Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B02332 Шетел филологиясы (ағылшын тілі) в Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Пәндер

  • Көрнекі Баспасөз және баспасөз аудармасы

    Ақпараттық арналардың жаһандануымен БАҚ, ақпарат агенттіктері немесе халықаралық компаниялар болсын, баспасөз аудармасы сұранысқа ие болып отыр. Аударманың бұл бірегей түрі тек ең жоғары тілдік дағдыларды ғана емес, сонымен қатар сауатты жазу дағдыларын қажет етеді. Баспасөз аудармасы цифрлық ақпарат құралдары мен көрнекі ақпарат құралдарының аудармасын қамтиды. Студенттер көрнекі баспасөзде көрнекі ақпарат және тіл туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету мәселелерін үйренеді.

    Несиелер - 5
  • Ағылшын тіл біліміне кіріспе

    Ағылшын тіл білімінің теориялық және практикалық мәселелері, оның ғылыми негіздері мен құрылымдық жүйелері толық, әрі қысқа түрде оқытылады. Ағылшын тіл білімінің басты-басты қағидалары мен тұжырымдары дүниежүзі тілдерінің негізінде сөз етіледі және олардың бәрі тіл білімінің соңғы кездердегі қол жеткізген жетістіктерімен ұштастырылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Түрік тілі (А1)

    Бұл курс түрік тілінің бастапқы деңгейін оқуға арналған. Курстың мақсаты - "Шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық құзыреттеріне" сәйкес студенттердің А1 деңгейінде практикалық дағдыларын қалыптастыру. Курс студенттердің мәдениетаралық және коммуникативтік қарым-қатынасқа дайындығы мен қабілетін дамытуға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде студент нақты мәселелерді шешуге бағытталған таныс күнделікті сөздер мен қарапайым сөз тіркестерін түсінеді және қолданады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Түрік тілі ( А2)

    Бұл курс түрік тілінің жалғастырушы деңгейін үйренуге арналған, "Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне" сәйкес А2 деңгейінде студенттердің практикалық дағдыларын дамытады. Курс студенттердің тілдік деңгейіне байланысты жазбаша (оқылым, жазылым) және тікелей ауызша (айтылым, тыңдалым) коммуникативтік дағдыларын дамытуға бағытталған. Пәнді оқу нәтижесінде студент қарапайым күнделіктіәлеуметтік тақырыптарда сөйлесе алады, қарапайым жағдайларды сипаттай алады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Үйде оқу (A2 деңгейі)

    Оқытылатын тілдегі әдебиетті оқу ауызша сөйлеудің дамуына ықпал етеді, сөздік қорын байытады, оқытылатын тілдегі елдің мәдениеті мен әдебиетімен танысады, аналитикалық ойлауын дамытады. Сондықтан бұл пән оқу үрдісінде қажет. Пәннің зерттеу объектісі ағылшын тілін оқытуда өз бетінше оқу сабақтарын енгізу, оқылғанның мағынасы мен мазмұнын түсінуді бақылау әдісі болып табылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ағылшын әдебиетіне кіріспе

    Ағылшын тілнің сөз өнерін, тарихи-әдеби процесті, әдебиет дамуының заңдылықтарын, көркем шығармаларды, жазушылардың шығармашылық ғұмырнамасын оқытады. Әдеби образ және оның жасалу жолдарын, мифтік, романтикалық, реалистік образ өзгешіліктерін, көркем образ, әдеби характер, әдеби тип, реализм, романтизм, жазушы стилі сияқты әдеби ұғымдардың негізгі белгілері оқытылады.

    Оқу жылы - 1
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Ағылшын тілі (B2 деңгейі)

    Білім алушылар төрт дағдыны дамыту арқылы (тыңдау, оқу, сөйлеу және жазу) өз қабілеттері мен білімдерін дамытады. Пәннің мақсаты – білім алушылар арасында коммуникативті, лингвистикалық, пікірталас, стратегиялық, сонымен қатар білім беру және танымдық құзіреттіліктерді қалыптастыру. Олар лексикалық, грамматикалық және фонетикалық бірліктер туралы білімді, сонымен қатар шет тіліндегі сөздерді қалыптастыру мен қабылдауда қолдану дағдылары мен қабілеттерін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Үйде оқу (В1 деңгейі)

