Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01514 География в Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Пәндер

  • Түрік тілі (А1)

    Бұл курс түрік тілінің бастапқы деңгейін оқуға арналған. Курстың мақсаты - "Шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық құзыреттеріне" сәйкес студенттердің А1 деңгейінде практикалық дағдыларын қалыптастыру. Курс студенттердің мәдениетаралық және коммуникативтік қарым-қатынасқа дайындығы мен қабілетін дамытуға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде студент нақты мәселелерді шешуге бағытталған таныс күнделікті сөздер мен қарапайым сөз тіркестерін түсінеді және қолданады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жалпы жертану

    Пән физикалық географиялық білімді қалыптастырады. Ғарыш әлемі мен Күн жүйесін, жердің пайда болуын құрамы мен құрлысын оның динамикалық қозғалысын үйретеді. Жер ғаламшарының қабаттарын олардың қалыптасуы мен дамуын және өзара байланысын физикалық-географиялық тұрғыдан зерттеудің әдістерін оқытады. Білім алушы оқыту құралдарымен жұмыс жасауда, білім беру ресурстарының кең мүмкіндіктерін қолдануды үйренеді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Мамандыққа кіріспе

    Пән география мұғалімі кәсіби қызметінің мазмұны мен оған дайындық жүйесін, сипаттамалары мен негіздерін, маңызды ұғымдарын, теориялық мәселелерін, негізгі бағыттарын қарастырады. Білім алушының мұғалім мамандығына деген оң көзқарасын қалыптастырады. Педагог қызметінің мәні мен ерекшелігін түсіне отырып, мұғалім тұлғасын қалыптастыруға қажетті бастапқы дағдысын игереді. Білім беру ресурстарын қолдану арқылы оқыту әдістері мен тәсілдерінің алғышарттарын меңгереді.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жас ерекшелік психологиясы

    Пәнді оқу аясында адамның психологиялық, жекелік даму деңгейлерін, олардың статистикалық даму нормаларына сәйкестігін, онтогенездегі әр түрлі өмір этаптарындағы адамның психикалық даму жолын болжау мен әр жастағы баланың дамуындағы интеллектуалдық, эмоционалдық және бейімділік қасиеттері мен қабілеттерін, білімді игертудің мүмкіндіктерін меңгертеді. Пәнді меңгерту нәтижесінде тұлға психологиясындағы түрткі, өзін-өзі бағалау, талаптану деңгейін анықтауды, диагностикалауды, білімді игерудің жасқа лайық мүмкіндіктерін ескере отырып іс-әрекетті ұйымдастыруға қабілетті.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Оқушылардың физиологиялық дамуы

    Пән мектеп жасындағы балалардың анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктеріне, даму заңдылықтарына қарай оқушы денсаулығын қорғау және қоршаған ортада бейімделу жолдарын меңгертеді, салауатты өмір салтын қалыптастыру, гигиена мен денсаулықты нығайту ережелерін көрсетеді. Пәнді меңгерген білім алушы педагогикалық үдерісте оқушылардың зияткерлік қабілет, танымдық әлеуетінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету әдістерін үйренеді, антропометриялық және медициналық әдістерді пайдаланып, бала ағзасына әсер ететін факторларды анықтайды.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Әлеуметтік, экономикалық және саяси географияға кіріспе

    Пән мемлекеттер мен аймақтардың өзіндік шараушылық ерекшеліктері туралы білімді қалыптастырады. Жер шарындағы елдердің экономикалық, экологиялық, әлеуметтік және саяси мәселелерін үйретеді. Білімгер табиғатпен қоғамның өзара қарым – қатынасы, географиялық орта мен өндіріс, мемлекет пен аймақтардың табиғат жағдайы мен ресурстарын меңгереді. Білім алушы заманауи ресурстарды қолданып, картографиялық материалдарды әзірлеп, экономикалық географиялық сипаттама қалыптастыруға дағдыланады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Түрік тілі (B2)

    Бұл курс академиялық B2 деңгейіндегі түрік тілінің негізгі стандартын үйренуге арналған. Курс техникалық (мамандандырылған) тақырыптарды қоса алғанда, түрік тіліндегі нақты және дерексіз тақырыптар бойынша күрделі мәтіндерді ұсынады. Курстың мақсаты-академиялық тілді жетілдіру. Пәнді оқу нәтижесінде студент әртүрлі тақырыптар бойынша түсінікті, егжей-тегжейлі мәтін құра алады, өз көзқарасын түсіндіре алады, тақырып бойынша әртүрлі көзқарастарды қолдай алады және оларға қарсы дәлелдер келтіре алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Педагогика

