Жаңа білім беру бағдарламасы

7M01303 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі в Ы.Алтынсарин атындағы АПИ

Пәндер

  • Әлемдегі және Қазақстандағы білім берудің сапасы

    Білім беру реформаларын сапалы жүзеге асыру жолдарын, қазақстандағы білім беру дағдарысын шешу перспективаларын, әлемдік білім беру жүйесінде оқыту сапасын көтеру мәселелерін саралайды. Білім беру сапасын бағалау жөніндегі халықаралық зерттеулерге, қазақстандық мектептің білім беру сапасының халықаралық деңгейде бағалануына, стандарттардың халықаралық талаптарға сәйкестігіне талдау жасайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Басқару психологиясы

    Пән студенттердің психологиялық құбылыстар мен заңдылықтар туралы білімін, басқару іс-әрекетін оңтайландыру үшін психологиялық білімді қолдану дағдылары мен дағдыларын қалыптастырады; басқарудың негізгі әлеуметтік-психологиялық мәселелерін және оларды шешу жолдарын түсінуге, басқарушылық қызмет тәжірибесінде өзін-өзі бақылауға және рефлексияға деген көзқарасты қалыптастыруға, сонымен қатар персоналды басқару саласындағы тәжірибелік мәселелерді шешу үшін теориялық ережелерді қолдану дағдыларын меңгеруге ықпал етеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 2
  • Болашақ мұғалімдердің кәсіби іс-әрекеттерін қалыптастыру

    Педагогикалық жоғары оқу орындарында болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін кәсіби қызметке даярлаудың концептуальды бағыттары мен педагогикалық ғылыми негіздерін, мазмұнын меңгереді. Болашақ мамандардың кәсіби іс-әрекеттерін қалыптастырудың басымдықтарын саралайды. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби іс-әрекеттерін қалыптастыруда көпсатылы жоғары білім беруді ұйымдастырудың құрылымдық мазмұны мен ұйымдастыру жағдайын, оқыту әдістемесінің ерекшеліктерін зеределейді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Менеджмент

    Бұл пән білім беру жүйесінде басқару туралы кәсіби ойлауды қалыптастыруға, басқару процестерінің мәнін, тиімді көшбасшылық әдістерін меңгеруге бағытталған; кәсіптік қызметте басқару әдістерін, құралдарын және тәсілдерін, қолдану дағдыларын дамытуға ықпал етеді; іскерлік және басқарушылық байланыс; жұмысты жоспарлау және ұйымдастыру; басқарудың ұйымдастырушылық құрылымдарын қалыптастыру; менеджменттің кәсіби құрылымындағы ерекшеліктерін ескеру қызметі қарастырылады

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 2
  • Жоғары мектепте кәсіби пәндерді оқыту әдістемесі

    ЖОО-дағы педагогикалық процесті ұйымдастыру әдістемесіне, жоғары білім дидактикасына талдау жасайды. Жоғары мектепте кәсіби білім беруді ғылыми-әдістемелік тұрғыдан саралайды. Жоғары мектепте бастауыш білім беру саласы бойынша кәсіби пәндерді оқыту әдістемесін меңгереді. Жоғары мектептегі білім сапасын бақылау мен педагогикалық қызметтің негізгі бағыттарын айқындайды. Педагогикалық процестегі инноватика және шығармашылық әлеует ұғымдарын зерделейді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 4
  • Шет тілі (кәсіби)

    Пәнді оқыту кәсіби лексиканы игеруге, кәсіби деңгейде диалог жүргізе білуге бағытталған шет тілін қарқынды оқытуды қамтиды. Сөйлеу іс-әрекетінің төрт түрінде шет тілін меңгеру дағдыларын кеңейту және тереңдету көзделеді: арнайы әдебиеттерді оқу, шет тілінде сөйлеуді тыңдап-түсіну, педагогикалық және кәсіби бағыттағы жазбаша және ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру және дамыту.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 2
  • Зерттеу мәдениеті және ғылыми этика

