Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B07104 Өнеркәсіптік кәсіпорындардың және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының нысандарының жылуэнергетикасы в Қарағанды индустриялық университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Жылу-механикалық жабдықты қауіпсіз, сенімді және үнемді пайдалануды, жүктеменің диспетчерлік кестесін орындауды, тұтынушыларды үздіксіз жылумен жабдықтауды, жіберілетін жылу энергиясының нормативтік сапасын сақтауды қамтамасыз ету
  • Энергиямен қамтамасыз ету жабдықтарын, үйішілік электр желілерін, газ құбырларын, құбыржолдары мен жылу желілерінің арматураларын пайдалану, олардың сенімді, үздіксіз, авариясыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету
  • Энергия ресурстарын пайдаланудың энергия тиімділігін арттыру мақсатында энергиямен жабдықтау жүйелерін қайта жаңарту және жаңғырту жөнінде ұсыныстар әзірлеу
  • Жылутехникалық жабдықтар жұмысының техникалық көрсеткіштерін, кәсіби қызметтегі жаңа технологиялардың рөлі мен маңызын талдау
  • Өндірістік учаскелерде еңбекті қорғауды, Өрт, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жағдайды бағалау және шараларды анықтау
  • Ғимараттар мен құрылыстардың тіршілігін қамтамасыз ететін желілер мен жабдықтардың – жылу трассалары мен инженерлік желілердің жұмысын ұйымдастыру
  • Кәсіби қызметтегі міндеттерді шешу үшін жаратылыстану пәндерінің негізгі заңдарын қолдану
  • Тұлғааралық, мәдениетаралық және кәсіби қарым-қатынас міндеттерін шешу үшін мемлекеттік, орыс және шет тілдерінде ауызша және жазбаша коммуникацияларды құру
  • Өнеркәсіптік кәсіпорындар мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықта энергия үнемдеу және "жасыл" энергетика саласындағы озық отандық және шетелдік тәжірибені пайдалану
  • Кәсіби қызметті ұйымдастыру үшін экономика, менеджмент, маркетинг және құқық саласындағы білімді тәжірибеде қолдану
  • Кәсіптік қызметте сұйықтықтар мен газдардың қозғалысы заңдары мен жылулықты тасымалдау процестерінің іргелі және қолданбалы заңдарының негіздерін қолдану
  • Салауатты өмір салтына, өзін-өзі жетілдіруге және кәсіби табысқа бағытталған өзінің дүниетанымдық, азаматтық және адамгершілік ұстанымдарын көрсету
  • ЖЭС жылу-механикалық жабдығының қауіпсіз, сенімді және үнемді жұмысын қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық, пайдалану және техникалық құжаттаманы әзірлеу
  • Кәсіби қызмет саласының заманауи тенденциялары мен трендтеріне назар аудара отырып, жеке және кәсіби өсуге қабілетті болу
  • Деректерді өңдеу, ұсыну, беру және сақтау үшін ақпараттық технологияларды пайдалану, технологиялық процестер мен аппараттарды жобалау, талдау, модельдеу және оңтайландыру үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдану
Top