    Аталмыш пән ағылшын тілінде тапсырмалармен және сөздікпен үйде оқу сияқты оқу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Ағылшын тілінде оқуға деген қызығушылықты қалыптастыру, бұл пәннің негізгі қызметі болып табылады, бұл студенттердің өз қабілеттеріне деген сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Яғни, өз деңгейіне сай кітаптарды таңдап, тілдік қиындықтарды жеңіп, әдебиетке деген талғамын сезінеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 3
  • Іскерлік ағылшын тілі

    Іскерлік ағылшын тілі - бұл іскерлік қарым-қатынасқа, бизнеске және мансапқа арналған ағылшын тілі. Іскерлік ағылшын тілі ұғымы маркетинг, бухгалтерлік есеп, құқықтану , халықаралық қатынастар және басқа да көптеген салалардағы кәсіби лексиканы зерттеуді қамтиды. Білім алушылар осы пәнді зерттей отырып, серіктестермен қарым-қатынас жасауды, презентацияларды қорғауды, іскерлік хат алмасуды және түйіндеме жасауды үйренеді.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Көне дәуір және орта ғасыр ағылшын әдебиеті

    Аталмыш пән шетел халықтары әдебиетіне шолу жасау. Шетел халықтары шығармалары мен қазақ шығармаларының мотивтік көрсеткіштерін айқындау. Шетелдің танымал жазушыларының үздік шығармаларымен танысу, оқу, талдау. Сюжеттік және образдық ерекшеліктерін анықтау. Мазмұны мен идеясы, құрылымы, көркемді-эстетикалық мәнін қарастыру.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 4
  • Икемді дағдылар

    Пән адамның өзгермелі жағдайларға бейімделуге қажет икемді дағдыларды қалыптастырады. Курс барысында студенттер көпшілік алдында сөйлеу, презентация жасау, аудиторияның назарын аудару дағдыларын дамытады. Нәтижесінде студент проблемалардың басымдылықтарын анықтап, оларды шешуде креативті ойлауды және тәуекелдерді болжауды үйренеді. Сондай-ақ, студент өз мүдделері мен сұхбаттасушының мүдделері үшін екіжақты ақпарат алмасуды тиімді қамтамасыз ете алады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Ясауитану

    Пән ясауилік құндылықтармен таныстырады, академиялық, жеке, мәдени, кәсіби қатынастарда ғылым, діни төзімділік, адамдар қатынасы, құқығы туралы ясауилік ұстанымдарды қалыптастырады. Білім алушы ясауи мәдениетінің ерекшелігін түсініп, қоғамдағы әлеуметтік, этикалық, конфессиялық, мәдени ерекшеліктермен салыстыра біледі. Ясауи ілімінің түркі халықтарының ұлттық мәдениеті, діни түсінігіндегі маңыздылығын түсінеді, қоғамдық ынтымақ, бірлікке ұйытқы болатын «хикметтің» ұлт руханиятындағы орнын саралап, белсенді кәсіби, әлеуметтік қатынас орнату қабілеттерін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Үйде оқу (В2 деңгейі)

    Бұл пән студенттерге шетелдік авторлардың заманауи шығармаларының классикалық және үздік үлгілерімен танысуға, ағылшын тілінде сөйлейтін елдердің дәстүрлері, олардың тарихы мен өмір салты туралы көбірек білуге мүмкіндік береді. Әдеби талдаудың бастауларын үйрету. Оқыған кітаптары бойынша тапсырмаларды орындай отырып, білім алушылар негізгі мазмұнды баяндауға, кейіпкерлердің мінездемелерін құрастыруға, кейбір әдеби әдістермен танысуға үйренеді. Бұл әрекеттер әдеби шығармаларды талдаудың бастапқы дағдыларын қалыптастырады. Ауызша монологтық және диалогтық сөйлеуді әр түрлі мазмұндағы қайталау арқылы одан әрі дамыту, оқығанын талқылау, талқылау, театрландырылған көріністер және т.б.

    Оқу жылы - 2
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері

    Пән сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және академиялық адалдықты тарихи, сондай-ақ қазіргі заманғы мәтіндерде қалыптастырады, сыбайлас жемқорлықтың туындауының әмбебап мәнін, табиғатын, орнықтылығының себебін ашады. Білім алушы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, мәдени, адамгершілік-этикалық аспектілері бойынша материалдарды цифрлық технологиялар көмегімен жинау, талдау және ситуациялық міндеттерді өз бетінше немесе командада шешу арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметті дербес ұйымдастыру дағдыларын меңгереді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ренессанс және ағарту кезеңіндегі ағылшын әдебиеті