    Пән тұтас педагогикалық процессте оқытудың теориялық – әдістемелік негіздерін, қағидаларын, әдістері, формалары мен технологияларын, кәсіби педагогикалық іс-әрекет ретінде модельдеуді, оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру және оқу-тәрбие процесін басқару туралы түсінік қалыптастырады. Білім алушы пәнді меңгерту нәтижесінде білім беру мекемелеріндегі субъектілермен оқу және тәрбиелеу жұмыстарын атқаруға, оқу-танымдық іс-әрекетін қалыптастыруға, ғылыми, кәсіби міндеттерді шешуге, оқушылардың педагогикалық іс-әрекетін ұйымдастыруға қабілетті.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі

    Пәнді оқыту аясында тәрбие процесінің ғылыми негіздерін, теориясы, әдістемесі, заңдылықтары, принциптері, формалары, құралдары, тәрбие үдерісінде тұлғаның қалыптасуы, дамуы және тәрбие үдерісін жобалау, талдау, басқару мен ұйымдастыру туралы жалпы түсінік қалыптасады. Пәнді меңгерту нәтижесінде әр түрлі типтегі білім беру ұйымдарында сынып ұжымын қалыптастыру, сынып жетекшісінің қызметінің ерекшеліктерін білу, тәрбие жұмысының жоспарын құру, тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыру іскерлігі мен практикалық дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Жалпы геология

    Пән жердің құрылымы, оның даму тарихы мен эволюциясы, эндогендік және экзогендік процестердің қазіргі көріністері және адамның практикалық қызметіне әсері туралы білімді қалыптастырады. Білімгер жердің сыртқы және ішкі құрылымының ерекшеліктерін оқу барысында геохронологиялық және минералогиялық зерттеу әдістерін меңгереді. Білім алушы заманауи картографиялық ресурстарды қолданып, геологиялық процестерге далалық зерттеулерді жүргізуді үйренеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қорықтық жұмыстардың географиялық негіздері

    Пән табиғи ресурстарды қорғаудың географиялық негіздерін қалыптастырады. Курс табиғи ландшафтарды онда тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар дүниесімен коса сақтау, табиғат кешендерінің табиғи даму заңдылықтарын анықтауды меңгертеді Білім алушы мемлекеттік қорғауға алынған ерекше аумақтарды танып білуде географиялық мәліметтерді жинақтауда, табиғатты қорғау жұмыстарын іске асыруда далалық бақылауларды жүргізуге машықтанады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Инклюзивті білім беру

    Пән инклюзивті білім берудің қағидалары және теориялық, әдіснамалық негіздері, ерекше қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету және инклюзивті тәжірибе аймағында білім беруді ұйымдастырау туралы түсінік қалыптастырады. Пәнді меңгеру нәтижесінде білім алушы арнайы білім беруді қажет ететін, даму мүмкіндігі шектеулі балаларды құқықтық-нормативтік құжаттарға сүйене отырып қалыпты дамыған балалармен бірге әлеуметтендіру, дамыту, өмірге бейімдеу жолдарын көрсетіп, педагогикалық процесті ұйымдастыра алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Топырақ географиясы

    Пән жер бетінде топырақтардың таралу заңдылықтары мен топырақ түзуші факторлардың байланысын, топырақтардың кеңістікте ауысуын, олардың жер шарында немесе белгілі бір аймақта, кезектесіп орналасуын меңгертеді. Білім алушылар топырақ түзілуін, топырақты қорғау, топырақ қорларын тиімді пайдалану жолдарын анықтауда сандық ресурстарды қолдануды үйренеді. Білімгер топырақтарды тыңайту, мелиорация шаралары, бүлінген жерлерді қайта қалпына келтіру жолдарын анықтауда, далалық зерттеулерді жүргізуге машықтанады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Биогеография

    Пән жер шарындағы тірі организмдер мен олардың топтарының таралуы мен орналасу заңдылықтарын зерттейді. Курс өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік ету сипатын, олардың көп түрлілігін, тиімді пайдалану, қорғау, аудандастыру, мәселелерін қарастырады. Білім алушы жалпы әлем бойынша қазіргі кезде болып жатқан биологиялық және экологиялық өзгерістерді анықтауда пән аралық байланысты ескеріп, сабақ жүргізуге, далалық бақылау жасауға дағдыланады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ясауитану

