іс-әрекет /тәжірибе шеңберінде іске асыруда, қайта жасауда, жасауда, өңдеуде және/немесе іс-әрекет етуде түпнұсқалық түсінік пен инновациялық шешімдерді құжаттық түрде тіркеу және көрсету.
- Өз оқу саласындағы негізгі мәселелерді анықтау, оларды сыни тұрғыдан қарау және инновациялық шешімдер табу.
- Түсінуді кеңейту және жаңа білім мен зерттеу өнімдерін жасау үшін өзінің көркемдік тәжірибесіне немесе музыкалық кеңістігіне сүйене отырып, зерттеу пәнінің проблемалық мәселелерін контекстпен анықтау және келісу.
- Қаржыландырудың ықтимал көздерін қоса алғанда кез келген ықтимал тәуекелдерді және/немесе теріс әсерлерді бағалай отырып, тиісті әдіснамалық процестер мен ресурстарды таңдап және пайдалана отырып, зерттеу мен жобаларды белгілеу, жоспарлау, орындау және ұсыну.
- Жан-жақты ортада нәтижелерге қол жеткізу тәжірибесі мен әдістеріне әсер ету үшін практикалық, коммуникативтік және желілік дағдылардың кең ауқымын пайдалана отырып қолдау, басқару және әріптестермен ынтымақтасу.
- Өзінің жеке зерттеу/зерттеу нәтижелерін және басқалардың нәтижелерін жүйелі және сыни талдау және бағалау.
- Мақсатты аудиториялардың қажеттілігін назарға ала отырып, зерттеу нәтижелеріне қатысты ақпаратты хабардар ету мен таратудың тиімді және тиісті әдістері мен техникасын анықтау, таңдау және пайдалану.
- Зерттеу / зерттеу нәтижелерінің құндылығын әлеуметтік, мәдени, көркемдік, этикалық және экономикалық аспектілерде анықтау.
- Кәсіби стандарттарды ескере отырып, жүргізілген зерттеулердің этикалық және құқықтық салдарын, ұлттық және халықаралық мәнмәтін және зерттеулерге қатысты барлық тұлғалардың меншік құқығын назарда ұстау
- Зерттеушілердің, практик – мамандардың, әзірлеушілердің және жасаушылардың сыни ескертпелері мен ұсыныстарын назарға ала отырып, олардың, кең ауқымымен ынтымақтасу және өз жұмысын сынауға сезімтал болу.
- Олардың зерттеулерінің/зерделеуінің әртүрлі аудиторияға әсерін назарға алу және мамандар мен әуесқойларда дұрыс түсініктің пайда болуына ықпал ету.
- Жүргізілген зерттеуден алынған білімді қолдану және одан әрі дамыту үшін мүмкіндіктер табу.