    Ренессанс-ежелгі елдердің мәдениеттерін зерттеуге деген қызығушылықтың жандануы. Ағарту-қайта өрлеу дәуірінен кейінгі кезең. Білім алушылар ежелгі елдердің тарихын зерттейді, сонымен қатар Ренессанс кезеңіндегі әдебиетпен танысып, олардың мәдениетін зерттейді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ағылшын тілінің практикалық грамматикасы және фонетикасы

    Білім алушыларға ағылшын тілінің шақ формаларын үйретіп, ажырата білуді, шақтарды дұрыс қолданып, сөйлемдер жазуды үйретеді. Сөз таптарын атап айтқанда зат есім, сын есім, сан есім, үстеу және артикльдің қолданысы жайлы мағлұмат алады. Сонымен қатар білім алушыларға тілдік қарым-қатынас үрдісінде сипаттамалық текстерден басқа диалогтар (сөйлесулер) жасай алуды үйретумен қатар алғашқы тіл үйрену қадамдарынан бастап, оқу мен айту, тыңдау мен түсіну процесінде әңгімелесу дағдыларын қалыптастыру мен дамытуға ықпал етеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ағылшын тілінде тыңдау және сөйлеу

    Пән білім алушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамытуға, лексикалық және грамматикалық құрылымдық бірліктерге негізделген дыбысты айтуды жетілдіруге, ағылшын тіліндегі сөйлемдердің негізгі интонациялық үлгілері мен ырғақтарын меңгеруге бағытталған. Пәнді меңгеру нәтижесінде білім алушылардың сөйлеу және тыңдау дағдысы қалыптасады; тілді тілдік ортада прагматикалық қолдануға қажетті коммуникативтік құзыреттілік дамиды.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Романтицизм және Виктория дәуіріндегі ағылшын әдебиеті

    Аталмыш пәннің мазмұны ағылшын әдебиетіндегі романтицизм дәуірінің ерекшеліктерін, бұл дәуірдің Джордж Гордон Байрон, Джейн Остин, Мэри Шелли секілді бір қатар әйгілі жазушыларының туындыларын, аталған жазушылардың өмірбаяны мен жазушы ретіндегі жеке стильдерінің ерекшеліктерін қамтиды. Виктория дәуіріндегі ағылшын әдебиетінің жазушыларының туындыларын, олардың шығармашылық зертханасын қарастырып, білім алушыларды Шарлотта Бронтенің "Джейн Эйр" мен Чарльз Диккенстің "Оливер Твисттің басынан кешкендері" туындыларымен таныстырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Экономика, кәсіпкерлік және бизнес негіздері

    Пән экономикалық білімді қалыптастырады, кәсіпкерлік жүргізудің ғылыми негіздерін зерттейді. Кәсіпкерлік іс-әрекетті меңгеру барысында білімгер цифрлық технологияларды қолдана отырып мәліметтерді жинақтайды, бизнестің қыр сырын меңгере отырып, өз бетінше басқарушылық мәселелерді шешеді, алдында тұрған мақсаттарға қол жеткізу дағдыларын қалыптастыру арқылы көшбасшылық қабілетін көрсетеді. Білім алушы кәсіпті жүзеге асыру әдістерімен танысады, бизнесті ұйымдастыру мен басқару шешімдерін қабылдауға дағыдаланады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Шетел тілі академиялық мақсаттар үшін

    Академиялық мақсатта тілді оқыту жүйесінің негізгі сипаттамалары, тілдік білім беру кеңістігін кеңейту, білім беру контекстінің вариативтілігі, технологиялар, оқыту нысандары мен құралдарының вариативтілігі, көптілділік пен полимәдениетке бағытталуы қорытылады; құзыреттілік тәсіл, білім берудің өнімді сипатына бағдарлану, пәнаралық, мазмұнның субъективтілігі, студенттердің білім беру сапасының әлеуметтік-тұлғалық индикаторларына бағдарлану сияқты қазіргі дамуының негізгі тенденциялары айқындалады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ағылшын тілін арнайы мақсатта оқыту

    Жоғары мектепте шет тілін оқытудың кәсіби міндеттерін шешу қабілетін анықтайтын маманның кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру. Өзінің мазмұны бойынша курс пәнаралық болып табылады және білім алушыларда бар іскерліктер мен дағдыларды, ағылшын тілін оқытудың теориясы мен әдістемесінің базалық санаттары туралы білімді синтездеуге және біріктіруге бағытталған.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Қаржылық сауаттылық