    Зерттеу мәдениеті және ғылыми этика ұғымдарын ғылыми-әдістемелік тұрғыдан талдайды. Этика талаптарына сай сенім тудыратын зерттеулер: билік, саясат, этика және зерттеудегі адалдық мәселелерін қарастырады. Білім өндірудегі адалдық, сәйкес индикаторлармен жұмыс істеу, субъективтілікті басқару, ақиқатқа жету, орынды әрі сәйкес деректер келтіру мәселелерін саралайды. Құқықтық, моральдық, этикалық міндеттерді, этикалық рұқсат алу процестерін зерделейді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ғылыми зерттеу жұмысының әдіснамасы және академиялық жазу сауаттылығы

    Ғылыми зерттеудің ерекшелігін, әдіснамасын, зерттеу жүргізудің тәсілдері мен талаптарын, зерттеу кезеңдерін, ғылыми зерттеудің мәселесін, тақырыбын, өзектілігін, нысанын, пәнін, фундаментасын, ғылыми жаңалығын, теориялық және практикалық маңыздылығын, нәтижелердің айқындылығын, ғылыми-зерттеу жұмысын жазудың негіздері қарастырады. Академиалық сауаттылық негіздерін, ғылыми этика және ғылыми еңбек жазудың ерекшеліктерін, ғылыми жұмыстарды жазу әдістерін меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Бастауыш білім сапасын халықаралық бағалау жүйелері

    Халықаралық бағалау жүйесінің мақсаты, міндеттері, пәні, нысаны, принциптері, әдістері, түрлері, құралдары, оқыту мәселелерін саралайды. Пәнаралық контексте кәсіби мәселелерді айқындап, білім беру сапасын арттыру үшін білімін, түсінігін, шығармашылық қабілетін пайдаланып, идеяны, қорытындыларды, мәселе шешімдерін нақты, тиянақты көпшілік алдында хабарлауды меңгереді. Пәнаралық білімдерін интергациялау дағдылары қалыптасады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Бастауыш білім берудегі метапәндік тәсілдеме

    Бастауыш білім берудегі метапәндік тәсілдеменің ғылыми-әдістемелік аспектілерін айқындайды. Бастауыш білім беру пәндерін метапәндік тұрыда оқытудың құрылымдық-мазмұнын саралайды. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін метапәндік тұрғыда оқытуға даярлау әдістемесін меңгереді. Пән аясында теориялық ойлау және әмбебап оқу әрекеттерін, дүниенің біртұтас бейнесін санада қалыптастыру тәсілдерін және АКТ-ны қолдану біліктері мен дағдыларының кең спектрін игереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Педагогикалық өлшемдердің теориялық негіздері

    Сандық және сапалық зерттеу тәсілдерін: аралас әдіснаманың перспективалары мен стратегияларын; баға беруші, іс-әрекетке негізделген және эмансипаторлық стратегияларды; іріктемелерді, ақпарат берушілерді және кейстерді анықтау мен сұрыптауды; бастапқы деректерді жинауда сауалнама, сұхбат және бақылау алуды; қайталама, сандық, сапалық дереткерді талдауды; талдау қорытындыларын шығару әдістерін меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Педагогикалық зерттеу әдістемесі

    Педагогикалық зерттеулердің ғылыми-методологиялық және әдіснамалық негіздерін қарастырады. Педагогикалық зерттеулердің жалпы сипаттамаларын, зерттеудің мәні мен құрылымын, педагогиканың ғылыми-зерттеу әдістерін, ұстанымдары мен амалдарын, педагогикалық эксперименттің мәні мен талаптарын саралайды. Зерттеу ұсынысын әзірлеу, әдібиеттерге жолу жасау тәсілдерін меңгереді. Этика талаптарына сай сенім тудыратын зерттеулер жүргізудің мәнін түсінеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Инновациялық зерттеулер мен коммерцияландыру әдістері