    Пән ясауилік құндылықтармен таныстырады, академиялық, жеке, мәдени, кәсіби қатынастарда ғылым, діни төзімділік, адамдар қатынасы, құқығы туралы ясауилік ұстанымдарды қалыптастырады. Білім алушы ясауи мәдениетінің ерекшелігін түсініп, қоғамдағы әлеуметтік, этикалық, конфессиялық, мәдени ерекшеліктермен салыстыра біледі. Ясауи ілімінің түркі халықтарының ұлттық мәдениеті, діни түсінігіндегі маңыздылығын түсінеді, қоғамдық ынтымақ, бірлікке ұйытқы болатын «хикметтің» ұлт руханиятындағы орнын саралап, белсенді кәсіби, әлеуметтік қатынас орнату қабілеттерін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Картография және топография негіздері

    Пән картография және топография бойынша негізгі теориялық білімді меңгертеді. Жалпы географиялық және тақырыптық карталарда құбылысты бейнелеудің картографиялық тәсілдерін, карталар мен атластарды жалпылау және жіктеу дағдыларын қалыптастырады. Білім алушы карталардан қажетті ақпаратты оқып, картаға түсіру объектілері арасындағы кеңістіктік өзара байланысты сенімді түрде анықтайды. Игерген дағдылары бойынша ақпараттық ресурстардың кең мүмкіндіктерін қолдану арқылы топографиялық карталарды әзірлеуге машықтанады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Геоморфология

    Пән жер бедері туралы жалпы мəліметтермен жəне бедер түзуші факторларды, негізгі түсініктерді қалыптастырады. Эндогендік жəне экзогендік бедер түзілу үдерістердің өзара қарым-қатынасы жəне олардан қалыптасқан алуан түрлі бедер пішіндерімен таныстырады. Білім алушы геоморфологиялық зерттеу әдістерін жүргізуде, геоморфологиялық карта құрастыруда картографиялық ресурстарды қолданып, далалық зерттеулерді жүргізуге машықтанады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Топонимика

    Пән географиялық атаулардың негізгі топтары, олардың қалыптасуына ықпал ететін факторлар, топонимиканың теориялық негіздері, зерттеу әдістері туралы білімді қалыптастырады. Қазақстан Республикасының түрлі аймақтарындағы географиялық атаулардың шығу тегі, мағынасы, өзгеруі туралы білімді меңгертеді. Білім алушы топонимикалық сөздіктермен және картографиялық материалдармен жұмыс жасап,жергілікті жерде өз бетінше топонимикалық зерттеулер жүргізуге дағдыланады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Метеорология және климатология

    Пән планетамыздың ауа-райы мен климатын қалыптастыратын физикалық, химиялық процестер туралы білімді қалыптастырады. Білім алушы жер климатының қалыптасуын, табиғи ауытқуын, қазіргі кезеңдегі антропогендік факторлардың рөлін анықтайтын астрономиялық, геофизикалық және географиялық факторларды зерттеуде білім беру ресурстарының кең мүмкіндіктерін қолдануды үйренеді. Білімгер күнделікті синоптикалық карталар мен спутниктік суреттерді қолдана, отырып алғашқы метеорологиялық ақпаратты талдауда картографиялық ресурстарды қолдануды үйренеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Рекреациялық география

    Пән мемлекетіміздің рекреациялық шаруашылығының даму деңгейін олардың алғы шарттарын, қоршаған ортаны қорғаудың жолдарын қалыптастырады. Рекреациялық ресурстарды, әр аймақтың рекреациялық мүмкіншіліктерін экономикалық, экологиялық тұрғыдан тиімділігін меңгертеді. Білім алушы өз аймағындағы рекреациялық орталықтардың даму жағдайлары мен мүмкіндіктерін зерттеу үшін картографиялық ресурстарды қолдануды үйренеді. Білімгер рекреациялық маршруттарды құрап, аумақтарды рекреациялық аудандастыруда және оларды тиімді пайдалануда далалық зерттеулер жүргізеуге дағдыланады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Түркі мемлекеттер тарихы

    Пән студенттердің дүниежүзілік тарихи үдерісте түркі халықтары мен мемлекеттерінің орны мен рөлі туралы біртұтас түсініктерін қалыптастыруға, студенттердің тарихи ақпаратты іздеу, жүйелеу және жан-жақты талдау дағдыларын меңгеруге, өткен мен бүгінгі күннің тарихи процестерінің мән-жайын түсінуге, ақиқатқа бағдарланған өзіндік ұстанымдарын қалыптастыруға, азаматтық, отаншылдық, ұлттық бірегейлік, ұлтаралық және дінаралық толеранттылық көзқараста тәрбиелеуге бағытталған.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Туризм және өлкетану негіздері

