Жаңа білім беру бағдарламасы

6B02211 Тарих в Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Түркі мемлекеттерінің, дүние жүзіндегі этностардың тарихын зерттеудегі негізгі тәсілдер мен әдістерді пайдалана отырып, Отан тарихын жүйелі зерттеу негізінде Қазақстанның халықаралық қауымдастықтағы әлеуметтік-экономикалық және саяси орнын талдау.
  • Отан тарихын зерттеудің өзекті мәселелерімен талдап, тарихи оқиғалардың себеп-салдарын бағалай отырып, Азия мен Африка, Еуропа және Америка елдерінің қазіргі және соңғы кезеңдегі тарихи даму ерекшеліктерін анықтау.
  • Ақпаратты кәсіби қызметте пайдалану мақсатында іздеу, талдаудың негізгі әдістерін қолдана отырып, тарихи дереккөздерді зерттеу әдістемесін түсіндіру.
  • Кәсіби іс-әрекет дағдыларын одан әрі дамыту мақсатында археологиялық зерттеу әдістерін ғылыми-зерттеу қызметінде қолдану, әлемдік музей желісінің құрылу және даму тарихын, әлемдік өнер тарихының кезеңдерін талдау және салыстыру.
  • Ғылыми зерттеулер мен экономикалық есептеулер әдістерін қолдана білу, кәсіби қызметті дамыту мақсатында стартаптар құру, сондай-ақ кәсіпкерліктің негіздерін анықтау.
  • Мектепте тарихты оқытудың мазмұны мен әдістемесін, қазақтың ұлттық мәдениетінің мәні мен өзіндік ерекшелігін анықтай отырып, Қазақстан және дүние жүзі тарихының мәселелерін, бағыттарын, теорияларын бағалау.
  • Жаппай қуғын-сүргіннің себептерін, Қазақстанның тоқырау кезеңіндегі экономикалық және саяси жағдайын талдау барысында іс жүзінде қолданылуы үшін тарихи дереккөздерді жіктеу.
  • Қазақстан халқының және оның ұлттық имиджінің негізгі этикалық бағдарлары мен құндылықтарын түсіну, мәдениетаралық диалог пен рухани мұраға ұқыпты қараудың практикалық әлеуетін айқындау; экологиялық қауіпсіздік пен тіршілік әрекеті саласындағы теориялық білімді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің негіздерін, ҚР негізгі заңдарын қолдану
  • Дүние жүзіндегі этностардың шынайы тарихын, өмірінің сан алуан салаларын, мәдени-тұрмыстық ерекшеліктерін бағалау және сипаттау мақсатында дереккөздерді, мұрағаттық құжаттарды талдап, анықтау.
  • Қазақстанның ежелгі және орта ғасырлық тарихи дамуының негізгі кезеңдерін, хронологиясын сипаттай отырып, әлемдік және отандық тарихтардағы оқиғалар фактілері мен саяси қайраткерлердің өмірін, қызметтерін талдау.
  • Ақпаратты сақтау, өңдеу және тарату, цифрлық байланыс процестерін жүзеге асыру мақсатында компьютерлік технологиялар мен желілердің бағдарламалық қолданбалары, диагностикалық және деректерді басқару құралдарын пайдалану
Top