Инновациялық білім беру бағдарламасы

7M01525 STEM білім беру в Лев Николаевич Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • STEM-ді жаратылыстану ғылымдарына оқыту тұжырымдамасының мәні мен мазмұнын түсіну, STEM-ді жаратылыстану ғылымдарына даярлаудың жағдайын бақылап, талдай білу; STEM-ді жаратылыстану ғылымдарына оқыту мақсаттарына сәйкес оқытудың формаларын, әдістері мен құралдарын таңдауды білу. STEM оқыту құралдарын анықтау және бағалау. Математика, физика және технология салалар байланысында жоғары технологиялар саласындағы пәндік білімдерін қолдана білу.
  • Қазіргі таңдағы білім беру қызметінде IT және инновациялық оқыту әдістерін қолдану. Қосымшаларды жобаларды жасау кезінде қолдану. STEM элементтерін қолдану арқылы білім беруді басқаруды модельдеу. Оқу процесінде бұлттық технологияларды қолдану.
  • STEM оқыту тұжырымдамасының мәні мен мазмұнын түсіне білу. STEM компьютерлік ғылымдарға арналған оқыту мақсаттарына сәйкес оқытудың формаларын, әдістері мен құралдарын таңдауды білу. Компьютерлік ғылымдар үшін STEM оқу мәртебесін бақылау және талдау жасай білу.
  • Робот техникасын адам қызметінің әр түрлі саласында қолдану әдістерін, сондай-ақ роботтарды құрудың бағдарламалық және техникалық әдістерін білу. Магистранттар арасында микроботтарды жобалау және құрастыру бойынша дағдылар мен білігін қалыптастыру.
  • Заманауи психология-педагогикалық технологиялардыжәне коммуникативті дағдыны игеру білу.
  • Әдіснамалық және пәнаралық білімді интеграциялау саласындағы білімді игеру, жаратылыстану ғылымдары үшін STEM негізінде пәнаралық байланыстарды практикада қолдану. Жаратылыстану ғылымдар үшін STEM элементтерін қолдану арқылы зерттеу дағдыларын игеру. Жаратылыстану ғылымдар үшін STEM білім беру саласындағы магистранттар мен зерттеушілердің кәсіби құзыреттерін қалыптастыру. Жаратылыстану ғылымдар пәндерін оқытуда инновациялық технологияларды енгізу үшін STEM оқытуды қолдану.
  • Практикалық есептерді шешу үшін деректерді өңдеудің интеллектуалды талдауларын қолдану, сонымен қатар қарапайым бизнес-аналитика жүйелерін жасау және қолдану. Параллельді есептеу үшін оқу үдерісінде қазіргі заманғы аппараттық және бағдарламалық әдістерді қолдану. Оқыту әдістерін, технологиялары мен жолдарын дамыта және ендіре білу, білім беру қызметімен айналысатын ұйымдарда оларды қолдану үдерісінің нәтижелерін талдай білу. Білім беру процесіне қатысушылармен және әлеуметтік әріптестермен өзара іс-қимыл жасай білу, ұжымды басқара білу, әлеуметтік, этноконфессиялық және мәдени айырмашылықтарды толерантты қабылдай білу.
  • Негізгі дүниетанымдық және әдістемелелік мәселелерді, соның ішінде ғылым дамуының заманауи кезеңінде пайда болатын пәнаралық сипаттағы мәселелерді, талдайды және кәсіби қызметте пайдаланады
  • Әдіснамалық және пәнаралық білімді интеграциялау саласындағы (жоғары білімді және мамандықтың дидактикасы) білімді игеру, компьютерлік ғылымдар үшін STEM негізінде пәнаралық байланыстарды практикада қолдану. STEM элементтерін қолдану арқылы зерттеу дағдыларын игеру. Информатиканы оқытуда инновациялық технологияларды енгізу үшін STEM оқытуды қолдану.
Top