Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01707 Қазақ тілі мен әдебиеті в Alikhan Bokeikhan University

Пәндер

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Педагогикалық этика нормаларын және әлеуметтік-этикалық құндылықтарды сақтау, ұжымда жұмыс істеу кезінде ымыраға келу және әртүрлі әлеуметтік жағдайларды бағдарлау; нысандары мен әдістеріне сүйене отырып, кәсіби қоғамдастықтағы ынтымақтастық және әртүрлі әлеуметтік топтармен өзара әрекеттесу, субъект-субъектілік өзара іс-әрекетте педагогикалық процестің барлық қатысушыларын ұйымдастыру, білім беру процесін басқару технологиясын меңгеру, ата-анлармен, мұғалімдермен және қоғаммен ынтымақтастық, әртүрлі жас кезеңдеріндегі организмнің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, сондай-ақ оқу-тәрбие үрдісінде және сабақтан тыс жұмыстарда гигиеналық талаптарды ескере отырып, балалар мен жасөспірімдермен тәрбие жұмысын ұйымдастыру.
  • Қазақ тілі бойынша алған ғылыми-теориялық білімін, оқушылардың ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың тиісті әдістері мен оқу жетістіктерін бағалау құралдарын қолдану, өз бетімен кәсіптік біліктілікті арттыруды жоспарлау.
  • Көркем шығармалармен оқу үрдісінде танысу арқылы эстетикалық сана мен қызметтің нысандары, эстетикалық қажеттіліктері, өнер туындыларының түрлері мен жанрларын анықтау, терминдермен білу, талдау және көрсету.
  • Қазақ әдебиеті пәндері бойынша оқу сабақтарын жоспарлау және жүргізу, дәстүрлі және инновациялық технологиялар; психология, педагогика және филология ғылымдарының жаңа жетістіктері туралы білу, оқыту әдістемесінің негіздері, оқытудың заманауи ақпараттық технологияларын қолдану.
  • Білім алушылардың жеке тұлғасына құрметпен қарау педагогикалық тактісін ұстана отырып, оларды жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар жүйесін бағалау, оқушыларды жалпы адмзаттық және ұлттық құндылықтарды бағалауға тәрбиелеудің әдістерін қолдану
  • Тілдің функциялары, тіл мен ойлаудың арақатынасы, қоғамдағы тілдің рөлі, тілдік универсалдар мен тілдің даму заңдылықтары туралы негізгі түсініктерді білу, түсіну, өз сөзімен жеткізу, салыстыру, талдау, қорытынды жасау.
  • Қазақ тілінің салалары бойынша негізгі ұғым-түсініктерді, теориялық қағидаларды түсіну және ақпаратты нәтижеге жету үшін пайдалану, лингвистикалық талдау.
  • Қазақ, әлем әдебиеттерінің негізгі даму кезеңдерін білу, олардың типологиялық айырмашылығын табу, жіктелісін талдау, бүгінгі көзқарас тұрғысынан бағалау.
  • Әлеуметтік жеке тұлға ретінде мінез құлығын қалыптастыру арқылы жүйелі –мақсатты шешім қабылдап, аргументтер келтіру, өз көзқарасын қорғау.
  • Ауызша және жазбаша түрде өз көзқарасын қорғау, дәлелдеу, логикалық бағалау, өз сөзімен жеткізу дағдыларын жинақтау, шешендігін дамыту, мектепте пәндерді зерттеуге және оқытуға мүмкіндік беретін кәсіби деңгейдегі тілде еркін сөйлеу, әңгімелесу.
  • Академиялық адалдық, сондай-ақ қауіпсіздік нормаларын қамтамасыз ету қағидаттарын сақтай отырып, ғылыми зерттеулерге негізделген кәсіпкерлік дағдыларды, көшбасшылықты, инновацияларды қабылдауды тәрбиелеу үшін замануи құқықтық мемлекет идеясын білуді көрсету.
  • Қазақ әдебиеті тарихының кезеңдері бойынша негізгі дәуірлеуді, терминдерді білу, теориялық қағидаларды түсіну, әдеби-теориялық талдау.
Top