    Пән алған білімдері мен оларды іс жүзінде қолдану, қаржылық ақпаратты пайдалану арасында тікелей байланыс құру негізінде жеке қауіпсіздік пен қаржылық сауаттылықты ескере отырып, қаржылық шешімдер қабылдау үшін білім алушылардың жауапкершілігін қалыптастыруды көздейді. Сондай-ақ тұтынушының, салымшының, қарыз алушының, акционердің, салық төлеушінің, сақтанушының, қаржы нарығындағы инвестордың әлеуметтік-экономикалық рөлін және пирамидалар мен қаржылық алаяқтықтардан тұтынушылардың қауіпсіз мінез-құлқын тиімді орындау дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ағылшын тілі (С1 деңгейі)

    C1 деңгейінде болашақ мамандықтың ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың мәдениетаралық және кәсіби бағытын тереңдету іскерлігін қалыптастыру. Әр түрлі коммуникативті қарым-қатынас төңірегінде ауызша және жазбаша сөйлеу шеберлігін шығармашылық тұрғыда игеру қабілетін дамыту; advanced C1 деңгейіндегі мәтінді оқуды дамыту, игеру және оны ұғыну; Грамматикалық оралымдарды қолдану және шақ формаларын пайдалану.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Экология және өмір қауіпсіздігі

    Пән экологиялық танымды қалыптастырады, қоршаған ортаның жай-күйін және қауіпті факторлардың адамға әсер ету дәрежесін бағалау және табиғатты ұтымды пайдалану аспектілерін қолдануды үйретеді. Курс барысында білімгер экологиялық проблемалар бойынша мәліметтерді цифрлық технологияларды қолдана отырып жинауға, оларды сыни көзқараспен талдауға, өз бетінше шешімдер қабылдауға машықтанып, экологиялық қағидаттарды сақтай отырып, командада жұмыс істеу қабілеттілігін қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Көшбасшылық теориясы

    Пән көшбасшылық қасиеттерді, стильдерді, әсер ету әдістерін тиімді қолдану арқылы адамдардың мінез-құлқы мен өзара әрекетін тиімді басқару әдістемесі мен практикасын қарастырады.Пән мамандарды іргелі даярлаудың алғышарты болып табылады және қызметтің белгілі бір принциптерін талап ететін өзінің күшті жақтары мен қоршаған ортаның мүмкіндіктерін ұтымды пайдалануға қабілетті.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Газет мәтіндерін оқу

    Білім алушылардың медиа сауаттылығын қалыптастырудағы басты мақсат – ақпараттық газет мәтіндерін оқу дағдыларын қалыптастыру, теледидар көру, радиохабарларды тыңдау арқылы жұмыстарын толықтыру, бір-бірімен ақпарат алмасуға дайындау. Жоғары оқу орнының студенті шетел газетін оқып, одан өзін қызықтыратын ақпаратты шығарып қана қоймай, мазмұнын жеткізе білуі, оқығанын бағалай білуі, ол туралы өз пікірін білдіруі керек.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Оқылым және жазылым

    Ағылшын тілінде мәтінді оқу және жазу білім алушылардың оқу арқылы ағылшын тілінде дұрыс жазу қабілеттерін дамытуға бағытталған. Пәннің мақсаты сөйлем түрлерінің оқылу ерекшеліктеріне сәйкес талдау жасауға, және оны сөйлеу барысында қолдануға машықтандыру болып табылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Көркем аударма машығы

    “Көркем аударма машығы” пәні студенттерді көркем аударма негіздерімен таныстырады. Аталған курс көркем шығарма мәтінінің аудармасын жасауда шет тіліндегі лексико-фразеологиялық қорын байытуға, грамматикалық, лексикалық және күрделі трансформациялардың әртүрлі тәсілдерін қолдануға және түпнұсқа текстегі стилистикалық тәсілдерді қолдануды үйретуге бағытталған.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Көркем әдебиетті оқу практикумы

    Пән студенттерді классикалық әдеби шығармаларды талдау әдістемесіне дайындауға бағытталған. Негізгі мақсат – оқу дағдыларын дамыту, оқытуға енгізілген әдеби шығармаларды талдау, ғылыми, әдеби, әдістемелік әдебиеттермен жұмыс жасау. Білім алушылар әдеби-көркемдік формалар мен стильдердің алуан түрлерін меңгереді, әдеби кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалауға үйренеді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ауызша аударма машығы

