Жаңа білім беру бағдарламасы

6B01721 Шетел тілі: екі шетел тілі в Лев Николаевич Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Пәндер

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • шетел тілін дамыту тенденциясы туралы білімді; фонетикалық, грамматикалық, лексикалық және стилистикалық деңгейлерде шет тілінің құрылымын білу; ҚР және шет тілді елдердегі тіл саясатының ерекшеліктерін білу; мұғалім кәсібінің әлеуметтік маңыздылығын білу; білім беру саласы, оқу процестері және мұғалім кәсібі туралы білімге ие болу; ғылыми, педагогикалық және лингвистикалық зерттеу әдістерін қолдану; әр түрлі функционалды стильдерді тану; көркем мәтінге стилистикалық талдау жүргізу; ауызша және жазбаша сөйлеуде заманауи фразеологиялық қорды қолдану
  • Жеке, мәдени тұрғыдан және кәсіби қарым-қатынас бағыттарындағы мәселелерді шешуде ауызша және жазбаша түрде қазақ, орыс және шет тілдерінде байланыс жасау.
  • шетел әдебиеті дамуының негізгі кезеңдерін және қазіргі әдеби процестердің заңдылықтарын білу; шетелдік және қазіргі заманғы туындылардың тақырыптары мен көркемдігін, өнер туындыларының тәрбиелік бағытын тану; мәдениетаралық қарым-қатынас негіздері туралы білімдерін шет тілінің өкілдерімен қарым-қатынаста қолдану; шет тілі мәдениетіндегі тілдік және мәдени тосқауылдарды жеңу; өлкетанудың негізгі ережелерін және аймақтық ақпарат көздерін пайдалану; тіларалық және мәдениаралық айырмашылықтарды бағдарлау; ғылым дамуының негізгі кезеңдерін білу; жалпы ғылыми және арнайы зерттеу әдістерін қолдану; ғылыми зерттеулердің нәтижелерін педагогикалық қызметке енгізу
  • Ақпараттарды іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және таратуда цифрлық технологияны, әртүрлі ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану және тіршіліктің әртүрлі салаларында кәсіпкерлік білімді қолдана білу.
  • Әлемдік көзқарасты қалыптастыруда философиялық білімді қолдана білу, сонымен бірге азаматтық ұстаным қалыптастыруда тарихи дамудың негізгі этаптары мен заңдылықтарын талдай білу мүмкіндігі
  • кәсіби қарым-қатынас құралы ретінде шетел тілін білу; ауызша және жазбаша коммуникацияны анық, дәлелді және қисынды дұрыс құру; шетел тілінің нормалары мен қолданылуын сақтау; шетел тіліндегі ақпаратты жинақтау, сыни талдау, қорытындылау және синтездеу; күнделікті және кәсіби қарым-қатынас аясында ауызша мәлімдемелер құру; шет тілінің нормативтік айтылуын меңгеру; шетел тілінде әртүрлі коммуникативті мақсаттарды білдіру және анықтау; шетел тіліндегі әртүрлі байланыс регистрлерін білу
  • Құқықтық сауаттылықты арттыру, мінез-құлық мәдениеті мен қарым-қатынастың этикалық нормаларын, кәсіби міндеттерін орындау
  • арнайы (түзету) педагогикасын білу, инклюзивті білім берудің мазмұны мен әдістерін, ҚР және шетелдерде арнайы білім беруді реттейтін негізгі нормативтік құжаттарды білу; инклюзивті педагогикалық процестің, тәрбие мен оқытудың ерекшеліктерін білу; инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беру қажеттілігі бар (ЕББҚБ) балаларды тәрбиелеу мен дамытудың міндеттерін білу; ЕББҚБ балалардың жеке ерекшеліктерін ескеру; ЕББҚБ балалармен жұмыс істеу кезінде дидактикалық тәсілдер мен материалдарды пайдалану және жеке білім беру траекториясын құруға қатысу; ЕББҚБ балаларға шетел тілдерін оқытуда заманауи әдістеме мен ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану
  • Дене шынықтырудың әдістерімен және құралдарымен толыққанды әлеуметтік және кәсіби қызметті қамтамасыз ету, қауіпсіздік мәдениетін меңгеру, экологиялық жағдайдан хабардар болу
  • қазіргі қазақстандық білім беруді дамытудың негізгі педагогикалық категориялары мен динамикалық ерекшеліктерін білу; ҚР Білім беру саласының нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес кәсіби қызметке дайын болу; ШТ оқытудың шетелдік және отандық әдістері мен концепцияларын пайдалану; тұлғаның дамуы мен мінез-құлығының психологиялық-педагогикалық негіздерін меңгеру; педагогикалық міндеттерін шешу; табысты оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық механизмдері мен педагогикалық жағдайларында бағдар жасау; оқу жетістіктерін бағалаудың қолданыстағы критерийлерін қолдану және әзірлеу; мультимедиялық оқыту материалдары мен бағдарламаларын жасау және ақпараттық және интернет технологияларын пайдалану; шығармашылық потенциалын және өзін-өзі дамытуға дайын болу
  • сөйлеу мәдениеті, көпшілік алдында сөйлеу, ауызша және жазбаша сөйлесу, академиялық жазу негіздерін меңгеру; ауызша және жазбаша мамандандырылған сөйлеуді сауатты және стилистикалық деңгейде ұйымдастыру; хабарламалар, баяндамалар жасау, пікірталас жүргізу; тұлғааралық және топтық коммуникацияларды жүзеге асыру; шетелдік қызмет көздерінен кәсіби қызмет саласындағы ақпаратты алу және сыни тұрғыдан бағалау; академиялық және кәсіби ортадағы қарым-қатынас жағдайындағы коммуникация мәселелерін дұрыс шешу; іскерлік және мамандандырылған терминологияны қолдану; өздігінен білім алуда және өздігінен оқуда ақпарат көздерін кәсіби түрде пайдалану
Top