6B08112 Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы в М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Ауыл шаруашылығында ауылшаруашылық дақылдарынан жоғары сапалы өнім алудың жолдарын толық меңгерген теориялық және тәжірибелік білімі бар мемлекеттік білім беру стандартына және тұтынушылардың потенциалды тапсырысына лайықты жоғары білікті және бәсекеге қабілетті бакалаврларды дайындау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
ЖОО атауы М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 244
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B077 Өсімдік шаруашылығы
-
ҰБТ-дағы пәндер Биология және Химия
-
Білім беру саласы 6B08 Ауыл шаруашылығы және биоресурстар
-
Дайындық бағыты 6B081 Агрономия
Пәндер
-
Өсімдік биологиясы
Ботаника бөлімдері; өсімдіктердің жіктелуі және құрылымдық ботаниканың мәселелері; құрылымдық ботаниканың өзекті мәселелері; төменгі және жоғары өсімдіктердің жүйелілік негіздері; жалаңаштұқымды және гүлді өсімдіктер; бір және екібөлшекті өсімдіктер; өсімдік жасушаларының құрылымын зерттеу; ауыл шаруашылығы дақылдарының өсімдік жасушаларының құрылымы; өсімдіктердің тіршілік формалары; таксондардың классификациясы және морфологиялық ерекшеліктері; ауылшаруашылық дақылдарының генеративті және вегетативті мүшелері.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Бейорганикалық және аналитикалық химия
Бейорганикалық және аналитикалық химияның теориялық негіздері; химияның негізгі заңдары мен ұғымдары; бейорганикалық қосылыстардың класы және олардың жалпы қасиеттері; химиялық кинетика; органикалық қосылыстардың қасиеті мен құрылымының негізі; негізгі химиялық үдерістер; көмірсулар мен сутектер; бейорганикалық қосылыстар; тұздар мен гидролиздер; аналитикалық химияның теориялық негізі; өсімдік пен топырақтың химиялық құрамы; заттарға химиялық талдау жасау.
Оқу жылы - 1
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Топырақтану геология негіздерімен
Топырақ түзілудің негізгі факторлары мен жағдайлары; топырақ классификациясы; минералдардың классификациясы; тау жыныстары; топырақтың генетикалық қабаты; Қазақстанның геологиялық картасы; топырақ режимінің негізгі түрлері; топырақ үлгілерін алу және талдау жасаудың әдістері; топырақпен жұмыс жасауда қолданылатын құрал-саймандар мен жабдықтар; топырақ құнарлығын және онық құрамын анықтау; топырақтың физикалық қасиеттері; топырақтың химиялық құрамы; топырақтың қышқылдылығын және тұздылығын анықтау әдістері.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Агрометеорология
Маңызды агрометеоролигиялық факторлар; климаттық факторлар; агрометеорологияның негізгі мақсаттары; негізгі метеорологиялық бақылаулардың түрлері; желдің және буланғыштықты, жауын-шашынды есепке алудың әдістері; радиациялық баланс және күн радиациясы; ауаның және топырақтың температурасын өлшеу мерзімі мен әдістері; ауаның және топырақтың ылғалдылығын өлшеу мерзімі мен әдістері; желдің бағытын және жылдамдығын өлшеу әдістері; агрометеорологиялық құрал-жабдықтар және олардың сипаттамасы.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Мал шаруашылығы негіздері
Қазақстанда мал шаруашылығының дамуы мен салалары; ауылшаруашылық малдардың анатомиясы мен физиологиясы; малдарды азықтандыру; Қазақстанда мал шаруашылығының дамуы, болашағы мен жағдайы; қой шаруашылығының мақсаттары, дамуы мен маңыздылығы; халық шаруашылығындағы құс шаруашылығының маңыздылығы; халық шаруашылығындағы жылқы, аң, түйе, қоян, ара шаруашылықтарының маңыздылығы; зоогигиена және ветеринарияның негізі; мал шаруашылықтық фермалар мен кешендер; мал шаруашылығы өнімін өндіру технологиясының отандық және шетелдік алдыңғы қатарлы тәжірибелері.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Агрономия негіздері
Агрономияның тарихы мен дамуы; агрономияны қалаған ғалымдар; топырақ туралы түсінік; топырақ құнарлығын арттыру; топырақ және оның пайда болуы; ауыспалы егістіктер; топырақ өңдеу жүйелері; органикалық және минералды тыңайтқыштар; ауыл шаруашылығында тыңайтқыштарды қолдану жүйесі; егіншіліктің аймақтық жүйесі; суғармалы және тәлімі егіншіліктер; жерді мелиорациялау және топырақты эрозиядан қорғау; өсімдіктерді аурулардан, зиянкестерден және арамшөптерден қорғау; ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру технологиясы.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Ара шаруашылығы
Пәннің мақсаты – студенттерге ара шаруашылығын ұйымдастыруды, ара өнімдерін өндіру және оларды ауылшаруашылық дақылдарын тозаңдандыру технологиясын оқып-үйрету. Пәнді меңгеруде мыналар оқытылады: ара шаруашылығының даму тарихы, мақсаты мен міндеттері, ара шаруашылығын ұйымдастыру, араның биологиясы және оны ұстаудың технологиясы, араның физиологиясы және морфологиясы, азықтық қор және ауыл шаруашылық өсімдіктерін тозаңдандырудың ерекшеліктері, гигиена, азықтандыру және тасымалдау, ара шаруашылығындағы құрал-жабдықтар, ара шаруашылығының өнімдерін өндіру және қайта өңдеу технологиялары, араларды өсірудің, көбейтудің ерекшеліктері және омарталық жұмыстар, араның зиянкестері және аурулары. Пәнді игеру нәтижесінде студенттер ара шаруашылығын ұйымдастыруды, ара шаруашылығы өнімдерін өндіруді және ауылшаруашылық өсімдіктерді тозаңдандыру технологиясын жүргізуді орындай алады.