    Инновациялық зерттеулер мен коммерциаландыру әдістерін кәсіби қызметінде қолдануға машықтанады. Ғылыми-зерттеу қызметі мен практикалық білімдерін коммерцияландыру тәсілдерін меңгереді. Ғылыми, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды орындауда қолданылатын инновацияларды саралайды. Ғылыми ақпараттарды іздеу негіздерін, жаңа бағдарламаларды әзірлеуге бағытталған зерттеу әдістерін, құқықтық қатынастарды саралайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Білім беру қызметтерін бизнес жоспарлау

    Білім беру қызметтерін бизнес жоспарлаудың аспектілерін саралайды. Білім берудегі бизнез қызметтердің кең спектрін талдайды. Бизнесті кеңейту: экономиканың «пайдалы» секторында жұмыс істеу; жеке бизнесіңізді дамыту үшін инвесторларды тарту; мемлекеттік қолдау; өз кәсібін ашу және дамыту үшін субсидия алу мүмкіндіктерін қарастырады. Нарыққа шығудағы төмен қаржылық кедергілерді, іс қағаздарын жүргізудің әдістерін меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Білім берудегі мобильді технология

    Білім берудегі негізгі үдерістер мен жаңа технологияларды зерттеу іс-әрекетінде және өндірістік тәжірибеде қолданады. Білім берудің заманауи трендтерін, оқу процесінде мобильді құрылғыларды қолданудың мүмкіндіктерін зерттейді және практикалық қызметте қолданылатын жаңа технологияларды игереді. Мобильді оқытудағы дизайндау принциптерін қарастырады. Мобильді оқыту немесе мобильді құрылғыларды қолдана отырып оқыту әдістемесін меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін инновациялық іс-әрекетке дайындау

    Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін инновациялық іс-әрекетке дайындау әдістемесінің аспектілерін қарастырады. Бастауыш сынып мұғалімінің инновациялық қызметін талдайды. Студенттерді инновациялық іс-әрекетке дайындауда қолданылатын мотивациялық, креативтік, пәндік-технологиялық, рефлексиялық компоненттерге талдау жасайды. Инновациялық технологиялар концепцияларын, алгоритмдерін, ақпараттық қамсыздандыру базасын, пайдалану критерийлерін, оқу процесіне енгізу тетігін саралайды.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Бастауыш білім берудегі инновациялық қызмет

    Бастауыш білім берудегі инновациялық қызметті ұйымдастыру ерекшеліктерін, инновациялық қызметті психологиялық-педагогикалық тұрғыдан ұйымдастыру әдістемесін зерделейді. Білім беру ұйымының инновациялық даму процесіне жаңалықтарды енгізу тәсілдерін ғылыми-әдістемелік тұрғыдан талдайды. Білім берудегі инновациялық басқаруды жоғары деңгейде ұйымдастыруды, инновациялық үдерістерді басқару технологиясының әдістері мен тәсілдерін меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Менеджмент, басқару психологиясы салаларының теориялық мәселелерін, негізгі ғылыми концепцияларын сыни тұрғыдан талдайды, қоғам мен ғылым дамуының жалпы мәселелерімен, өмірдегі жағдаяттармен байланыстырып тұжырымдайды;
  • Оқу үдерісінде тілдік және қатысымдық дағдыларды, сандық ресурстарды, инновациялық технологияларды қолданады;
  • Бастауыш білім беру саласында метапәндік тәсілдемелерді жүзеге асырады;
  • Білім беру жүйесінің міндеттеріне сәйкес бастауыш мектептің оқу процесін кәсіби тұрғыдан жобалайды;
  • Инновациялық идеяларды әзірлеу, коммерцияландыру және бизнес жоспарлау пәндерінен игерген білімдерін магистрлік диссертация жазуда қолданады;
  • Академиялық адалдық мәдениетін ұстана отырып, зерттеу жұмыстарын ұйымдастырады;
  • Әлемдік және Қазақстандық білім беру сапасын, бағалау жүйелерін сараптайды;
  • Игерген теориялық білімдерін ғылыми тағылымдама мен практикалық іс-әрекетте жалпылайды.
Top