    Ауызша аударма – бір тілдегі сөйлеушінің ауызша айтқан сөздерінің мазмұнын екінші тілдің экспрессивті құралдары арқылы жеткізу процесі. Бұл пән ағылшын тілінен қазақ тіліне немесе керісінше аударма жасаудың кәсіби дағдыларын меңгеруге көмектеседі. Ауызша аударманың дағдылары мен түрлеріне дайындықты қамтиды. Пәннің мақсаты – студенттің аударманы оқытудың теориялық және практикалық негіздерін, сонымен қатар аударманы оқытудың заманауи технологиялары мен әдістерін қолдану қабілеті мен дағдыларын дамыту.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу

    Пән мемлекеттік тілде іс жүргізудің нормативтік базасы, құжаттың түсінігі мен функциялары, мекемелер мен кәсіпорындарда мемлекеттік тілде құжаттарды дайындау мен ресімдеуге қойылатын жалпы талаптар туралы білімді қалыптастыру мақсатында оқытылады. Оқыту нәтижесінде білім алушылар мемлекеттік тілде іс жүргізу саласындағы нормативтік-әдістемелік құжаттармен жұмыс істеу дағдыларын қолдана отырып, тиімді коммуникацияны жүзеге асыра алады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ағылшын тілді елдердің қазіргі заман әдебиеті

    Болашақ филолог, әдебиеттанушыны бүгінгі таңдағы ағылшын тіліндегі әдеби шығармалармен, заманауи кең тараған әдеби шығармалардың жанрларымен, ағылшын тілді елдердегі қазіргі таңдағы атақты жазушылардың негізгі туындыларымен таныстырады. Сонымен қатар, білім алушылар олардың шығармашылық зертханасына мән беріп, олардың жазушы ретіндегі жеке стилімен танысады. Жазушылардың әдеби туындыларындағы негізгі көтеріліп отырған тақырыптарды анықтап, сол әдеби туындылардың тақырыптарының этимологиясына ден қоя отырып, жазушылардың өзіндік ерекшеліктерін қарастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Лингвоелтану

    Аталмыш пән барысында студенттерге оқып жатқан тілде сөйлейтін мемлекеттердің орналасқан жерлері, тұрмыс шындығы, тарихы, мәдениеті жайлы егжей-тегжейлі ақпарат беріледі. Сонымен қатар елдерің физикалық және экономикалық географиясы; тілін үйренетін елдің қалыптасу тарихы; қоғамдық саяси құрылысы; салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ұлттық мейрамдары мен рәміздері оқытылады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 6
  • Түркі мемлекеттер тарихы

    Пән студенттердің дүниежүзілік тарихи үдерісте түркі халықтары мен мемлекеттерінің орны мен рөлі туралы біртұтас түсініктерін қалыптастыруға, студенттердің тарихи ақпаратты іздеу, жүйелеу және жан-жақты талдау дағдыларын меңгеруге, өткен мен бүгінгі күннің тарихи процестерінің мән-жайын түсінуге, ақиқатқа бағдарланған өзіндік ұстанымдарын қалыптастыруға, азаматтық, отаншылдық, ұлттық бірегейлік, ұлтаралық және дінаралық толеранттылық көзқараста тәрбиелеуге бағытталған.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Ағылшын тілінің лексикологиясы

    Білім алушылар лексикология - сөз және тілдің сөздік құрамы болып табылатын тіл білімінің бір бөлімі жайлы білімдерін қалыптастырады. Курс барысында білім алушылар синхронды және диахронды талдау, салыстырмалы-салғастырмалы талдау; тілдің жүйелік үйымдастырылуын оқып үйренумен байланысты әдіс-тәсілдер қолдану дағдыларын жетілдіреді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ата-түрік принциптері

    Пән білім алушыларда Түркияның тарихи дамуы туралы жан-жақты түсінік қалыптастырады, тарихи ақпарат жинау, талдау және жалпылау дағдыларын дамытады, Ататүрік принциптерін ғылыми бағалауды қалыптастырады. Курсты оқу барысында білім алушы дүниежүзілік-тарихи процесс контекстінде Түркия тарихының негізгі заңдылықтары, кезеңдері мен мазмұны туралы білімдер алады, студенттердің шығармашылық қабілетін, пайымдау еркіндігін, Ататүріктің рухани, тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, сақтау, қолдану және арттыруға деген қызығушылығын оятады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Тілдік қарым-қатынас бойынша практикум

