Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B04102 Мемлекеттік және жергілікті басқару в Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты 6В04102-Мемлекеттік және жергілікті басқару БББ мақсаты- мемлекеттік және жергілікті басқару саласының тиімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырудың экономикалық, әлеуметтік, саяси жағдайлары мен салдарын бағалауға қабілетті, ұйымдастырушылық және басқарушылық қызметтің өзекті теориялық білімі мен практикалық дағдыларын меңгерген жоғары білікті кадрларды даярлау.
  • Академиялық дәреже Бакалавриат
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша
  • Оқу мерзімі 4 года
  • Кредиттер көлемі 240
  • Білім беру бағдарламаларының тобы B044 Менеджмент және басқару
  • Дайындық бағыты 6B041 Бизнес және басқару

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • басқару қызметінің тиімділігін арттыру міндеттерін шешу бойынша құралдарды таңдаудың әдіснамалық тәсілдеріне ие бола отырып, экономиканы мемлекеттік басқару мен реттеудің нысандары мен әдістерін салыстыру;
  • мемлекеттік билік органдарының қызметін ұйымдастыру тиімділігін және оңтайландыру үшін мемлекеттік басқару саласында кәсіби коммуникация, іс жүргізу дағдыларын және цифрлық технологияларды қолдану;
  • әлеуметтік саланың жай-күйі, тенденциялары, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері және оны әлеуметтік-экономикалық жоспарлау мен болжау тұрғысынан дамыту перспективалары туралы тұтас көзқарасты қалыптастыруға мүмкіндік беретін дағдылар мен қабілеттерді талдау;
  • мемлекеттік бағдарламалардың орындалу мониторингін, ҚР Президентінің жолдауын, стратегиялық жоспарларды, гендерлік саясатты, орталық және жергілікті органдардың шешімдерін салыстыру, Мемлекеттік сатып алу процесіне, аграрлық секторды дамытуды мемлекеттік қолдауға назар аудару, Мемлекеттік қызметтің шетелдік тәжірибесі мен модельдерін зерделей отырып, мемлекеттік қызметтердің сапа және қолжетімділік көрсеткіштерін қарау, жастардың инновациялық әлеуетін анықтау жөніндегі жұмысты жетілдіру, яғни басқаруда жобалық тәсілді қолдана отырып, әртүрлі стартаптарды орындау.
  • мемлекеттік және жергілікті басқару теориясының негіздерін және оны жүзеге асыру тәжірибесін меңгеру, басқарудың жүйелі тәсілін қолдана отырып, экономикаға мемлекеттің араласу қажеттілігін негіздеу;
  • адам ресурстарын және ұйымдардағы өзгерістерді басқару туралы жүйелі түсінікті және дау-жанжалдарды басқару жөніндегі ұйымның стратегиялық міндеттерімен байланысты ескере отырып, өңірлік дамудың қазіргі заманғы теориялары мен практикалық дағдыларын анықтау мақсатында өңірлердің дамуын әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің көрсеткіштері бойынша бағалау;
  • мемлекеттін инвестициялық саясатын және ел экономикасында шағын және орта бизнесті ұйымдастыру мәселелерін талдау, бизнестегі ұйымдастырушылық құрылымдар мен менеджментті құру қағидаттары негізінде кәсіпкерлікті басқарудың қажетті дағдыларына ие болу;
  • мемлекеттік басқару жүйесіндегі бюджеттік процестерді жетілдіру бойынша өзекті мәселелерді шешу үшін мемлекеттік қызмет қағидаттары негізінде мемлекеттік аппарат құрылымдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жұмысын жоспарлау;
  • құқықтық, экономикалық, іскерлік, өндірістік, экологиялық, мәдиниеттік ортадағы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттағы әлеуметтік маңызды құбылыстар мен процестерді түсінудің зерттеу әдістері мен инновациялық тәсілдерін бағалау және қолдануда қабілетті болу;
  • уақытты тиімді басқару принциптерін, сыртқы және ішкі қауіп факторларын талдау және бағалау дағдыларын және кәсіпорынның инновациялық қызметін басқарудың заманауи тұжырымдамаларын қолдана отырып, кәсіпорынды қаржылық сауықтыру үшін дағдарысқа қарсы басқару жүйесін әзірлеу;
  • әмбебап және өңірлік сипаттағы құжаттарды дұрыс ресімдей отырып, атқарушы билік органдарының қызметі саласындағы халықаралық-құқықтық, әкімшілік-құқықтық, еңбек және бәсекелестік құқықтық қатынастарын реттейтін заңнамалық актілерді еркін пайдалану;
  • жаһандану жағдайында ұлттық және әлемдік экономиканың қазіргі даму тенденцияларын түсіну, басқарудың заманауи әдістерін, микро және макроэкономикалық талдау құралдарын, статистикалық есептің даму тенденцияларын басшылыққа алу;
Top