Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B01506 Химия в Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

Пәндер

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Кәсіби қызметтің ғылыми міндеттерін шешу үшін қазақ/орыс және шет тілдерінде ауызша және жазбаша нысандағы коммуникацияны ұйымдастыру.
  • Физикалық және коллоидтық химия есептерін шешуде жүйелік ойлау және сыни көзқарас негізінде химиялық кинетика және катализ негіздері туралы білімді тәжірибеде қолдану;
  • Физика-химиялық талдау жүргізу, зертханалық, зерттеу жұмыстары барысында алынған эксперименттік деректерді түсіндіру кезінде пайымдаулар қалыптастыру және оларды тиісті теориямен байланыстыру;
  • Химияның теориялық негіздері туралы алған білімдерін одан әрі оқуды өз бетінше жалғастыруда және кәсіби қызметте қолдану үшін пайдалану.
  • Өнеркәсіптік нысандардың қоршаған ортаға әсерін және жаһандық экологиялық проблемалардың қоғамның дамуына әсерін бағалау.
  • Органикалық химияның теориялық негіздерін, органикалық қосылыстардың жіктелуін, органикалық реакциялар механизмдерін түсіндіру; көмірсутектердің функционалды туындыларының негізгі кластарын салыстыру.
  • Құқықтық, экономикалық, іскерлік, өндірістік, экологиялық ортадағы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттағы әлеуметтік маңызды құбылыстар мен процестерді түсінудің зерттеу әдістері мен инновациялық тәсілдерін бағалау және қолдануда қабілетті болу.
  • Жоғары молекулалық қосылыстардың химиясы мен биохимиядан білімдер негізінде биологиялық молекулалар мен жоғары молекулалық қосылыстарға сапалық және сандық талдау жасау, организмдерде болатын химиялық өзгерістердің мәнін түсіндіру.
  • Инновациялық педагогикалық әдістерді, соның ішінде цифрлық технологияларды, критериалды бағалауды және қашықтықтан оқытуды пайдалана отырып, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді оқу бағдарламаларын әзірлеу.
  • Периодтық заңнан және элементтердің периодтық жүйесінен туындайтын заңдылықтар негізінде заттардың құрылымы мен қасиеттерін сипаттауды меңгеру.
  • Бейорганикалық және органикалық заттарды синтездеудің технологиялық сызбаларының физика-химиялық принциптерін, химиялық өндірістің тиімділік критерийлерін қолдану.
  • Даму процестерінің физиологиялық және функционалдық ерекшеліктерін және оқушыларға жеке білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, орта білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында оқу процесін ұйымдастыру.
Top