Жаңа білім беру бағдарламасы

7M04147 Іскерлік әкімшілендіру (Swiss-Sasem) в әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Білім беру бағдарламасының мақсаты - бизнес саласында заманауи білім мен дағдыларды меңгерген, үдерістер мен кадрлық активтерді басқаруға, компания стратегиясын қалыптастыруға, стратегиялық және жедел міндеттерді анықтай білуге және басқарушылық құралдарды қолдана отырып, оларға қол жеткізуге қабілетті жоғары буын менеджерлерін даярлау болып табылады.
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
  • Оқу мерзімі 1 год
  • Кредиттер көлемі 60
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M072 Менеджмент
  • Дайындық бағыты 7M041 Бизнес және басқару

Оқыту нәтижелері

  • маркетингтік, қаржылық және стратегиялық талдау нәтижелері негізінде компанияның даму перспективаларын анықтау
  • менеджменттің цифрлық трансформациясын ескере отырып, ұйым қызметінің стратегиясына, мақсаттарына, міндеттеріне және ішкі, сыртқы жағдайларына сәйкес өндірістік ағынды және логистикалық жүйені құру
  • маркетингтік, өндірістік және қаржылық талдау әдістерін қолдана отырып, бизнесті дамыту және кеңейту бойынша бизнес-жобаларды әзірлеу, жобаның іске асырылуы мен кірістілігін негіздеу
  • қаржы активтерінің тиімді құрылымын қалыптастыру, пассивтер мен қарыз қаражатының оңтайлы құрылымын белгілеу, ұйым ресурстары шығысының негізгі бағыттарын анықтау, қаржылық нәтижелер көрсеткіштерін бақылау
  • Business Intelligence заманауи құралдарын, Қаржылық талдау, цифрлық мркетингті дамыту, компания жұмысын оңтайландыру, шығындарды азайту және пайданы арттыру үшін Big Data әдістерін қолдану.
  • компанияның штаттық кестесін құру, лауазымын, қызметкерлердің жалпы санын және жалақы қорын анықтау
  • бизнестің негізгі функционалдық салаларымен байланысты жағдайлар мен процестерді талдау бойынша жүйені құру: компанияның даму стратегияларын әзірлеу және іске асыру, адамдарды және ұйымдарды басқару, қаржы, инновациялар, операциялар мен өзгерістерді басқару, жобаларды басқару
  • жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін құру, таза дисконтталған кірісті, рентабельділік индексін, кірістіліктің ішкі нормасын, жобаның өтелу мерзімін анықтау
  • мотивацияны, көшбасшылықты, топтық динамиканы, жанжалдарды басқаруды және жоғары корпоративтік мәдениетті және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін қоса алғанда, адам ресурстары мен ұйымдастырушылық тәртіпті тиімді басқарудың өзіндік моделін әзірлеу
  • қаржылық және бухгалтерлік есеп пен есептілік деректерін талдау және оларды экономикалық есептерді жүргізу және стратегияны іске асыру үшін қалыптастырылған ақпарат көздері ретінде пайдалану
  • жеке тұлғалық өсу бағдарламасын құру, ол өз бойында аспаптық, тұлғааралық, жүйелік, тұлғалық құзыреттіліктерді, басқарушылық дағдыларды – көшбасшылық, мақсат қою, шешім қабылдау, уақытты басқару жоспарлау көкжиегін жаһандық және тұрақты кеңейтуді ойлау қабілеті
  • жоба командасының басқа мүшелерімен тез және оңай байланыс орнату, өз көзқарасын сауатты баяндау және мәселелерді шешудің жолдары мен тәсілдерін ұсыну
Top