Жаңа білім беру бағдарламасы

8D01505 Математика в Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • математикалық білім беру саласындағы зерттеулердің барлық негізгі түрлерін сыни тұрғыда бағалап ғылыми пікірталастарға қатысады;
  • математика және математикалық білім беру саласындағы білімін тереңдетіп және зерттеу қабілеттерін жетілдіре отырып әдістемелік құзыреттілігін үздіксіз кеңейтеді
  • пәндік зерттеулер саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді және нәтижелерді коммерцияландыру жолдарын біледі;
  • ғылыми-ақпараттық мәтіндерді жазу ережелері мен қағидаларын сақтай отырып, ғылыми жұмыстарды жариялау үшін халықаралық рецензияланатын деректер базасы мен ресурстарды пайдаланады;
  • ғылыми қоғамдастық алдында баяндама жасай отырып, оқу және ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелерін ауызша түрде баяндай алады;
  • жоғары білім беруді дамытудың әлемдік үрдістері мен стратегияларын ескере отырып математикалық білім беру саласындағы ғылыми-әдістемелік мәселелерді шешеді және зерттеулер спектрін кеңейтуге өз үлесін қосады.
  • ғылыми-зерттеу және педагогикалық қызметте ақпараттық-коммуникациялық және цифрлық технологияларды пайдаланады.
  • Идеялар мен ақпаратты кем дегенде екі тілде тиімді жеткізе алады, командада жұмыс істей алады, көшбасшылық қасиеттерін көрсетеді, әр қатысушы өзін қабылдап, құрметтейтін және ұжымдық әлеуетті дамытуға ықпал ететін инклюзивті орта жасайды
  • Жоғары деңгейдегі сыни және креативті ойлау дағдыларын меңгерген, кәсіби міндеттерді шешу үшін өзін-өзі реттеуге және рефлексияға қабілетті
  • Цифрлық технологияларды зерттеу мен пайдалануда этикалық және құқықтық нормаларды білу мен сақтауды көрсетеді. Цифрлық ақпаратпен жұмыс істеу және деректерді қорғау кезінде қауіпсіздік шараларын қолданады, цифрлық ресурстарды белсенді, қауіпсіз және этикалық пайдалануға жәрдемдеседі.
Top