Оқу жылы - 1
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Өсімдік шаруашылығының агробиологиялық негіздері
Өсімдік шаруашылығының даму тарихы; өсімдік шаруашылығының заңдары; ауылшаруашылық дақылдарының халық шаруашылығындағы маңызы; ауылшаруашылық дақылдарының тіршілік факторлары; ауылшаруашылық дақылдарының классификациясы; ауылшаруашылық дақылдарының морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері; ауылшаруашылық дақылдарының аудандастырылған және перспективті сорттары және олардың сипаттамасы; ауылшаруашылық дақылдары селекциясының даму тарихы; ауылшаруашылық дақылдарының тұқым шаруашылығының негіздері.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Жалпы егіншілік
Егіншіліктің пайда болуы мен заңдары; егіншілік түрлері: мелиоративтік, суғармалы және тәлімі; топырақ құнарлылығының факторлары: агрофизикалық, биологиялық және агрохимиялық; арамшөп өсімдіктерінің жіктелуі және олармен күресудің қазіргі заманауи шаралары; егіншілік жүйелері; өсімдіктердің өмір сүру факторлары мен жағдайлары; топырақ өңдеу тәсілдері, әдістері мен жүйелері; ауыспалы егістің түрлері мен маңызы; топырақ эрозиясының түрлері; топырақ жағдайын сақтау және жақсарту жолдары.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Бақша дақылдарын өсіру технологиясы
Бақша дақылдарының шығу тегі, дамуы және халық шаруашылығындағы маңызы; бақша дақылдарының аудандастырылған және жаңа сорттары; бақша дақылдарының биологиялық және морфологиялық ерекшеліктері; топырақты өңдеу жүйесі және бақша дақылдарының ауыспалы егістері; ашық танапта бақша дақылдарының өсуі мен даму жағдайлары; тұқымды себуге дайындау және оны себудің негізгі схемалары; өсімдіктерді арамшөптерден, зиянкестер мен аурулардан қорғау жүйесі; бақша дақылдарын тыңайту және суару; бақша дақылдарының тұқым шаруашылығы; бақша дақылдарын өсірудің заманауи технологиялары.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Табиғи және мәдени жайылымдар
Мал шаруашылығын азықпен қамтамасыз етудегі табиғи және мәдени жайылымдардың рөлі; азықтық өсімдіктердің биологиялық және экологиялық ерекшеліктері; жайылымдардың ластануы мен тиімділігі; улы арамшөп өсімдіктері; табиғи және мәдени жайылымдарды жақсарту және тиімді пайдалану; жайылымдардың өнімділігі мен шығымдылығы; дәрілік және бағалы малазықтық шөптер; малазықтық дақылдарды өсіру технологиясы.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Агрономиялық микробиология
Агрономиялық микробиологияның тарихы мен дамуы; микроорганизмдердің физиологиясы мен микробиологиясының жалпы негіздері; микроорганизмдердің түрлері мен олардың көбеюуі; топырақ микроорганизмдері және оларды анықтау әдістері; микроорганизмдердің белсенділігі және бактерияларды көбейту; микробиологиялық үдерістер; өсімдік ауруын қоздырғыштар; топырақтың микрофлорасы және оған тыңайтқыштардың әсері; ауылшаруашылық өнімдеріне микробиологиялық талдау жасау.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жайылымдық шаруашылықты ұйымдастыру
Жайылымдық шаруашылықтың тарихы мен дамуы; жайылымдық шаруашылықты ұйымдастыру туралы жалпы мағлұматтар; жайылымдық шаруашылықтың мақсаттары; жайылымдар мен шабындықтардың өсімдік жамылғысы; жайылымдар мен шабындықтарды тиімді пайдалану мен жақсарту;табиғи жайылымдар мен шабындықтардың типтері; себінді шабындықтарды жасау және жақсарту; жайылымдар мен шабындықтарды аурулар мен зиянкестерден қорғау; шабындықтардың өнімділігі.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Өсімдік шаруашылығын механикаландыру
Өсімдік шаруашылығын механикаландырудың негізі; шынжыр табанды және дөңгелекті тракторлар; топырақ өңдеуге арналған тракторлар; культиваторлар мен соқалардың түрлері; себу және көшет отырғызу агрегаттары; ауылшаруашылық дақылдарының өнімін жинауға арналған комбайндардың түрлері; органикалық және минералды тыңайтқыштарды енгізуге арналған агрегаттар; жаңбырлатқыш машиналардың түрлері; әртүрлі дала жұмыстарын орындау үшін агрегаттарды тексеру және дайындау.
