Инновациялық білім беру бағдарламасы

7M03211 Халықаралық журналистика в Лев Николаевич Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • халықаралық акпараттық нарық, газеттер мен электронды БАҚ аудиториясының демографиялық сипаттамаларын зерттеу және өлшеу, айналымды ұлғайту жолдары, қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша аудиторияның көзқарастарын анықтау, жариялаудың «ішіндегі» аудиторлық преференциялар, ұсынылған ақпарат мазмұнына қатысты аудиторияның сұраныстарын қанағаттандыру деңгейін әлеуметтік бағалау.
  • халықаралық дәрежеде танымал журналистердің ғылыми-педагогикалық және шығармашылық лабораториясын зерттеу, тарих, теория және практика саласындағы, журналистік ғылым саласындағы еңбектерін жинау және талдау
  • Негізгі дүниетанымдық және әдістемелелік мәселелерді, соның ішінде ғылым дамуының заманауи кезеңінде пайда болатын пәнаралық сипаттағы мәселелерді, талдайды және кәсіби қызметте пайдаланады
  • шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының медиа менеджментін білу, іс жүзінде басқару туралы білімін көрсетіп, медиа бизнесін дамыту әдістерін жетілдіру арқылы қолдану. Медиа саласындағы халықаралық заңдар мен конвенцияларды білу
  • Халықаралық бұқаралық коммуникацияның негізгі концепциялары, шектеулі ықпал ету идеясы және жаңа СМЖ концептуализациясын, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың жаһандық ақпараттық салаға кіру үшін әлеуетін, жаһандану жағдайында ғаламдық ақпараттық кеңістікке шығудың жолдары мен формаларын білу, геосаясаттың қазақстандық және әлемдік тәжірибелерін меңгеру.
  • халықаралық дәрежедегі конвергентті редакцияда, жаңа «онлайндық» БАҚ-да, мультимедиалық ақпараттық өнімдерді өндіру ерекшеліктерін білу, WEB-ге бейнелерді оңтайландыру және жұмыс істеу дағдыларын меңгеру;
  • - халықаралық журналистика пәндерін оқытудың шетелдік тәжірибесін меңгеру, қазіргі заманғы концепциялар мен ЖОО-дағы оқыту әдістемесін білу.
  • заманауи педагогикалық технологияларды және коммуникативті дағдыны игеру білу, сондай-ақ басқару психологиясы туралы білімді меңгеру
  • халықаралық ақпараттық-коммуникациялық кеңістікті, бұқаралық ақпарат құралдары мен масс-медианың қалыптасу, даму заңдылығын анықтайтын зерттеу әдістерін білу. Халықаралық публицистердің шығармашылығын, тақырыптарын, өзекті мәселелерін талдау
Top