Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
7M01104 (IP) Білім Берудегі Зерттеулер в Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Білім беру саласында зерттеулерді жүргізуге қабілетті, әртүрлі контекстерге сәйкес зерттеудің ұтымды тәсілдерін қолдана алатын және этикалық тұрақты рәсімдерді пайдалана алатын кәсіби зерттеушілерін даярлау
-
Академиялық дәреже Магистратура
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
-
Оқу мерзімі 2 года
-
Кредиттер көлемі 120
-
Білім беру бағдарламаларының тобы M001 Педагогика және психология
-
Білім беру саласы 7M01 Педагогикалық ғылымдар
-
Дайындық бағыты 7M011 Педагогика және психология
Пәндер
-
2023 Оқу жылы
Шетел тілі (кәсіби)
Жоғары мектептің педагогикасы
Басқару психологиясы
Білім беру зерттеулерінің этикасы
Зерттеуді әзірлеу, мәліметтерді жинау және өңдеу
Білім беру саласындағы эмпирикалық зерттеулерге кіріспе
Ғылым тарихы мен философиясы
Зерттеудің тұтастығы
Зерттеу мен мәліметтерді жинақтаудың сапалық әдістері
Зерттеудің сандық әдістері және статистикалық талдау
Зерттеу, әлеуметтік және білім беру ортасының өзара әрекеттестігі
-
2024 Оқу жылы
Сапалық зерттеу әдістерін терең зерттеу және мәліметтерді жинау
Санадық зерттеу әдістерін және статистикалық талдау әдістерін терең зерттеу
Зерттеу нәтижелерін жазбаша және ауызша тарату
Әрекеттерді зерттеу
Білім беру саласындағы саясат
Зерттеулерге негізделген шешімдерді қабылдау
Алауандық пен бірегейліктің әлеуметтік-этикалық тұстары
Әдебиеттерді шолу және эмпирикалық мәліметтерді жинау
Өзгерістерді басқару
Жобаны басқару
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Магистранттар зерттеудің құрылымы мен тәртібін жоспарлай алады және зерттеуді, талдауды, нәтижелерді жүйелеуді, сонымен қатар қорытынды жасап, оларды дәлелдей алады. Магистранттар ғылыми есептер, жарияланымдар мен презентацияларды кәсіби түрде дайындап, олармен бөлісіп, сондай-ақ оларды кәсіби қызметінде пайдалана алады.
- Магистранттар тұлғааралық және мәдениетаралық қарым-қатынаста шет тілінде ауызша және жазбаша қарым-қатынас жасай алады. Магистранттар алған тілдік дағдылар мен мәдениетаралық қарым-қатынас дағдыларын кәсіби қызметінде қолдана алады
- Магистранттар жеке тұлғаның психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, студенттері мен әріптестерін ынталандыру мақсатында оңтайлы көшбасшылық стилін өз мамандығында қолдана алады. Магистранттар сонымен қатар топтық және тұлғааралық үдерістерді, сондай-ақ педагогикалық іс-әрекет кезінде өзінің мінез-құлқын және басқа адамдардың мінез-құлқын басқара алады.
- Магистранттар әртүрлі білім беру тәжірибесін жасайды, зерттейді және таратады. Магистранттар зерттеу әдістемесін іс-әрекетте біледі, зерттеу мақсатына, оның мәнмәтініне және басқа да жағдайларға байланысты әр түрлі зерттеу әдістерін (сапалық және сандық) түсінеді және қолдана алады және зерттеу нәтижелеріне байланысты шешім қабылдай алады. Магистранттар талғампаз, ғылыми зерттеулер саласында өз білімдері мен дағдыларын үнемі жетілдіріп отырады
- Магистранттар зерттеу әрекеті барысында туындайтын мәселелерді шешу үшін қажетті зерттеу әдістерін қолдана алады. Магистранттар заманауи теория мен практиканың мүмкіндіктерін талдай алады. Магистранттар өз мамандығы бойынша зерттеу жұмыстарын ұйымдастырып, ғылыми-педагогикалық іс-әрекеттерді жүргізе алады.
- Магистранттар оқу үдерісінің мазмұны мен формаларын жобалауда, оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуде, сондай-ақ оқытудың интерактивті әдістерін таңдауда және қолдануда оқытушы ретінде заманауи әдістемелерді пайдалана алады.
- Магистранттар өз зерттеулерін тарату және оны өмірге енгізу дағдыларына ие, оның әсерін бағалай алады, өз жұмысы туралы ойлана алады, мәдени зияткерлікке ие (біздің айырмашылықтарымызды түсіну және шынайы құрметтеу) және мәдени нюанстарды анықтау және қабылдау қабілеті жоғары, басқалардың әртүрлілігіне шеберлікпен қабылдайды.
- Магистранттар проблемалық педагогикалық және кәсіптік жағдаяттарға сыни талдау жүргізіп, жоғары оқу орындарының педагогикасының одан әрі даму бағыттарын анықтай алады. Магистранттар білім беру ұйымдарындағы оқу ортасы мен үдерісінің даму бағыттарын ұйымдастыруға, енгізуге, түзетуге және болжауға қабілетті.
- Магистранттар зерттеулерді мақсатты аудиторияның әл-ауқатын сақтауға және жақсартуға, жаңа құндылықтарды жасауға, жайлы және қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз етуге және үнемі жақсартуға бағытталған тұрақты этика қағидаттарына сәйкес жүргізеді. Магистранттар өздерінің этикалық құқықтарын қорғайды және этикалық қағидаларды қатаң сақтайды, өздерін этикалық деп санайды, зерттеушілердің ережелерін сақтайды.