Оқу жылы - 2
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Тұқымтану
Тұқымтану негіздері; тұқымдардың морфологиялық сипаттамалары; тұқымдардың құрылымы мен қалыптасуы; тұқымдардың тыныштығы; жабық және жалаңаш тұқымды өсімдіктер; бірбөлшекті және екібөлшекті өсімдіктер; тұқымдардың химиялық құрамы; тұқымдардың биохимиялық және физиологиялық ерекшеліктері; тұқымның өнуі және өну факторлары; тұқымның ісінуі; тұқымның себу сапасы және оларды анықтау әдістері; тұқымның стратификациясы және скарификациясы.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Компьютерлік графика
Жерге орналастыруды және жер пайдалануды шаруашылықішілік ұйымдастыруды графикалық қамтамасыз ету: шаруашылық алқаптарының картасы, жылыжайлардың әр түрлі түрлерінің схемалары, дақылдардың ауыспалы егістерінің ауыл шаруашылығы карталарын жоспарлау, мелиорациялық каналдардың, оның ішінде тамшылатып суару схемаларының, топырақ және агрохимиялық карталардың, суару режимінің графигін және егістік схемалары, ауыл шаруашылық дақылдарын отырғызу сұлбалары.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Ауылшаруашылық дақылдарының апробациясы
Танаптық және зертханалық апробациялар; егістердің сорттық сапасын анықтау; аурулармен, зиянкестермен және арамшөптермен зақымданған егістерді анықтау; апробациялық жұмыстарды жүргізу мерзімдері мен әдістемелері; дайындық жұмыстары мен құжаттама; іріктеулерді (үлгілерді) алу әдістері, бағыттары мен қашықтықтары; алынған үлгілерді және сорттарды талдау; сорттық куәліктер; ауылшаруашылық дақылдарының апробациялық бауларын талдау; ауылшаруашылық дақылдарының сынамаларын/үлгілерін іріктеу тәртібі мен уақыты.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 3
-
Агрогербология
Агрогербологияның дамуы мен тарихы; өсімдік шаруашылығындағы агрогербологияның маңызы мен орны; арамшөптердің түрлері; әртүрлі арамшөптерді зерттеудің әдістері; арамшөптерді морфологиялық белгілері бойынша анықтау; арамшөптердің тұқымдары; арамшөптердің гербарийін жасауға арналған материалдар; гербарилерді сақтаудың технологиясы; гербарии жасау кезіндегі зертханалық және танаптық жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу; өсімдік қорғау әдістерін жасау және бағалау.
