Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M07201 Мұнай-газ ісі в әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Оқу бағдарламасы мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану, мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау және оларға техникалық қызмет көрсету саласындағы, мұнай және газ өнеркәсібін тұрақты дамыту үшін заманауи теориялар мен зерттеу әдістерін қолдана алатын, ауыр мұнайлардың бергіштігін жоғарылататын, мұнай және газ кен орындарын игерудің сандық модельдеу әдістерін қолдана алатын, сондай-ақ мұнай-газ кәсіпорындарын басқару және ресурстарды рационалды түрде пайдалану білетін магистрлерді дайындауға бағытталған.
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 2 года
  • Кредиттер көлемі 120
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M115 Мұнай инженериясы

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • игеру, бұрғылау, өндіру, барлау, мұнай бергіштігін артыру, ұңғыма өнімдерін дайындау және мұнай мен газды тасымалдау саласындағы күрделі мұнай-газ мәселелерін анықтау, тұжырымдау және шешу;
  • мұнай-газ машина жасау саласындағы инженерлік практика мен қолданбалы зерттеулерге қажетті әдістерді, дағдыларды және заманауи құралдарды пайдалану;
  • қазіргі заманғы өндіріс технологияларын қолдану, мұнай және газ өндірісіндегі процестерді басқару, игеру және енгізу;
  • мұнай мен газды өндіру және мұнай мен газды тасымалдау үшін жаңа инновациялық технологиялық процестер мен жабдықтарды жобалау және игеру;
  • ұңғымаларды бұрғылау және пайдалану, әртүрлі типтегі қабаттардан мұнай және газ өндіру жобаларын игеру;
  • кеуекті ортадағы процестердің үлгілерін жасау, қабаттардан мұнай алу процесінің тиімділігін арттыру үшін қабылданған шешімдерді салыстыру.
  • мұнай және газ өнеркәсібінде қолданылатын мәліметтердің әртүрлі түрлерін біріктіру арқылы мұнай және газ өндіру мәселелерін шешу;
  • мұнай-газ инженериясындағы қолданыстағы теорияларды, әдістерді өз бетінше талдау және осы саладағы практикалық және теориялық мәселелермен жұмыс істеу;
  • көшбасшылық және сендіру дағдыларын көрсету, сондай-ақ техникалық және техникалық емес қарым-қатынас шеңберінде, оның ішінде шет тілдік ортада тиімді жұмыс істеу және өзара әрекеттесу;
  • жабдықты пайдалану әдістері мен техникалық қызмет көрсету технологияларын жетілдіру;
  • кәсіби қызметтегі инновациялық шешімдердің техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу;
  • жаңа технологияларды, жабдықтарды енгізу кезінде мүмкін болатын инновациялық тәуекелдерді талдау;
Top