Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
8D02197 Хореография в Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Хореография саласында жүйелендірілген іргелі ғылыми-теориялық және әдіснамалық білімі бар, жалпы хореографиялық өнердегі үрдістерге пәнаралық көзқарас арқылы талдау жүргізу дағдыларына ие, заманауи ақпараттық технологияларды, сондай-ақ сандық технологияларды білім беру үдерісіне интеграциялау әдістеріне негізделген жүйелі талдау жүргізудің қазіргі заманғы әдістерін меңгерген философия докторларын (PhD), хореография өнерінде ғылыми, білім беру және әлеуметтік-мәдени қоғамдастыққа өз үлесін қоса алатын мамандарды дайындау.
-
Академиялық дәреже Докторантура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 3 года
-
Кредиттер көлемі 180
-
Білім беру бағдарламаларының тобы D031 Хореография
-
Білім беру саласы 8D02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 8D021 Өнер
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Академиялық хат
Мәдени антропология
Әлемдік хореография тарихындағы режиссерлік инновациялар
Өнер философиясы
Балеттік педагогиканың заманауи мәселелері мен әдістері
Ғылыми зерттеу әдістері
Өнер креативтілігінің инвариантты негіздері
Өнер семиотикасы
Әлемдік хореографиядағы заманауи көркемдік үрдерістер
XX - XXI ғасырлардағы хореографиялық өнер теориясының мәселелері
Оқыту нәтижелері
- Жалпы ғылыми бағыттар бойынша алынған кешенді білімдерді қолдана отырып, пәнаралық диалог деңгейінде бүкіл оқу курсына негізделген ғылыми-зерттеу және оқытушылық қызметті жүйелеу
- Балет педагогикасының эволюциясы мен дамуының көрінісін анықтау және қалыптастыру мақсатында, шетелдік және отандық хореографиялық өнердегі балет педагогика мектептерін даму бағыттарын білу
- Хореография саласындағы білім беру бағдарламаларын жетілдіру және үлгілеу мақсатында балет педагогикасы мен балетмейстерлік өнердің даму тенденцияларын зерттеу негізінде ғылыми көзқарасты жүйелеу
- Ғылыми-педагогикалық құзыреттіліктерді жүйелеу, шығармашылық жобаларды басқара білу, докторантурада оқу кезінде алған білім негізінде хореографиялық өнер саласындағы теориялық және практикалық пәндерді оқыта білу және педагогикалық, ғылыми және өндірістік практикада алған дағдыларды пайдалану
- Авторлық оқыту әдістерін қалыптастыру және синтездеу мақсатында, балет педагогикасының заманауи әдістері мен мәселелерін талдау
- Әлемдік хореографиядағы заманауи көркемдік үдерістердің даму саласын талдау, балет педагогикасына инновациялық әдістерді анықтау, жүйелеу және интеграциялау мақсатында қазіргі хореографиялық тілдің даму тенденцияларын кеңейту
- ХХ-ХХІ ғасырлар дәуірдің көркемдік және ғылыми ізденістерінің байланысы тұрғысынан қозғалыс мәдениетінің даму тенденцияларын өзектендіру
- ХХ-ХХ ғасырлар тоғысында жалпы ғылыми салалар аясында педагогикалық мұраның қалыптасуына әсерін анықтау мақсатында хореография өнерінің режиссурасының даму саласындағы ғылыми-зерттеу қызметін жүргізу