Оқу жылы - 2
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Тәжірибелік жұмыстардың әдістемесі
Тәжірибелік жұмыстардың әдістемесінің негіздері; агрономиялық зерттеулердің негізгі әдістері (зертханалық, вегетациялық, лизиметрлік және танаптық); тәжірибелердің нұсқалары мен қайталануы; тәжірибелердің қателіктері; мөлдектердің ауданы, бағыты мен пішіні; экспериментті жоспарлау теориясы; далалық тәжірибеде бақылау жұмысын жоспарлау және жүргізу; ауылшаруашылық дақылдарының өнімін есепке алу әдістемесі; эксперименттердің негізгі түрлерін жүргізу әдістемесі; ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу; зерттеулердің нәтижелерін статистикалық өңдеудің негіздері; ғылыми есептерді дайындау.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Климаттың өзгеруі және "жасыл" экономика
Пәннің мақсаты-планетаның экожүйелерін сақтау және жасыл экономикаға көшу туралы білімді қалыптастыру. Оқыту процесінде мыналар қаралатын болады: қоршаған орта өзгерісінің жай-күйі мен сипаты, техногендік және антропогендік факторлардың әсері, табиғат қорғау және ресурс үнемдеуші өнеркәсіптік технологияларды құру қағидаттары, парниктік газдар және олардың климатқа, энергетикаға және жанғыш пайдалы қазбаларға әсері, жаңартылатын энергия түрлері, артықшылықтары мен кемшіліктері, орман және оның "жасыл" экономикаға әсері, шөлейттену және шөлейттену және топырақтың тозуы, климаттың су ресурстарына өзгеруінің салдары, электрондық қалдықтар олардың оң және теріс әсері, қалдықтарды өңдеу және кәдеге жарату, автокөлік және қоршаған орта.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Ауылшаруашылық дақылдарын зиянкестерден қорғау
Энтомологияның негізі мен дамуы; зиянкестердің классификациясы және сипаттамасы; өсімдіктерді зиянкестердің зақымдау типтерінің негіздері; жапырақ ширатқыш, кенелер, көбелектер және кеміргіштер; зиянкестердің өмір сүру ортасы мен көбеюуі; ауылшаруашылық дақылдарын зиянкестерден қорғау шаралары; зиянкестерге қарсы химиялық препараттарды қолдану; өсімдіктерді зиянкестерден қорғаудың мерзімімен әдістері; қыстайтын зиянкестер; себінді мен топырақтың фитосанитарлық жағдайын бағалау.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Жерді мелиорациялау және қорғау
Жерді мелиорациялау негіздері; суғару тәсілдері мен техникалары; тамшылатып және жаңбырлатып суғару; гидромелиорациялық іс-шаралар және суғару жүйелерінің түрлері; жүйектеп суғару; ауылшаруашылық дақылдарының суғару және суғармалау мөлшерлері; күрішті суғару тәртібі; ауылшаруашылық дақылдарын суғару тәртібін (режимін) есептеу; топырақ эрозиясының климаттық факторлары; топырақтың су эрозиясының антропогендік факторлары; жерді қорғау.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Өсімдіктерді зиянкестерден қорғаудың биологиялық және химиялық әдістері
Ауылшаруашылық дақылдарының зиянкестерінің түрлері мен классификациясы; карантинді зиянкестер; зиянкестердің биологиялық ерекшеліктері; өсімдіктерді зиянкестерден қорғаудың биологиялық және химиялық әдістері; биологиялық әдіспен қорғауда қолданылатын тірі организмдер; пестицидтердің тізбесі; өсімдіктерді химиялық және биологиялық қорғаудан жүргізудің тәсілдері мен мерзімдері; танаптық жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу; танаптық жұмыстардың сапасын бағалау; зиянкестердің зияндылығын бағалау.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Ауылшаруашылық дақылдарын аурулардан қорғау
Фитопатология негіздері; саңырауқұлақтардың құрылымы мен морфологиясы; өсімдік аурулары қоздырғыштарының қоректену ерекшеліктері; өсімдік ауруларының сипаттамасы және классификациясы; ауылшаруашылық дақылдары ауруларының қоздырғыштарының түрлері; өсімдіктің аса қауіпті инфекциялы және инфекциялы емес аурулары; инфекциялы ауруларды тудыратын экологиялық факторлар; ауруларды зерттеудің әдістері мен есепке алу жолдары; ауылшаруашылық дақылдарын аурулардан қорғаудың технологиясы мен әдістері.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Еңбекті қорғау
Пәннің мақсаты - құқықтық-еңбек, санитарлық-гигиеналық, ұйымдастыру, емдеу-алдын алу, техникалық және әлеуметтік-экономикалық қызмет мәселелері бойынша өткізілетін іс-шаралардың негізгі кешені туралы білімді қалыптастыру. Пәнді оқыту барысында келесі мәселелер қарастырылады: жұмысшылардың, тұтастай алғанда қызметкерлердің еңбек өнімділігін арттыру үшін психофизиологияны ескере отырып, еңбек режимдерін оңтайландыру. Еңбекті қорғау жөніндегі қауіпсіздік стандарттарының негізгі жүйелерінің барлық талаптарын қолдана отырып, жұмысшының еңбек қызметін дұрыс ұйымдастыру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 3
-
Қорғаулы жер құрылысындағы көкөніс шаруашылығы
Қорғаулы жер құрылыстарының негізгі түрлері; күзгі және қысқы жылыжайлар; жылыжайларда көшеттерді өсіру технологиясы; микроклимат және микроклиматты жылыжайда реттеу; топырақ пен ауаның ылғалдылығы мен температурасы; жылыжайларда және гидропоникада ауылшаруашылық дақылдарын өсіру технологиясы; субстраттардың түрлері; сорттардың сипаттамасы; өсімдіктерді аурулар мен зиянкестерден қорғау; өнімді жинау және сорттау; қорғаулы жер құрылысының санитарлық тәртібі.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Агрохимия
Органикалық және минералды тыңайтқыштардың түрлері; өндірістік бағдарламаларды әзірлеу; агрохимиялық картограммалар жасау; ауылшаруашылық дақылдарының қоректену ерекшеліктері; топырақтың агрохимиялық құрамы және оны жақсарту әдістері; ауылшаруашылық дақылдарының бағдарланған өніміне қажетті тыңайтқыштардың қажетті мөлшерін есептеу; тыңайтқыштардың химиялық құрамы мен қасиеттері; топырақ пен өсімдіктерге химиялық талдау жүргізу әдістері мен мерзімдері.