    «Тілдік қарым-қатынас бойынша практикумы» пәнін меңгерудің міндеттері: студенттердің коммуникативті сөйлеу тәжірибесін талдау мақсатында қарым-қатынас теориясы ұғымдарын қолдану дағдыларын дамыту, алған білімдерін теориялық және практикалық іс-әрекет процесінде қолдану жолдарын байланыспен және мәтінмен үйрету.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Теориялық грамматика

    Білім алушылардың теориялық пәндердің бүкіл циклімен тығыз байланысты жүйе ретінде ағылшын тілінің грамматикалық құрылымы туралы білімін қалыптастыру. Білім алушылардың қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыруға ықпал ету, сондықтан олар практикалық ағылшын тілі курсы мен практикалық грамматикамен өзара байланыс жасалып, студенттерге қазіргі заманғы грамматикалық зерттеулердің проблемаларымен және грамматикалық материалдарды ғылыми талдау әдістемесімен танысуға мүмкіндік береді.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Академиялық жазбаға кіріспе

    Пән әртүрлі санаттағы академиялық жұмыстарды (essay, report, etc) оңтайлы жазу үшін қажетті дағдылар мен біліктерді қалыптастырады. Пән білімгерлерге жазбаша сөйлеудің жанрлық, грамматикалық, стилистикалық және пунктуациялық ерекшеліктерін түсіндіріп, академиялық жазба жұмыстарды қатесіз жазу әдістерін үйретеді. Академиялық жазбалар әзірлеуде әлемдік дерек базаларын және ғылыми журналдардың онлайн жүйелерін пайдалану дағдыларын қалыптастырады.

    Оқу жылы - 3
    Семестр - 2
    Несиелер - 3
  • Аудармадағы түзету және редакциялау

    «Түзету және редакциялау» пәні студентке қателерді түзету ережелерін меңгеруге және мәтінді теру мен баспа түрінде түзету, оның ішінде түзету және түзету жұмыстарын жүргізудегі техникалық кемшіліктерді жоюға көмектеседі. Өңдеу мәтінге түзетулер енгізу, толықтыру, оның құрылымын өзгерту процесін қамтиды. Студенттер корректорлық дағдыларын жетілдіріп, өз мүмкіндіктерін жүзеге асыра алады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ағылшын тілінің стилистикасы

    Білім алушыларды стилистиканың негізгі ұғымдары жайлы білімін қалыптастыруға арналған: стилистикалық функциялар, нормалар мен әдістер; әдеби ағылшын тілінің ауызша және жазбаша нұсқаларының негізгі дифференциалды ерекшеліктері; ағылшын тілінің сөйлеу регистрлерін (функционалды стильдерін) жіктеу; функционалды стильдердің негізгі функциялары мен ерекшеліктері.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Конференциядағы ауызша аударма

    «Конференциядағы ауызша аударма» пәні аударма барысында аудармасы және түпнұсқасы жазылмайтын аударма түрі. Жазбаша аудармадан артықшылығы, тіл маманы аударма мағынасын сол сәтте ұғынып алуы тиіс, айтылған сөзді қайта тыңдау мүмкіндік болмайды. Пәнді меңгеру мақсаты студенттерді дәйекті аударма саласына дайындауды ғана емес, сонымен қатар аудармада қолданылатын әдістерді, болашақ аудармашының кездесу барысында туындауы мүмкін экстремалды жағдайларға психологиялық дайындығын қамтиды.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Презентация және көпшілік алдында сөйлеу дағдылары

    Презентация және көпшілік алдында сөйлеу дағдылары пәні білімгерге көпшілік алдында әдемі сөйлеу ережелерін, сөздерді анық айтуға машықтануды, қарқынды әрі әдемі дауыс иесі етіп қалыптастыруға, өзінің жеке көзқарасына аудиторияны сендіруге, ойын толықтай тұжырымдауды және физикалық қысым мен қобалжуды жоюға, нанымды презентация жасауға және көпшілік алдында сөйлеу кезінде өз мақсатына жетуді үйретеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Әдеби шығармаға стилистикалық талдау

    Білім алушыларды көркем мәтін құрылымының негізгі ұғымдары мен көркем әдебиеттің осы түріне стилистикалық талдау жасаудың категорияларымен таныстыру; әдеби шығарманы стилистикалық талдау жасау және әдеби шығарманың көркемдік құрылымы туралы түсінік қалыптастыру.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ағылшын әдебиетінің теориясы

