Білім беру бағдарламасы өзекті емес

7M01719 Шетел тілі: екі шетел тілі (негізгі ағылшын тілі) в Лев Николаевич Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Пәндер

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Педагогикалық әдістерді және оларды қолданудың заманауи тәсілдерін білу; педагогикалық зерттеулерді құрастыру және жүргізудің негізгі принциптеріне ие болу; білім алушылардың жеке білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, оқу үдерісін құру; педагогикалық мониторингтің негіздерін меңгеру; кәсіби этикалық нормаларды сақтау; кәсіби педагогикалық мәселелерді тиімді шешу және педагогикалық мамандықтың әдістемелік жүйесін жасау; ұжымды, бөлімді, ұйымды басқаруға дайын болу; оқу үдерісінде психологиялық өзара әрекеттесу ерекшеліктерін анықтау; педагогикалық үдерісіне негізгі басқару тәсілдерін енгізу әдістерін меңгеруу.
  • жазбаша (реферативтік ғылыми мақала, эссе) және ауызша (ғылыми баяндама, көпшілік алдында сөз сөйлеу, хабарлама беру, үгіттеу) академиялық мәтінді құру дағдысына ие болуы; кәсіптік салада педагогикалық және коммуникативтік тапсырмаларды шешу үшін қажетті шет тілдік коммуникативтік құзыреттілігі болуы; C1-C2 жалпы еуропалық деңгейде оқу, сөйлеу, тыңдау және жазудың кәсіби дағдыларын жан-жақты дамытуды көрсету; шет тілдерін меңгеру үдерісінің компоненттері мен заңдылықтарын білу; шет тілдері елінің ұлттық және мәдени ерекшеліктерін ескере отырып, бірінші және екінші шет тілінде ауызша және жазбаша сөйлеуді қабылдау және қалыптастыру; шет тілдерінің прагматикалық параметрлерін, нормаларын және үлгілерін сақтауға, коммуникативтік және кәсіптік қызметте негізгі білімдерді қолдану; мәтіннің функционалдық стиліндегі нұсқаларын қабылдау, түсіну, түсіндіру; шет тілдеріндегі кәсіби орта терминологиясын меңгеру.
  • ағылшын тілін оқытуда жазбаша және ауызша аударманың алуан түрлерін қолдану; аударма теориясының негіздерін және аударма үдерісінің кезеңдерін меңгеру; туған және шет тілдерін салғастыру кезінде трансформациялық әдісті қолдану; әдебиетті зерттеудегі ғылыми бағыттарды білу; теориялық және әдеби білім негізінде әдеби құбылыстарды талдау; әдеби-теориялық білім саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының әдістерін меңгеру; ағылшын тіліндегі өнер туындыларына салыстырмалы талдау жүргізу; үйренетін тіл елінің әдебиетін білудің педагогикалық мамандықтағы рөлін түсіну; ағылшын тілін үйрену барысында көркем әдебиет мәтіндерін қолдану; білім алушыларды ағылшын тілінде көркем әдебиетті (бейімделген және түпнұсқа) оқуға ынталандыру; әлемдік әдеби шығармалардың дерекқоры бар интернет-ресурстар мен платформаларды пайдалану.
  • қазақстандық білім берудің тілдік стратегиясын ұстану; ағылшын тілін оқыту үдерісінде тестілеу элементтерін енгізу әдістерін білу; ағылшын тілінде халықаралық емтихандарға дайын болу; TKT (Teaching Knowledge Test) емтиханын тапсыруға ағылшын тілінің оқытушылары мен мұғалімдерінің модульдік дайындығының компоненттерін білу; мектепте және университетте шет тілін оқыту жүйесінде ағылшын тілін бағалаудың әр түрлі бағалау құралдары мен критерийлерін қолдану; оқушылар мен студенттерді оқытудағы құзыреттілік тәсілін қолдану; білім алушылардың игеру көрсеткіштерінің дербес әзірлеу; ағылшын тілін оқытудың әр түрлі аспектілерінде студенттердің білімін және жетістіктерін бақылаудың дәстүрлі және инновациялық әдістерін, түрлері мен формаларын қолдану.