Оқу жылы - 3
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Жүзім шаруашылығы
Жүзім шаруашылығының даму тарихы; жүзімнің морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері; жүзімді пайдалану бағыттары; жүзімнің көбеюі және отырғызылатын материалды өсіру; жүзімді көбейту тәсілдері; жүзімнің ампелографиясы; жүзімнің өндірістік плантациясын отырғызу технологиясы; жүзім түптерін қалыптастыру және шырпу; суғару, тыңайту, жүзім өнімін жинау; жүзімді жүзім ауруларынан, зиянкестерінен және арамшөптерінен қорғау; жүзім плантациясын қалпына келтіру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Өсімдіктерді қорғау және карантин
Ауылшаруашылық дақылдарын қорғаудың негіздері; өсімдік шаруашылығындағы мемлекеттік бақылау және фитосанитарлық мониторинг; аурулардың және зиянкестердің аса қауіпті түрлері; ауылшаруашылық дақылдарын аурулардан, зиянкестерден және арамшөптерден қорғаудың кешенді шаралары; карантинді нысандар; зиянды нысандар мен карантинді өсімдіктердің биологиялық және морфологиялық ерекшеліктері; кеден бекеттерінде карантиндік бақылауларды жүргізу.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Аз таралған дақылдарды өсіру технологиясы
Аз таралған дақылдардың негізгі түрлері және олардың жіктелуі; аз таралған дақылдардың биологиялық және морфологиялық ерекшеліктері; аз таралған дақылдарды өсірудің технологиялық ерекшеліктері; аз таралған дақылдардың перспективті сорттары; ауыспалы егістер және топырақ өңдеу; аз таралған дақылдардың тұқым шаруашылығы; суғару, тыңайту, өнімді жинау мерзімі мен әдістері; танаптық жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 4
-
Жидек дақылдарын өсіру технологиясы
Жидек дақылдарының халық шаруашылығындағы маңызы; жидек дақылдарының негізгі түрлері; жидек дақылдарының биологиялық және морфологиялық ерекшеліктері; аудандастырылған және перспективті сорттар және олардың сипаттамасы; жидек дақылдарының көшеттерін өсіру технологиясы; жидек дақылдарының бұталарын қалыптастыру және шырпу; жидек дақылдарын суғару, тыңайту, өнімді жинау; жидек дақылдарын аурулардан, зиянкестер мен арамшөптерден қорғау; жидек екпелерінің плантациясын қалпына келтіру; танаптық жұмыстарды ұйымдастыру және сапасын бағалау.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Жеміс шаруашылығы
Жеміс шарашылығының халық шаруашылығындағы маңызы және даму тарихы; жеміс дақылдарының жіктелуі; жеміс дақылдарының өсу, даму және жеміс беру заңдылықтары; отырғызу материалын өсіру технологиясы; Қазақстанда жеміс дақылдарының аудандастырылған сорттары және олардың сипаттамасы; өндірістік бау құру; жеміс ағаштарының ағашбөркін қалыптастыру, суғару, тыңайту, өнім жинау; жеміс дақылдарын аурулардан, зиянкестерден, арамшөптерден қорғау; жеміс бақшасын қалпына келтіру.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Экономика және кәсіпкерлік, Құқық негіздері және Коррупцияға қарсы мәдениет
Пәннің мақсаты - ұлттық экономика, қазақстандық құқық, мемлекеттің экологиялық қауіпсіздігі және салалардағы тіршілік негіздері туралы негізгі заманауи түсініктерді қалыптастыру. Пән шеңберінде: Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасын дамытудағы базалық тұжырымдамалар мен қазіргі заманғы көзқарастар; азаматтық және әкімшілік құқықтың негізгі бағыттары мен ұғымдары; сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің, сондай-ақ қазақстандық қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың қазіргі заманғы жолдары мен тетіктері; ҚР экологиялық және су қауіпсіздігінің негізгі мәселелері зерделенетін болады. Пәнді игеру нәтижесінде студенттерде ұлттық экономика, құқық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, экологиялық қауіпсіздік және тіршілік салаларындағы негізгі ұғымдар мен ұғымдарды пайдалану бойынша білім, білік және дағдылар қалыптастырылатын болады.