    Пәннің мақсаты – студенттердің жеке білім беру қажеттіліктері мен оларды шетел (ағылшын) тілін оқыту процесінде пайдалануға дайындығының негізі ретінде ағылшын әдебиеті саласындағы жүйеленген білімді қалыптастыру. Пән - ағылшын әдебиетінің теориясы ретінде оқытуға бағытталған, сонымен қатар көркем шығармашылықтың даму ерекшеліктерін, ағылшын әдебиеті ғылымындағы әдеби концепцияларды, эстетика мен теория мәселелерін дамытады және жүйелейді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Аударма теориясы

    Білім алушылар аударманың лингвистикалық теориясының негізгі категорияларымен, аударманың негізгі стратегиялары мен принциптері жайлы білімін жетілдіреді. Курс білім алушылардың аудармаларды салыстырмалы талдау дағдыларын дамытуға, электронды сөздіктермен, автоматтандырылған аударма жүйелерімен және машиналық аудармалармен жұмыс істеуді үйретуге бағытталған.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ағылшын тілін ақпараттық технологиялар арқылы үйрету

    Білім алушыларға ақпараттық технологиялардың негізгі түсініктері мен сипаттамалары және оларды ағылшын тілін оқытуда қолдану мүмкіндігі туралы ақпарат беріледі; компьютерлік бағдарламаларға арналған тілдегі оқу материалын таңдау, ресімдеу және құрылымдау ерекшеліктері түсіндіріледі. Білім алушылар интернет-ресурстар мен веб-технологияларды пайдалану саласындағы білімдерін дамытады, және онлайн мен офлайн қызметтерін қолдана отырып презентациялар құруды үйренеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ағылшын әдебиетін ақпараттық технологиялар арқылы үйрету

    Білім алушыларға ақпараттық технологиялардың негізгі түсініктері мен сипаттамалары және оларды ағылшын әдебиетін оқытуда қолдану мүмкіндігі туралы ақпарат беріледі; компьютерлік бағдарламаларға арналған тіл мен әдебиеттегі оқу материалын таңдау, ресімдеу және құрылымдау ерекшеліктері түсіндіріледі. Білім алушылар интернет-ресурстар мен веб-технологияларды пайдалану саласындағы білімдерін дамытады, және онлайн мен офлайн қызметтерін қолдана отырып презентациялар құруды үйренеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Аудармадағы арнайы тақырыптар: көрнекі дизайн

    Көрнекі дизайн принциптерді, процестерді және қолдануды қамтиды, сондай-ақ бар өнімді жақсарту немесе жаңа тұжырымдаманы әзірлеу тәсілдерін қамтиды. Білім алушылар дизайн тілін, оның пішінге, мазмұнға және контекстке әсерін үйренеді. Көрнекі дизайн тек эстетика ғана емес. Дизайн теориясына, қоршаған орта дизайнына, типографияға, иллюстрацияға, қозғалысқа, фотосуретке және интерактивті құралдарға назар аударылады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Ағылшын тілі (С2 деңгейі)

    Білім алушылардың шет тілінде қарым-қатынас жасау дағдыларын, оларда қалыптасқан білімге, дағдыға және жеке қасиеттерге сүйене отырып дамыту. Кәсіби әр түрлі тақырыптар бойынша полемикалық байланыстың әр түрлі формаларында пікірталастарды ұйымдастыруға және өткізуге; Әр түрлі жанрдағы материалдармен жұмыс жасауға (көркем, ғылыми, публицистикалық); Мәтінге лингвистикалық және әдеби талдау жүргізуге үйрету.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Медиа және цифрлық сауаттылық

    «Медиа және цифрлық сауаттылық» пәні студенттердің ақпарат құралдарында, жанрларда және формаларда хабарларды талдауға, бағалауға және жасауға мүмкіндік беретін дағдыларын дамытуға бағытталған. Цифрлық сауаттылық – цифрлық технологияларды тиімді пайдалану үшін қажетті білімдер жиынтығы. Бұл пән ақпарат тезистерін оқытуға және медиа хабарламаларды түсіндіру дағдыларын игеруге және жаңалықтар материалдарын талдауға бағытталған.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 1
    Несиелер - 5
  • Дискурстық талдау

    Пән тілдің әртүрлі түрлерінің мақсаттары мен әсерлерін, қарым-қатынастағы мәдени ережелер мен конвенцияларды түсінуге, құндылықтар, сенімдер мен болжамдар қалай жеткізілетінін, тілді қолдану оның әлеуметтік, саяси және тарихи контекстімен байланысын айқындауға үйретеді. Курс барысында білім алушы жазбаша немесе ауызша тілді оның әлеуметтік контекстіне байланысты мағынасын айқындауды үйренеді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5
  • Ағылшын тіл біліміндегі зерттеу әдістері

