Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B04101 Қаржы в Халықаралық білім беру корпорациясы

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Жалпы білім беру мен ойлау мәдениетімен жоғары білімді және салауатты тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін жаратылыстану (әлеуметтік, гуманитарлық, экономикалық) пәндер бойынша базалық білімге ие болу.
  • Кәсіби қызмет саласында заманауи ақпараттық ағындарда шарлау, ақпаратты өңдеу және ақпараттық технологияларды, бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана білу.
  • Халықаралық тәжірибені жергілікті нарық жағдайларына бейімдеуді қолдану және фирманың даму қажеттіліктерін ескере отырып, қаржы қызметін ұйымдастыруды жүргізу.
  • Болжамдау әдістерін біліп, қолданыстағы статистикалық және эконометрикалық бағдарламалардың заманауи пакеттерін пайдаланатын шаруашылық субъектілерінің қызметі үшін дұрыс қаржы болжамын әзірлей білу.
  • Нарық конъюнктурасын талдау, қаржылық саясатты және оны іске асыру тетігін әзірлеу, кәсіпорын қызметінің қаржылық мәселелері бойынша кәсіби пікір білдіру.
  • Мемлекеттік бюджеттік бағдарламаларды, кəсіпорындардың қаржылық жоспарларын құрастыру мен бекітудің қолданыстағы практикасын оның кемшіліктері мен жетілдіру жолдарын білу. Кәсіпорындардың қаржы жоспарларын қабылданған қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес дайындауға арналған есептерді орындауға, олардың орындалуын бақылау және қадағалау қабілеті.
  • Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық есеп берулеріндегі қаржылық-экономикалық және бухгалтерлік ақпаратты талдау және түсіндіру және алынған ақпаратты басқару шешімдерін қабылдау үшін пайдалану.
  • Инвестициялық жобалардың тиімділігін талдаудың заманауи әдістерін қолдану, инвестициялық жобаларға мониторинг жүргізу және олардың іске асырылуын басқару.
  • Тәуекелдікті бағалау әдістерін біліп, белгісіздік пен тәуекел жағдайында тиісті қаржылық және экономикалық шешімдерді қабылдай білу.
  • Мемлекеттің, қаржы институттарының және шаруашылық жүргізуші субъектілердің экономикалық және әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін есептеуге қажетті бастапқы мәліметтерді пайдалана білу.
  • Экономикалық процестер мен құбылыстарға негізделген теориялық және экономикалық модельдерді құрастыра білу, нәтижелерді талдап, түсіндіре білу.
  • Көпмәдениетті, көпэтносты және көпконфессиялы ұжымда жұмыс істеу қабілетін таныту, ынтымақтастыққа қабілетті болу, жанжалды жағдайлардың алдын алу және шешу, жалпыадамзаттық адамгершілік құндылықтар негізінде диалог жүргізу.
Top