  • қазіргі заманғы және интербелсенді технологияларды пайдалана отырып, оқу процесін жобалау; оқушылардың әр түрлі ерекшеліктері мен жетістіктеріне және білім беру жағдайына сәйкес оқу материалын, оқыту әдістерін және технологияларын сұрыптау; білім беру бағдарламаларын құрастыру мен бағалаудың технологиясы мен әдістерін білу; Қазақстан және ағылшын тілінде сөйлейтін елдерде педагогикалық ғылымның тарихын және шет тілін оқыту жүйесін білу; тілдік білім берудегі ағымдық үдерістерді білу; шет тілін оқытудың дәстүрлі және заманауи ерекшеліктерін анықтау; білім алушылардың қазіргі заманғы технологиялар мен оқу құралдарына негізделген сөйлеу, жазу, оқу және тыңдау бойынша дағдыларын қалыптастыру.
  • педагогикалық қызметте қазіргі заманғы зерттеу әдістерін қолдану; білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекшілік ету және олардың зерттеулерінің нәтижелерін талдау; шет тілдеріндегі ауызша және жазбаша сөйлеуді көп өлшемді талдауының дағдыларына ие болу; салыстырмалы типология әдістерін қолдану; салыстырылған тілдердің барлық жүйелеріндегі ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтайды; этносаралық қарым-қатынас мәдениетін, толеранттылықты, мұғалім мінез-құлықтың этикалық нормаларын иелену; көпмәдениетті ортада кәсіби қызметті жүргізу.
  • оқушылар мен студенттерді ХХІ ғасыр дағдыларына үйрету; STEM және CLIL оқытудағы тіл, мәдениет және ғылымның рөлін білу; салалық терминологияны (пән бойынша) игеру; мектептер мен университеттердегі педагогикалық және оқу үдерісіндегі АКТ технологияларын, сандық білім беру ресурстарын пайдалану; оқу үдерісін ұйымдастыруда инновациялық қызмет пен шығармашылық қабілетке ие болу; лингвистикалық білім беруді ақпараттандыру жағдайында мультимедиялық оқу материалдары мен бағдарламаларын жасау; білім алушылардың тілдік коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру үшін заманауи білім беру технологияларын қолдану.
  • кәсіби коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастырудағы мәдениетаралық коммуникацияның рөлін түсіну; мәдениетаралық құзыреттілікті қалыптастырудың ерекшеліктерін білу; шет тілін оқытудың заманауи парадигмасы аясында тіл мен мәдени кедергілерді жеңу жолдарын үйрету; ағылшын тілін оқытуда психолингвистиканың ерекшеліктерін білу; кәсіби педагогикалық мәселелерді шешуде ғылым мен білімнің қазіргі заманғы мәселелерін зерттеу; білім беру үдерісіне қатысушылардың әлеуметтік және мәдени ерекшеліктерін анықтау; мәтіннің прагматикасының негізгі ұғымдарын білу; кәсіби педагогикалық тапсырмаларды шешуде ауызша және жазбаша мәтіннің прагматикалық әлеуетін ескеру; ағылшын тілін оқыту үдерісінде пайдалану үшін прагматикалық мәтіндерді сұрыптау.
  • дәстүрлі және оқытудың жаңа белсенді әдістеріне ие болу; мектепте және ЖОО-да тәжірибелік-педагогикалық зерттеулерді дербес жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу; зерттеудің маңыздылығын айқындау және жаңашылдықты анықтау; ғылыми журналдарда ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі нәтижелерін жариялау; ғылыми әдебиеттерге үнемі шолу жүргізу; ғылыми зерттеулерді сыни талдау және бағалау дағдыларына ие болу.
  • Негізгі идеологиялық және әдістемелік мәселелерді, соның ішінде пәнаралық сипаттағы, ғылымның қазіргі даму кезеңінде оқыған және кәсіптік қызметтегі нәтижелерді пайдалана отырып талдау жасау; білім беру саласындағы философиялық және ғылыми көзқарастардың бірлігін жүзеге асыру; магистранттарға халықаралық кәсіби ортамен ықпалдасуға мүмкіндік беретін C1-де еуропалық деңгейде жазу және сөйлеу дағдыларына ие болу; ғылыми академиялық және кәсіби қарым-қатынас мақсатында ауызша және жазбаша қарым-қатынасты жүзеге асыру (академиялық жазу, академиялық презентация, көпшілік алдында сөз сөйлеу); шет тілінде білім беру мазмұнын иелену; шет тілдерін меңгеру барысында түпнұсқа материалдары мен заманауи білім беру ресурстарын бейімдеу; пәндік мазмұнды қалыптастыру.
Top