    Пән туризм дамуының тарихын, туризмнің негізгі термині мен оған қатысты ұғымдарды қалыптастырады. Туған өлке табиғатының ерекшеліктерін, рекреациялық ресурстарын, туристік нысандарын туристік мүмкіндіктерін меңгертеді. Білімгерлерді туған өлкені ғылыми және жан-жақты тануға баули отырып, өңірлердің табиғатымен, туристік көрікті жерлерімен таныстырады. Білім алушы туристік рекреациялық аймақтарға саяхат жасаудың маршруттарын жасауды ұйымдастыруда туған өлкесінің туристік мүмкіндіктерін бағалауды мониторинг жасауды үйренеді және заманауи зерттеу әдістерін қолдануға дағдыланады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Географияны оқыту әдістемесі

    Пән географияны ғылым ретінде оқыту әдістемесінің негіздерін ұйымдастыру формаларын үйретеді. Географияны оқыту әдістері мен тәсілдерін, құралдарын зерттеу бойынша білімдерін қалыптастырады.Курс педагогикалық зерттеу әдіснамасы, ақпаратты өңдеу және қазіргі кезеңдегі әдістемелік ғылымды дамыту бағыттары мәселелерімен таныстырады. Білімгер оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесін меңгеріп, сабақ жоспарларын жасауды үйренеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ата-түрік принциптері

    Пән Түркияның тарихи дамуы туралы жан-жақты түсінік қалыптастырады, тарихи ақпарат жинау, талдау және жалпылау дағдыларын дамытады, Ататүрік принциптерін ғылыми тұрғыда бағалауды оқытады. Білімгер дүниежүзілік-тарихи процесс контекстінде Түркия тарихының негізгі заңдылықтары, кезеңдері мен мазмұны туралы білім алады, студенттердің шығармашылық қабілеті мен пайымдау еркіндігін қалыптастырады, кәсіби қызметінде Ататүріктің тарихи-мәдени және рухани құндылықтарын сақтау принциптерін қолдануға дағдыланады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Жалпы гидрология

    Пән табиғи сулардың негізгі химиялық жəне физикалық қасиеттерін, əртүрлі типтегі су объектілеріндегі гидрологиялық процестердің физикалық заңдылықтары – мұздықтар, жер асты сулары, өзендер, көлдер, су қоймалары, батпақтар, мұхиттар мен теңіздерді оқытады. Білім алушы құрлықтағы су объектілерінің морфологиялық құрылымының параметрлерін, ағын сипаттамаларын, баланстық көрсеткіштерін анықтауда сандық картографиялық ресурстарды қолдануды үйренеді. Білімгер су ресурстарын зерттеудің негізгі әдістерін меңгеріп, далалық бақылау жұмыстарын жүргізуге дағдыланады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Академиялық жазбаға кіріспе

    Пән әртүрлі санаттағы академиялық жұмыстарды (essay, report, etc) оңтайлы жазу үшін қажетті дағдылар мен біліктерді қалыптастырады. Пән білімгерлерге жазбаша сөйлеудің жанрлық, грамматикалық, стилистикалық және пунктуациялық ерекшеліктерін түсіндіріп, академиялық жазба жұмыстарды қатесіз жазу әдістерін үйретеді. Академиялық жазбалар әзірлеуде әлемдік дерек базаларын және ғылыми журналдардың онлайн жүйелерін пайдалану дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • География оқулықтарының құрылымы мен мазмұны

    Пән географиялық оқулықтардың негізгі компененттері мен мазмұнын, дидактикалық функцияларын, оқулықтарға қойылатын талаптарды, принциптерді, ерекшеліктерді, оқулықпен оқушылардың оқу жұмысын ұйымдастыруды зерттейді. Білімгер ғылыми және педагогикалық теориялық білімдерін зерттеулермен байланыстырады, оқу пәнінің мазмұны мен оқулық құрылымы негізінде сабақ жоспарын құруды үйренеді. Оқулықтағы ақпараттық материалдарды игереді, өз бетінше талдайды, географиялық-педагогикалық зерттеулер жүргізеуге машықтанады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Жаратылыстану пәндерін оқытудың технологиялары

