Жаңа білім беру бағдарламасы

6B05314 Химия в Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Деректерді жинау, тасымалдау, өңдеу және сақтау үшін компьютерлік жүйелер мен желілік бағдарламалық құралды пайдалана отырып, деректерді талдау және басқару құралдарын пайдаланады
  • Математиканың, физиканың, химияның іргелі заңдары туралы білімді химиялық эксперименттердің, бақылаулар мен өлшемдердің нәтижелерін жүйелеу, талдау, түсіндіру кезінде қолдану.
  • Ғылыми-зерттеу жұмысын жоспарлау және ұтымды ұйымдастыру дағдыларын дамыту және кәсіби қызметтегі ғылыми ақпарат ағынында тиімді бағдарлау мақсатында ҒЗЖ ұйымдастыру және коммерцияландыру қағидаттарын қолдану.
  • Химиялық эксперимент жүргізу, соның ішінде синтез, талдау, заттар мен материалдардың құрылымы мен қасиеттерін зерттеу, сериялық ғылыми жабдықты қолдана отырып, процестерді зерттеу.
  • Катализдік процестердің теориялық негіздері, әртүрлі өндірістік процестердегі катализаторлардың негізгі түрлері туралы білімдерін көрсету. Практикалық тапсырмаларды шешу үшін катализаторларды қолдану мүмкіндіктерін бағалау.
  • Органикалық қосылыстар мен полимерлердің қасиеттері мен құрылымы, химиялық реакциялардың механизмі, сонымен қатар қазіргі заманғы зерттеу әдістерін қолдана отырып органикалық синтез және органикалық заттар мен полимерлерді идентификациялау әдістерін қолдана білу.
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы, Білім туралы, Ғылым туралы заңдарын, Еңбек кодексі, сондай-ақ әкімшілік және азаматтық құқық туралы заңнамаларының негіздерін білу және түсіну; ұлттық экономиканы дамытудың негізгі қағидаттары мен идеяларын түсіну; салалардағы экологиялық қауіпсіздік пен тіршілік саласындағы теориялық білімді түсіну және қолдану. Рухани құндылықтар, мәдениетаралық диалог, Қазақстан Республикасының қоғамдық санасын дамыту саласындағы білімді түсіну, қолдану және тарату.
  • Нанохимия мен нанотехнологияның даму мәселелері мен перспективалары, нанобөлшектерді және наноматериалдарды синтездеу әдістерінің негіздері туралы білімдерін көрсету. Наноматериалдар мен наноқұрылымдарды өлшеу және зерттеу әдістерін таңдау.
  • Химиялық өндірістің тиімділігі мен қауіпсіздігіне қол жеткізу мақсатында технологиялық процестерді таңдауда есептеу-теориялық әдістерді қолдану.
  • Молекулярлық және жасушалық биология әдістерін қолдана отырып, биологиялық жүйелердің ерекшеліктері және оларды зерттеу әдістері туралы түсінікке ие болу, сонымен қатар ЖМҚ құрамы мен құрылымын және оларды әртүрлі өндірістерде практикалық қолдануды көрсету.
  • Қызметкерлерге жұмыс орындарындағы қауіпсіз жағдайлар мен еңбекті қорғау, денсаулыққа зиян келтіру қаупі, оларға берілетін кепілдіктер, оларға тиесілі өтемақылар және жеке қорғаныс құралдары туралы ақпарат жасау кезінде өнеркәсіптік объектінің қоршаған ортаға әсерін бағалау.
  • Полимерлер химиясының теориялық негіздерін, жіктелуі мен синтезінің негізгі әдістерін, полимерлердің құрылысы мен қасиеттерін зерттеу туралы білімдерін көрсету.
Top