Оқу жылы - 3
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
ҒЗЖ, коммерцияландыру негіздері және академиялық хат
Ғылыми іс-әрекеттің негізгі мақсаты – болашақ мұғалімнің ғылыми-зерттеу, коммерцияландыру және академиялық жазу негіздері туралы теориялық білімін қалыптастыру, білімді болашақ кәсіби қызметінде пайдалана білу. Логика мен сыни тұрғыдан ойлаудың негіздері, заңдылықтары мен принциптері, жазба жұмыстарды жазу ережелері мен принциптері (аннотациялар мен эсселерден ғылыми жұмыстарға, жобаларға дейін); жаңа идеяларды өз бетінше дамыту, ғылыми ақпараттар ағынында жылдам және тиімді бағдарлау, зерттеуші (ғалым), менеджер (менеджер) және тәжірибе дағдылары зерттелетін болады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтау және өңдеу технологиясы
Ауылшаруашылық дақылдары өнімінің сапасына қойылатын негізгі талаптар; ауыл шаруашылығы өнімінің сапалық көрсеткіштері; ұн алуға бағытталған астық сапасын анықтау; ұн түрлері; өсімдік шаруашылығы өнімін сақтау технологиясы; өнім сапасын анықтау үшін үлгілерді алу; өсімдік шаруашылығы өнімін қайта өңдеу технологиясы; мемлекеттік стандарттар бойынша қант қызылшасының сапасын анықтау; жеміс-көкөніс өнімін сақтау және қайта өңдеу технологиясы; жеміс-көкөніс өнімінің сапасын анықтау.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ауылшаруашылық дақылдарының селекциясы және тұқым шаруашылығы
Бастапқы материал және селекцияның қазіргі заманғы әдістері; ауылшаруашылық дақылдарының жаңа сорттарын шығару және аудандастыру әдістері; аналитикалық және синтетикалық селекция; мутация және гетерозис; будандастыру түрлері; мемлекеттік сортсынау; ауылшаруашылық дақылдарының элиталық тұқымдарын өндіру технологиясы; ауылшаруашылық дақылдары тұқымдарының морфологиялық сипаттамалары; сорттар мен тұқымдық материалды іріктеу; Қазақстандағы ауылшаруашылық дақылдарының селекциясы мен тұқым шаруашылығы туралы заңы; тұқым сапасы және оларды анықтау әдістері.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Көшет шаруашылығын ұйымдастыру
Пәннің мақсаты-көшеттерде өсірілетін дақылдардың түрлерін және көшеттерді өсіру технологиясын таңдау қабілетін қалыптастыру. Пәнді меңгеруде мыналар зерделенетін болады: көшет өсіруді ұйымдастырудың негізгі міндеттері, мақсаттары мен дамуы; көшет әдісімен өсірілетін ауыл шаруашылық дақылдарының түрлері; ауыл шаруашылық дақылдарының морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері; көшет өсірудің түрлері мен әдістері; питомниктер; көшеттерге арналған ауыспалы егістер; құмырамен және құмырасыз көшеттерді өсірудің тәсілдері. Курсты игеру нәтижесінде студенттер құмыраның түрлерін, дайындамаларды, құмыраларды тасымалдау және сақтау технологияларын таңдап, қолдана алады; көшеттердің оңтайлы жасын анықтау; көшеттердің жылу, жарық, ылғалдандыру және қоректік режимдері; көшеттерді күту, тазарту, тасымалдау және сақтау технологиясын жүзеге асыру.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Ашық танаптағы көкөніс шаруашылығы
Көкөніс шаруашылығының негіздері; көкөніс дақылдарының жіктелуі және сорттары; ашық танапта көкөніс дақылдарының өсу және даму жағдайлары; көкөніс ауыспалы егістері; көкөніс дақылдарын өсірудің қазіргі заманауи технологиялары; сирек кездесетін көкөніс дақылдарын өсіру; көшет шаруашылығы; тұқым себу (көшет отырғызу) мөлшерін анықтау әдістері; көкөніс дақылдарын себу/отырғызу схемалары мен мерзімдері; көкөніс дақылдарын күтіп-баптау және өнімді жинау; көкөніс дақылдарының тұқым шаруашылығы; көкөніс өнімдерінің сапасына қойылатын МЕМСТ талаптары.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Тұқым шаруашылығы және тұқымдарды сертификаттау
Бастапқы тұқым шаруашылығы; тұқымдардың сорттық және егістік сапасы; тұқым шаруашылығының ауыспалы егістері; элиталық және суперэлиталық тұқымдар; ауылшаруашылық дақылдарын тұқымға өсірудің қазіргі заманауи технологиялары; тұқым сапасы және оны анықтау әдістері; танаптық апробация; тұқымдарды сақтау; тұқымдарды сертификаттау негіздері және сорттық бақылау; ауылшаруашылық дақылдарының тұқымдарын сертификаттау жүйесінің қазіргі жағдайы; белгілердің тұқым қуалауының негізгі заңдары; ҚР тұқым шаруашылығы туралы Заңы; тұқымдық материалға қажеттілікті есептеу.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Мал азығын өндіру