    Пән жаратылыстану пәндерін оқытуда біртұтас жүйелі және мақсатқа сәйкес қазіргі заманғы технологияларды, олардың жіктелуін және құрылымын, мазмұнын айқындайтын негізгі тұжырымдамаларды оқытады. Білімгер сабақты жоспарлауда педагогикалық және инновациялық технологияларды таңдау мен қолдануды үйренеді. Шығармашылықпен ізденіс нәтижесінде географиялық-педагогикалық зерттеулер жүргізуді үйренеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Дүние жүзінің жалпы физикалық географиясы

    Пән дүние жүзіндегі материктер мен мұхиттар туралы жалпы физикалық географиялық білімді қалыптастырады.Курс жердің планеталық заңдылықтарын және олардың пайда болуы, қалыптасуы, таралуының аймақтық жағдайларының табиғи ландшафтарын оқытады. Әрбір материктердің физикалық географиялық ерекшеліктерін және мұхиттардың экологиясы олардың табиғи ресурстарын тиімді пайдалану жолдарын меңгертеді. Білім алушы оқыту, зерттеу географиялық номенкулатурамен жұмыс жасауда географиялық мәліметтерді жинақтап, картографиялық материалдарды әзірлеуді үйренеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Географияның өзекті мәселелері

    Пән физикалық, әлеуметтік-саяси және экономикалық географияның негізгі мәселелері туралы білімді қалыптастырады. Курс табиғи процестердің динамикасын, мұхит суларының жағдайы мен циркуляциясын, шаруашылықтағы өзгерістер, ауа мен судың ластануы, шөлдің таралуы, топырақтың тұздануы тағы басқа мәселелерді меңгертеді. Білім алушылар география пәніндегі жүйелі тәсіл және оның заңдылықтар туралы білімдерді игеруде географиялық мәселелерге қатысты мәліметтерді жинақтауда сандық ресурстарды қолданып зерттеулер жүргізуге дағдыланады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Түркі тілдес елдердің географиясы

    Пән түркі тілдес мемлекеттердің әлемдегі орнын бағалауға, олардың дамуындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды ашуға және елдер арасындағы ынтымақтастықтың өзара байланысы туралы білімді қалыптастырады. Түркі әлеміндегі геосаяси, геоэкономикалық, геоэкологиялық проблемаларды шешуге, елдер арасындағы интеграцияның даму перспективаларын болжауды үйретеді. Білім алушы өңірдің әлеуметтік экономикалық-географиялық мәселелерін анықтауда, білім беру ресурстарының кең мүмкіндіктерін қолданып, экономикалық географиялық сипаттама қалыптастыруға машықтанады

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Экономика, кәсіпкерлік және бизнес негіздері

    Пән экономикалық білімді қалыптастырады, кәсіпкерлік жүргізудің ғылыми негіздерін зерттейді. Кәсіпкерлік іс-әрекетті меңгеру барысында білімгер цифрлық технологияларды қолдана отырып мәліметтерді жинақтайды, бизнестің қыр сырын меңгере отырып, өз бетінше басқарушылық мәселелерді шешеді, алдында тұрған мақсаттарға қол жеткізу дағдыларын қалыптастыру арқылы көшбасшылық қабілетін көрсетеді. Білім алушы кәсіпті жүзеге асыру әдістерімен танысады, бизнесті ұйымдастыру мен басқару шешімдерін қабылдауға дағыдаланады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Халықтар географиясы

    Пән дүние жүзіндегі халықтың ұлттық және діни құрамын, этнодемографиялық процестерді, өңірлердегі, субөңірлердегі және елдердегі ұлтаралық, конфессияаралық қақтығыстарды және олардың экономикалық және әлеуметтік дамуын меңгертеді. Білім алушы жекелеген елдердің халқының демографиялық дамуы көрсеткіштерін анықтауда сандық ресурстарды қолдануды меңгереді. Білімгер әлемнің өңірлері мен жетекші елдерінің географиялық ерекшеліктерімен және демографиялық проблемаларымен танысуда географиялық мәліметтерді жинақтап зерттеу жүргізуді үйренеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Халықаралық экономикалық байланыстар географиясы

    Пән экономикалық қатынастардың аса маңызды нысандары халықаралық сауда, жұмыс күшінің көші-қоны, капитал айналымы, халықаралық несие, халықаралық валюталық қатынастары, халықаралық ғылыми-техникалық және өндірістік ынтымақтастықты меңгертеді. Білім алушы Қазақстанның халықаралық байланыс жүйесіндегі интеграциялану, халықаралық географиялық еңбек бөлінісі жүйесіндегі орнын, халықаралық компаниялардың құрылуы, халықаралық саудадағы орны мен рөлі анықтап меңгеруде географиялық мәліметтерді жинақтап, зерттеулер жүргізуді үйренеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері

    Пән сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және академиялық адалдықты тарихи, сондай-ақ қазіргі заманғы мәтіндерде қалыптастырады, сыбайлас жемқорлықтың туындауының әмбебап мәнін, табиғатын, орнықтылығының себебін ашады. Білім алушы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, мәдени, адамгершілік-этикалық аспектілері бойынша материалдарды цифрлық технологиялар көмегімен жинау, талдау және ситуациялық міндеттерді өз бетінше немесе командада шешу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті дербес ұйымдастыру дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Қазіргі дүние географиясы

    Пән қазіргі дүние жүзіндегі өзгерістер, экономиканың ғаламдануы мәселелері аясында экономикалық географиялық құбылыстардың өзара байланысын, қазіргі кездегі үрдістердің себеп-салдарын анықтаудың дағдыларын қалыптастырады. Курс елдердің типтерін, халыкаралык катынастар мен жаһандану жағдайындағы әлеуметтік, саяси және экономикалык процестердің сипатын меңгертеді. Білім алушылар қазіргі дүние жүзіндегі адамзаттың ғаламдық проблемаларын меңгеру барысында географиялық мәліметтерді жинақтап, картографиялық материалдарды әзірлеуге дағдыланады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Көшбасшылық теориясы

    Пән көшбасшылық қасиеттерді, стильдерді, әсер ету әдістерін тиімді қолдану арқылы адамдардың мінез-құлқы мен өзара әрекетін тиімді басқару әдістемесі мен практикасын қарастырады. Пән мамандарды іргелі даярлаудың алғышарты болып табылады және қызметтің белгілі бір принциптерін талап ететін өзінің күшті жақтары мен қоршаған ортаның мүмкіндіктерін ұтымды пайдалануға қабілетті, шығармашылық белсенді тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз етуге арналған.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Саяси география геосаясат негіздерімен

    Пән саяси-географиялық және геосаяси процестерді талдау, мемлекеттік шекараларды құрудың теориясы мен практикасы, мемлекеттік құрылым нысандарының ерекшеліктері және әкімшілік-аумақтық бөліну саласындағы теориялық білім мен практикалық дағдыларды қалыптастырады.Білім алушы ғылыми зерттеу әдістері негізінде қоғамның саяси өмірін жаһандық, өңірлік және жергілікті деңгейде ұйымдастырудың ерекшеліктерін анықтауда заманауи әдістер мен жабдықтарды қолдануды үйренеді. Мемлекеттің саяси өміріндегі оқиғаларды саралап, экономикалық географиялық сипаттамасын қалыптастыруды үйренеді

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Экология және өмір қауіпсіздігі

    Пән экологиялық танымды қалыптастырады, қоршаған ортаның жай-күйін және қауіпті факторлардың адамға әсер ету дәрежесін бағалау және табиғатты ұтымды пайдалану аспектілерін қолдануды үйретеді. Курс барысында білімгер экологиялық проблемалар бойынша мәліметтерді цифрлық технологияларды қолдана отырып жинауға, оларды сыни көзқараспен талдауға, өз бетінше шешімдер қабылдауға машықтанып, экологиялық қағидаттарды сақтай отырып, командада жұмыс істеу қабілеттілігін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Елтану

    Пән жекелеген аймақтар әлем елдері және олардың бөліктерінің табиғатын, экономикасын, әлеуметтік саяси жағдайын біртұтас аумақтық күрделі жүйе ретінде меңгертеді Курс елдердің дамуы және аймаққа кешенді елтанулық сипаттама беру икемділігі мен дағдыларын қалыптастырады. Білім алушы елдің және аймақтың орналасу ерекшеліктерін айқындауда географиялық мәліметтерге арқылы физикалық-географиялық, әлеуметтік-экономикалық байланыстарын сипаттауда картографиялық материалдарды әзірлеп,экономикалық географиялық сипаттама қалыптастыруды үйренеді. Мемлекеттерге елтанулық сипаттама беруде замануи әдістермен жабдықтарды қолдануды меңгереді

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Дүние жүзінің экономикалық және әлеуметтік саяси географиясы

    Пән бүкіл әлемнің, оның жекелеген елдерінің геосаяси және әлеуметтік жағдайы, әлеуметтік-экономикалық проблемаларды, географиялық тұрғыдан қарастыруға бағытталған. Экономика мен халықтың орналасуы мен даму заңдылықтары туралы білімді қалыптастырады. Курс елдердің саяси, әлеуметтік, экономикалық даму мәселелерін үйретеді. Білім алушы елдердің халықаралық географиялық еңбек бөлінісі жүйесіндегі орнын, экономикалық аудандастыру ерекшеліктерін, экономикалық байланыстарды, жаһандық интеграция тенденцияларын қарастыруда, экономикалық географиялық сипаттама қалыптастыруды, ғылыми зерттеу әдістерін үйренеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақстаның экономикалық және әлеуметтік географиясы