    Болашақ филолог мамандарға филология ғылымының тіл білімі және әдебиеттану салаларында филологиялық зерттеу жұмыстарын жүзеге асырулары үшін қажетті теориялық біліммен қамтамасыз етеді. Білім алушылар филология саласындағы ең жиі қолданылатын сапалық және сандық зерттеу әдістерімен танысады. Атап айтқанда, интервью, сауалнама, тілдік бірліктердің этимологиясына талдау жұмыстарын жүргізу, сөйлеу актілерінің прагматикалық табиғатын анықтау секілді зерттеу тәсілдерін тәжірибе жүзінде қолдануды үйренеді. Әрі білім алушылар филология саласындағы зерттеу мәселелерінің өзектілігін анықтап, дұрыс зерттеу мақсаты мен міндеттерін қоюға дағдыланады. Жалпы берілген курсты тәмамдағанда білім алушылар өздерінің дипломдық жұмыстары мен дипломдық жобаларына байланысты филология зерттеу жұмыстарын өз бетінше жүзеге асыруға даярланады.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 7
  • Кәсіби бағытталған шетел тілі

    Пән кәсіби және академиялық сипаттағы мәдениетаралық қарым-қатынасқа қатысу үшін қажетті ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларын жетілдіреді. Осы пәнді оқу нәтижесінде білім алушылар кәсіптік сипаттағы шет тілдік қарым-қатынастың лексикалық және грамматикалық минимумын, шет тілін кәсіби (ағылшын тілі) оқытуда қажетті терминологияны меңгереді.

    Оқу жылы - 4
    Семестр - 2
    Несиелер - 5

Оқыту нәтижелері

  • Лингвистика саласындағы заманауи бағыттар бойынша ғылыми зерттеулер жүргізе алады, филология бағытындағы оқу-зерттеу жобаларын әзірлейді, филологиялық сипаттағы жобаларға сараптамалық қорытынды жасайды
  • Лингвистикалық және әдеби мәселелерді шешуде шетел тілінің теориялық және практикалық білімдерін жүйелі қолдана біледі
  • Кәсіби білім беру және ғылыми жүйесінің қазіргі жағдайына бейімделуге қажетті құзыреттілікті дамыту үшін дайындық пен ұтқырлық негізінде кәсіби мәселелерді шешуде пәнаралық өзара әрекеттестікке қатыса алады
  • Кәсіби қызметінде қоғамның рухани құндылықтарын және экономикалық, экологиялық, құқықтың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қағидаттарын сақтайды
  • Негізгі лингвистикалық пәндердегі білімдерін көрсете алады және оларды түсіну мен қолданудың жоғары дәрежесін көрсете алады, ойлауды қажет ететін әдебиеттерді талдай алады
  • Зерттелетін салада мәліметтерді жинақтау және сыни көзқараспен талдау нәтижесінде өз бетінше шешімдер қабылдау арқылы көшбасшылық қабілетті қалыптастырады
  • Грамматикалық, фонетикалық, лексикалық білімдерін жетілдіру арқылы тыңдау жəне сөйлеу, оқу және жазу дағдыларын қалыптастырады және жетілдіреді; фонетикалық, морфематикалық, синтаксистік жəне компонентті талдау жүргізеді; практикалық және кәсіби біліктілігін арттырады
  • Интернационалдық ортада мемлекеттік және шетел тілдерінде кәсіби, академиялық, ғылыми және әлеуметтік қарым-қатынастар орнатады
  • Кәсіби қызметінде ғылыми зерттеу әдістерін, академиялық жазба негіздерін, академиялық адалдық принциптері мен мәдениетін қолданады
  • Әдеби процесті, оның заңдылықтарын, әдеби шығармаларды зерттеудің амал-тәсілдерін қолданады
  • Мәтіндердің әр түрлі типтері мен түрлерін талдау, оларды құру, өңдеу (корректура, түзеу, түсінік беру, рефераттау, ақпараттық-сөздік сипаттау) және трансформациялау әдістері мен тәсілдерін меңгереді
  • Шетел әдебиеті мен қазақ әдебиетін салыстыра және салғастыра отырып, сюжеттік және мотивтік деңгейде зерделеп, сараптама жасайды, шығармаға әдеби және стилистикалық талдау жасау іскерлігін жүзеге асырады
Top