Малазықтық дақылдардың түрлері мен сипаттамасы; малазықтық дақылдарды өсіру технологиясы; мал азығын дайындау және сақтау технологиясы; табиғи азықтық алқаптарды тиімді пайдалану және жақсарту әдістері; сирек кездесетін малазықтық өсімдіктердің морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері; малазықтық ауыспалы егістіктер; малазықтық дақылдарды өсірудің қарқынды технологиялары; малазықтық дақылдардың зиянкестерінің, ауруларының негізгі түрлері және олармен күресу шаралары.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 5
-
Технологиялық кәсіпкерлік және стартаптар
Команда құру: принциптері, команда мүшелерінің функциялары. Шаблондар негізінде бизнес-модельдеу. -CANVAS -бизнес-моделі. Бизнес-идеяны негіздеу және таңдау. Мақсатты сегменттерді бағалау. Негізгі құндылықтар: қабылдау арналары және олардың тиімділігін бағалау. Негізгі ресурстар, әрекеттер, серіктестер және жеткізушілер. Бизнес-модельге байланысты шығыстар мен кірістердің құрылымы. Бизнес - жобаларды таныстыру негіздері: elevator pitch. Технологияларды коммерцияландыру әлеуеті және идеядан нарыққа шығу жолдары мен кедергілері
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Skills Менеджмент
Пәннің мақсаты – менеджер жұмысының тиімділігін арттыруға және басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсуге мүмкіндік беретін бірыңғай дағдылары мен жеке қасиеттері бар студенттерді қалыптастыру. Уақытты сауатты басқару негіздері; сендіру және келіссөздер жүргізу; softskills және hard skills маман дағдылары: сыни тұрғыдан ойлау, көшбасшылық және командалық жұмыс оқытылады.
Оқу жылы - 4
Семестр - 1
Несиелер - 4
-
Ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін бағдарлау
Ауылшаруашылық дақылдарының өсуі мен дамуы үшін тіршілік факторлары мен табиғи-климаттық жағдайлар; ауылшаруашылық дақылдарына қажетті активті температуралар жиынтығы; радиациялық теңгерім; егістіктердің жылумен қамтамасыз етілуін бағалау әдістері және фотосинтетикалық белсенді радиация; сорттарды аудандастыру; ауылшаруашылық дақылдарының биологиялық өнімділігі, әлеуетті (потенциалды) өнімділігі және су тұтыну коэффициенті; ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін бағдарлау әдістемесі.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Суғармалы жердегі егіншілік
Суғармалы егіншілік; ыза суының орналасу тереңдігін, топырақтың құнарлылығын ескере отырып, суғармалы жерлердің топырағын өңдеу тәсілдері мен мерзімдері; суғармалы жерлердегі ауыспалы егістің түрлері; арамшөп өсімдіктерінің түрлік құрамы және оларға қарсы күрес шаралары; ауыспалы егіс дақылдарына арналған топырақты өңдеу жүйесі; топырақты өңдеу тереңдігі мен техникасы; суғармалы жерлердегі топырақ эрозиясы; топырақты қалпына келтіру және жақсарту.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Танаптық дақылдарды өсіру технологиясы
Танаптық дақылдардың халық шаруашылығындағы маңызы және топтары; танаптық дақылдардың сорттары, морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері; топырақ өңдеу жүйелері; танаптық дақылдардың ауыспалы егістері; танаптық дақылдарды суғару және тыңайту; өнімділікті бағдарлау әдістері; танаптық дақылдарды себу, күтіп-баптау және өнімді жинау; танаптық дақылдарды өсірудің технологиялық картасын құрастыру; өнімді сақтау технологиясы.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
-
Тәлімі егіншілік
Тәлімі егіншіліктің жалпы мәселелері; тәлімі егіншілік аймақтары және олардың табиғи жағдайларының сипаттамасы; егіншілік заңдарының қолданылуы; тәлімі жерлердің топырақ үдерістері мен микроклиматы; топырақ өңдеу және тәлімі жерлерде ауылшаруашылық дақылдарын өсірудің ерекшеліктері; ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігі; тәлімі жерлердегі егіншілік жүйесі және ауыспалы егісті құрастырудың ерекшеліктері; тәлімі жерлерде ауылшаруашылық дақылдарын зиянкестерден және аурулардан қорғау; егісті күтіп-баптау және өнім жинау.
