Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B07101 Автоматтандыру және басқару в Өмірхан Аймағамбетұлы Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Типтік әдістемелер бойынша инженерлік есептеулерді жүргізу және техникалық тапсырмаға сәйкес, жобалауды автоматтандырудың стандартты құралдарын қолдана отырып, жеке тетіктер мен буындарды жобалау.
  • Әртүрлі өндірістік нысандар үшін автоматтандырылған басқару жүйелерін әзірлеу және пайдалану бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.
  • Автоматтандыру саласындағы кәсіби мәселелерді шешу үшін пәнаралық контексттегі базалық математикалық, жаратылыстану-ғылыми, гуманитарлық, әлеуметтік-экономикалық және құқықтық білімдерін көрсету және қолдану.
  • Автоматтандырылған басқару жүйелері жабдықтарының жұмысқа жарамдылығына мониторинг жүргізуге қабілетті.
  • Автоматтандыру және басқару саласындағы білімдер мен түсініктерді, соның ішінде осы саладағы ең озық білім элементтерін көрсету.
  • Автоматтандыру жүйелерінің математикалық және физикалық модельдерін жасауға қатысу дағдысын көрсете білу. Теориялық және тәжірибелік зерттеудің нәтижелерін математикалық өңдеу әдістемесін қолдану.
  • Автоматтандыру және басқару, байланыс жүйелерінің жұмыс істеу сапасын талдау және жақсарту.
  • Басқару жүйелеріндегі математикалық модельдерді синтездеу үшін заманауи зияткерлік технологияларды пайдалануға қабілетті.
  • Өнеркәсіптік автоматика жүйелерінің электрлік және монтаждық схемаларын талдауға, сондай-ақ олардың монтаждалуын, бапталуын және пайдаланылуын іске асыруға қабілетті.
  • Команда құрамында жұмыс істей, ауызша және жазбаша түрде, соның ішінде шет тілінде тілдесе, тұлғааралық қарым-қатынаста және мәдениетаралық ортада өз көзқарасын, дүниетанымдық және азаматтық ұстанымын дұрыс қалыптастыра және дәйекті түрде қорғай, жаңа шешімдерді ұсына біледі.
  • Жұмыс орындарын ұйымдастыруға және оларды техникалық жарақтандыруға, технологиялық жабдықты өндіріс технологиясына, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау ережелеріне сәйкес пайдалану қабілеттілігін паш ету.
  • Кәсіби қызметінде әртүрлі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды: ғаламтор ресурстарын, ақпаратты іздеуге, сақтауға, өңдеуге, қорғау мен таратуға арналған бұлттық және ұтқыр қызметтерді қолдану.
Top