Жаңа білім беру бағдарламасы

7M04110 Менеджмент (Бейінді) в Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Оқыту нәтижелері

  • ғылым мен ғылыми танымның рөлін түсінеді, оның құрылымы, нысандары мен әдістері, басқару қызметінде ғылым, техника мен технология жетістіктерін пайдаланумен байланысты әлеуметтік және этикалық проблемалар туралы түсінеді;
  • әр түрлі деңгейдегі инновациялық жобаларды басқарады (компания, аймақ), зияткерлік меншікті қорғауды ұйымдастырады;
  • нарық қатысушыларымен өзара іс-қимыл стратегиясын қалыптастырады;
  • нарықтық ортаға зерттеулер жүргізеді; компаниялар қызметінің проблемаларын диагностикалауды жүргізеді;
  • көшбасшылыққа негізделген командаларды қалыптастыру, қақтығыстарды шешу және этикалық принциптерді сақтау үшін персоналды басқарудың тиімді әдістері мен құралдарын таңдайды және қолданады;
  • мемлекеттік, орыс және шет тілдерінде кәсіби және күнделікті тақырыптарда коммуникацияларды жүзеге асырады, этномәдени және конфессиялық айырмашылықтар мен қоғамның әлеуметтік-мәдени ерекшеліктерін ескере отырып, көпмәдениетті ортада кәсіби қызметті ұйымдастыру тәсілдерін таңдайды;
  • ұйымдастырушылық даму бағдарламаларын әзірлейді және олардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;
  • жаңа нарықтық мүмкіндіктерді іздеуді және бағалауды жүзеге асырады, бизнес-модельдер мен бизнес-жоспарларды әзірлейді;
  • корпоративтік стратегияларды, бизнес стратегияларын және ұйымның функционалдық стратегияларын іске асырады;
  • корпоративтік инновациялық жүйені құрады, инновациялық стратегияларды әзірлейді және іске асырады.
Top