Жаңа білім беру бағдарламасы

6B11124 Мәдени-тынығу қызметі және эстрадалық ән салу в Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Басқарушылық шешімдерді тиімді қолдану, мәдени-тынығу қызметі мен эстрадалық өнер саласында менеджмент және маркетинг технологияларын іске асыруға дайындығы.
  • Вокалдық ұжыммен жұмыс істеу дағдыларын пайдалану, шығармашылыққа қолайлы жағдай жасай отырып, эстрада режиссурасын меңгеруі.
  • Кәсіби вокалдық қызметте қолданылатын дұрыс классикалық ән тынысын, артикуляциялық, дикциялық, жарқын және мәнерлі сөйлеуді меңгеруі.
  • Дүниетанымдық, азаматтық, рухани, әлеуметтік жауапкершілікті, ғылыми және эксперименттік зерттеу әдістерін қалыптастыру негізінде әлеуметтік-мәдени, кәсіби дамуды көрсетуі.
  • Академиялық жазу қағидаттары мен академиялық адалдық мәдениетін түсіне отырып, кәсіби ортада және қоғамда қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін қарым-қатынас жасау.
  • Музыкалық материалды өңдеудің әртүрлі әдістерін қолдануы, эстрадалық әуендерді аранжировкалаған кезде музыкалық-фондық элементтерді ұтымды таңдауы.
  • Ақпараттық және есептеу сауаттылығына, ақпаратты жалпылау, талдау және қабылдау, мақсат қою және оған жету жолдарын таңдау қабілетіне ие болуы.
  • Танымдық-шығармашылық, рекреациялық-ойын-сауық /шоу/, халықтың мерекелік бос уақытын тиімді ұйымдастырудың жаңа технологияларын және сценарий шеберлігі дағдыларын белсенді пайдалануы;
  • Қазіргі қазақ және әлемдік мәдениеттің тарихы мен түрлі эстрадалық бағыттары туралы теориялық-музыкалық білім негізінде музыкалық-бейнелі ойлауды дамытуды көрсетуі.
  • Кәсіпкерлік және кәсіби дағдыларды қолдануы, сондай-ақ эстрада әншісінің жеке басының ішкі және сыртқы имиджінің жоғары деңгейін көрсетуі, жеке және команда мүшесі ретінде тиімді жұмыс істеуі.
  • Музыкалық аспаптарда ойнауды (мәнерлілік және орындау техникасымен) меңгеру, аспаптың мүмкіндіктерін сауатты пайдалана отырып, стейхолдерлердің сұранысы бойынша тақырыптық, идеялық, эмоционалдылық қағидаттарымен музыкалық шығармалардың репертуарын үйлесімді таңдауы.
  • Қызығушылықпен клубтарды, ұжымдарды, әуесқой бірлестіктерді, секцияларды, студияларды, үйірмелерді және концерттік-ойын-сауық іс-шараларын ұйымдастыра алуы.
Top