    Пән Қазақстанның әлеуметтік экономикалық саяси жағдай туралы білімді қалыптастырады. Курс еліміздің табиғи ресурстарын тиімді пайдалану қорын сақтау жолдарын, өнеркәсібін, ауыл шаруашылығын, инфрақұрылымын, сыртқы экономикалық байланыстары халықтың әлеуметтік жағдайын, табиғи өсімі мен еңбек ресурстарын демографиялық проблемаларын меңгертеді. Білім алушы білім беру ресурстарының кең мүмкіндіктерін қолданып, халықтың әлеуметтік жағадйын бағалауды мониторинг жасауды үйренеді

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Геоэкономика

    Пән геоэкономика, геоэкономикалық процеске әсер ететін принциптер мен факторлық құбылыстың қалыптасуының теориялық негіздерін, заңдылықтарын қалыптастырады. Курс геоэкономикалық аймақтардың дамуын болжау әдістемесін қолдануға, экономикалық сипаттағы қорытындылар мен ұсыныстар жасауға үйретеді. Білім алушы талдау және жүйелі бағалау жүргізу үшін фактологиялық деректерді пайдалана отырып, макро-, мезо- және микро- деңгейлердегі экономикалық дамудың стратегиялық және тактикалық мақсаттарын анықтауда білім беру ресурстарының кең мүмкіндіктерімен заманауи сандық ресурстарды қолдануды үйренеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Дүние жүзінің табиғат ресурстары

    Пән табиғат пен қоғамның қазіргі заманғы өзара іс-қимылы аясында табиғи орта мен ресурстарды қорғау жөніндегі стратегияларды, тұжырымдамаларды, дербес және ұжымдық ұсынымдарды әзірлеу бойынша дағдыларды қалыптастырады. Курс табиғи жағдайлармен ресурстарды ұтымды пайдалануға және өңірлердің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуді үйретеді. Білімгер пайдалы қазбаларды өндіру көлемін төмендетуге арналған табиғатты қорғау іс шараларын жобалауда географиялық аймақтық жүйелердің өзгеруіне сәйкес картографиялық материалдарды әзірлеуді, заманауи әдістермен жабдықтарды қолданып ғылыми далалық зерттеу жасауды үйренеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қазақстанның физикалық географиясы

    Пән физикалық географиялық ұғымдарды, білімді қалыптастырады. Курс Қазақстан жерінің зерттелу тарихын, даму кезеңдерін, геологиясын, тектоникасын рельефтің негізгі түрлерін, гидрометеорологиялық жағдайларын және антропогендік факторлардың табиғи кешендерге әсерін меңгертеді. Білім алушы еліміздің физ-географиялық жағдайындағы өзекті мәселелерін экологиялық жағдайын және оларды шешу жолдарын анықтау үшін географиялық сандық мәліметтерді қолданып, далалық бақылауларды жүргізуге машықтанады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қызмет көрсету географиясы

    Пән халықтың қажетін өтеу саласы мекемелерінің қызмет көрсету көлемін, сапасын және құнынын, дамуы мен қалыптасу заңдылықтарын сервис индустриясын аумақтық ұйымдастыру дағдыларын қалыптастырады. Курс әртүрлі дәрежедегі сервистік салалар мен аумақтық әлеуметтік-экономикалық жүйелердің өзара іс-қимылын меңгертеді. Білім алушы кәсіпкерлік қызмет пен адамдардың өмірінің оңтайлы жағдайларын қамтамасыз етудегі сервис индустриясының орны мен рөлін анықтауда,терең білім мен дағдыларын және заманауи сандық ресурстарды пайдалануды үйренеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Географиядағы ақпараттық жүйе

    Пән кеңістіктік ойлау дағдыларын, оларды зерттеу және басқару мақсатында нақты әлем объектілерінің кеңістіктік модельдерін құру қабілеттерін қалыптастырады. Курс геоақпараттық технологиялар саласындағы базалық білімді шоғырландыруға және кеңейтуге ықпал етеді. Білім алушы геоақпараттық технологиялар саласындағы жаңа жетістіктермен геоақпараттық жүйелер класының заманауи бағдарламаларымен жұмыс істеудің практикалық дағдыларын қалыптастыруда заманауи, сандық картографиялық ресурстарды географиялық аймақтық жүйелердің өзгеруіне сәйкес картографиялық материалдарды әзірлеуде қолдануды үйренеді

