Жаңа білім беру бағдарламасы

7M01403 Көркем еңбек, графика және жобалау в Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

Пәндер

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша көркем шығармашылық саласындағы оқу үдерісін тиімді ұйымдастыруға қажетті өнер педагогикасы және заманауи педагогикалық әдістер мен технологиялар туралы білімді меңгереді;
  • Педагогика және психология ғылымын дамытудың теориялық-әдіснамалық негіздерін, басқару процестері мен оқыту әдістерін, психологиялық-педагогикалық зерттеулердің мәні мен мазмұнын меңгереді;
  • Ақпараттық, цифрлық, көркем еңбек, графика және жобалау саласындағы педагогикалық және жеке көркемдік-шығармашылық қызметтің нәтижелерін ғылыми зерттеу барысында талдауға, бағалауға және синтездеуге қабілетті; дизайн арт-жобаларын жасауда заманауи мультимедиялық технологиялар мен жаңа медианы пайдалану бойынша теориялық білім мен практикалық дағдыларды меңгереді;
  • Қазіргі заманғы ғылым философиясының өзекті мәселелеріне және сөйлеу коммуникациясының кәсіби негіздеріне бағдарланады;
  • Эксперименттік зерттеу жұмысын жоспарлайды, ұйымдастырады, ғылыми жобаның мәселелерін шешудің тәсілдерін анықтайды және бағдарлама мен әдіснаманы жасайды; диагностика, талдау және қорыту негізінде ғылыми зерттеулердің кешенді мониторингін жүзеге асырады.
  • Жаңа білімді дамытуда ғылыми зерттеулер арқылы әдістемелік және тұжырымдамалық білімдерді қолданады; технологиялық құжаттаманы құру, оның ішінде заманауи компьютерлік технологияларды енгізу, жобалау, ғылыми және білім беру қызметінде қолдану дағдыларын меңгереді;
  • Әлемдік мәдениеттің әртүрлі дәуірлеріндегі өнердің ерекшеліктерін анықтайтын ұғымдық аппаратты иелену, өнер түрлерінің жіктелуін білу; әлемдік және ұлттық мәдениеттің ерекше түрінде көрінетін әлеуметтік жүйенің құндылықтарын оқыту, қазіргі заманғы нарық талаптарына сәйкес келетін арт-жобалар жасау үшін визуалды өнер мен дизайн саласындағы қазіргі тенденциялар мен ағымдар туралы білімдерді меңгереді;
  • Білім беру мекемелерінде орындалатын ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі бағыттарының мазмұны мен міндеттерін және мамандандырылған ұйымдардағы басқару қызметтерін біледі;
Top