Оқу жылы - 4
Семестр - 2
Несиелер - 5
Профессии
Оқыту нәтижелері
- Өнеркәсіптік нысанның қоршаған ортаға әсерін бағалау, техникалық және экологиялық сараптама мен тексеру жүргізу, қызметкерлер үшін жұмыс орындарындағы қауіпсіз жағдайлар мен еңбекті қорғау туралы, денсаулыққа зиян келтіру қаупі, оларға берілетін кепілдіктер, оларға тиісті өтемақылар және жеке қорғаныс құралдары туралы ақпарат жасау.
- Селекциялық-тұқым өсіру процестерін жүргізу үшін суармалы егіншілікте ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдары мен көшет материалдарын өндіруді, егістіктерді апробациялауды ұйымдастыру; тұқым және егіс материалының сапасын анықтау; селекция мен тұқым шаруашылықтарында құжаттарды қолдана алады.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы, Білім туралы, Ғылым туралы заңдарын, Еңбек кодексі, сондай-ақ әкімшілік және азаматтық құқық туралы заңнамаларының негіздерін білу және түсіну; ұлттық экономиканы дамытудың негізгі қағидаттары мен идеяларын түсіну; салалардағы экологиялық қауіпсіздік пен тіршілік саласындағы теориялық білімді түсіну және қолдану. Рухани құндылықтар, мәдениетаралық диалог, Қазақстан Республикасының қоғамдық санасын дамыту саласындағы білімді түсіну, қолдану және тарату.
- Кәсіптік қызметте soft-skills-ті одан әрі дамыту мақсатында ғылыми зерттеулер мен экономикалық есептеулер әдістерін, стартап құру тәсілдерін қолдану, сондай-ақ кәсіпкерлік негіздерін анықтау
- AutoCAD компьютерлік бағдарламасымен топырақ және агрохимиялық карталарды, мелиорациялық каналдардың схемаларын жасау, сондай-ақ деректерді жинау, беру, сақтау, өңдеу және талдау үшін компьютерлік жүйелер мен желілердің бағдарламалық және аппараттық қамтылымын, ақпараттық және коммуникациялық процестерді іске асыру тәсілдерін қолдану.
- Өңірдің топырақ-климаттық жағдайларын ескере отырып, өсімдіктерді өсірудің заманауи технологияларын қолдана отырып, ауыл шаруашылығы дақылдарының бағдарланған өнімін алу, өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтау және қайта өңдеу үшін егіншілік, өсімдік шаруашылығы және агрохимия саласындағы білімдерін көрсету.
- Жайылым шаруашылығын дұрыс ұйымдастырады және малазықтық алқаптарын жақсарту мақсатында малазықтық және аз таралған дақылдарды өсіру үшін ауыл шаруашылығы машиналарын немесе құралдарын таңдай алады.
- Көкөніс және бақша дақылдарын ашық және қорғаулы жер құрылыстарында өсіру үшін олардың морфологиясын, биологиясын және сорттық құрамын анықтау; суғармалы егіншілікте далалық эксперименттерді таңдап және қолдана алады.
- Жаратылыстану ғылымдары саласындағы базалық білімді, агрономия негіздерін және кәсіби пәндерді меңгеру нәтижесінде, топырақ пен жануарлардың негізгі түрлері мен түрлерін анықтау үшін қажетті агроклиматтық болжамдар әдістерін қолданады.
- Жүзім, жеміс-жидек дақылдарын өсіруде заманауи технологиялық процестерді қолдана отырып олардың отырғызу материалдарын өсіруді ұйымдастыра және қолдана алады.
- Ауыл шаруашылығы дақылдарының микроорганизмдерінің, зиянкестерінің, ауруларының, арамшөптерінің түрлерін анықтау және гербологиялық жұмыстарды жүргізу арқылы дақылдарды қорғау схемасын жасай алады.