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Географиялық зерттеу әдістері

    Пән, физикалық және экономикалық география салалары бойынша жаңа және заманауи зерттеу әдістерін, мектеп географиясының жаңартылған мазмұнына сәйкес табиғи және әлеуметтік-экономикалық үрдістермен құбылыстарды тереңдетіп оқытудағы салыстырмалы, сандық, географиялық сараптау,сараптамалық бағалау, аудандастыру, үлгілеу, болжау әдістерінің маңызын қарастырады. Білім алушы географиялық зерттеу әдістерін меңгеру барысында картографиялық ресурстарды қолдануды үйренеді. Экономикалық географиялық зерттеу әдістері бойынша салыстырмалы, сандық зерттеулерді меңгергенде білім беру ресурстарының кең мүмкіндіктерін қолдануды үйренеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Дүние жүзінің шаруашылық географиясы

    Пән жалпы дүние жүзінің, сонымен қатар оның жеке аймақтары мен елдерінің халқы мен шаруашылығының орналасу және даму заңдылықтарын меңгертеді.Курс адам мен қоғамның өзара іс- әрекетін, адамзаттың ғаламдық проблемаларын және халықаралық қатынастарды қазіргі кезеңдегі әлемнің жалпы даму сипатын үйретеді. Білім алушы елдердің, өңірлер мен аудандардың өндіргіш күштерін, әлем экономикасының құрылымына қолдануда географиялық аймақтық жүйелердің өзгеруіне сәйкес картографиялық материалдарды әзірлеуді, заманауи әдістермен жабдықтарды қолданып, ғылыми зерттеулерді жүргізуді үйренеді

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Геоэкология және табиғатты қорғау

    Пән ландшафттық-геоэкологиялық жобалау, мониторинг және сараптама әдістерін меңгере отырып, жаһандық және өңірлік геоэкологиялық мәселелерді шешу білімін мен іскерлігін қалыптастырады. Курс табиғи-техногендік жүйелердің жұмыс жасауының геоэкологиялық аспектілерін қарастырады. Білім алушы геохимиялық және геофизикалық зерттеу әдістерін және жалпы геоэкологиялық картографиялау әдістерін меңгеруде терең білімін дағдыларын қолданып, заманауи әдістер арқылы ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге дағдыланады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Географиялық аймақтық жүйелердің өзгеруіне сәйкес картографиялық материалдарды әзірлеп, экономикалық географиялық сипаттамасын қалыптастырады.
  • Интернационалдық ортада мемлекеттік және шетел тілдерінде кәсіби, академиялық, ғылыми және әлеуметтік қарым-қатынастар орнатады
  • Білім беру ресурстарының кең мүмкіндіктерін қолданып, оқытудың инновациялық технологиялары мен пән аралық байланыстарды ескеріп, сабақтар жүргізеді.
  • Оқыту және тәрбиелеу процестерінде оқушылардың әлеуметтік, жеке, инклюзивтік қажеттіліктерін ескеріп, басқару шешімдерін қабылдауға қабілетті
  • Зерттелетін салада мәліметтерді жинақтау және сыни көзқараспен талдау нәтижесінде өз бетінше шешімдер қабылдау арқылы көшбасшылық қабілетті қалыптастырады
  • Оқушылардың психофизиологиялық және жас ерекшеліктерін ескеріп, педагогикалық процестерді ұйымдастырады
  • Географиялық мәліметтерді жинақтауда, заманауи, сандық картографиялық ресурстарды қолданады
  • Белгіленген мақсатына сәйкес, тиісті оқыту әдістері мен тәсілдерін, құралдарын анықтай отырып, білім алушылардың ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескеріп, сабақ жоспарларын жасайды.
  • Кәсіби қызметінде ғылыми зерттеу әдістерін, академиялық жазба негіздерін, академиялық адалдық принциптері мен мәдениетін қолданады
  • Кәсіби қызметінде қоғамның рухани құндылықтарын және экономикалық, экологиялық, құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қағидаттарын сақтайды
  • Критериалды бағалау жүйесін әзірлеп, білім алушылардың оқу жетістіктеріне мониторинг жүргізеді.
  • Заманауи әдістермен жабдықтарды қолдана отырып, ғылыми-педагогикалық, далалық зерттеулерді жүргізеді
Top