Жаңа білім беру бағдарламасы

6B02267 Түркітану в Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Интернационалдық ортада мемлекеттік және шетел тілдерінде кәсіби, академиялық, ғылыми және әлеуметтік қарым-қатынастар орнатады.
  • Әдебиет теориясының тың бағыттары мен концепцияларының негізінде түркі халықтарының көркем шығармаларын әдеби тұрғыдан саралап, зерттелетін өзекті мәселелерді анықтайды.
  • Кәсіби қызметінде қоғамның рухани құндылықтарын және экономикалық, экологиялық, құқықтың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қағидаттарын сақтайды.
  • Қазіргі түркі тілдерінің фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік, лексикалық ерекшеліктеріне сипаттама береді.
  • Түркітану ғылымының даму тарихы, теориясы, әдіснамасы негізінде түркі халықтарының мәдени ескерткіштері мен қайнар көздеріне сүйене отырып, түркі әлемінің тілдік концепциясына байланысты ой тұжырымдайды.
  • Түркологияға байланысты көне және ортағасырлық дереккөздерді қолданып, тарихи жәдігерлерді зерттеудің маңызды бастамасына, түркі әлемінің тарихы мен танымын зерттеуге өз идеяларын ұсынады.
  • Қараханидтер кезеңіндегі жазба ескерткіштердің, ортағасырлық жазба мәтіндердің транслитерациясын түзеді.
  • Зерттелетін салада мәліметтерді жинақтау және сыни көзқараспен талдау нәтижесінде өз бетінше шешімдер қабылдау арқылы көшбасшылық қабілетті қалыптастырады.
  • Көшпелілер мәдениетінің даму ерекшеліктерін, түркі тілдерінің тарихи кезеңдерін және қыпшақ, оғыз, қарлұқ тіл топтарынының ерекшелену процестерін талдайды.
  • Түркі халықтарының грамматикасы, лексикасы, лингвомәдениеттану және этнолингвистика саласы бойынша салыстырмалы зерттеулер жүргізеді.
  • Кәсіби қызметінде ғылыми зерттеу әдістерін, академиялық жазба негіздерін, академиялық адалдық принциптері мен мәдениетін қолданады.
Top