Жаңа білім беру бағдарламасы

6B07211 Инновациялық текстиль в Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Электр сұлбаларын оқу және жинау, электр сұлбаларының параметрлерін есептеу; электр өлшегіш аспаптар мен жабдықтарды пайдалану; математика, физика және химияның базалық бөлімдерін, денелер қозғалысының негізгі заңдылықтарын, механика бөлімдерінің негізгі формулалары мен есептік тәуелділіктерін түсіну.
  • Шикізат, текстиль материалдары және технологиялық процесстер қасиеттерінің негізгі параметрлерін өлшеу; текстиль материалдарының құрылымын, текстиль бұйымдарының графикалық дизайнын зерттеудің қазіргі заманғы әдістерін меңгеру; текстиль материалдарының сапасын бағалау жөніндегі нормативтік құжаттарды пайдалану.
  • Техникалық бақылауды жүзеге асыру, маталар мен трикотаждың шығарылатын ассортиментіне техникалық құжаттаманы, технологиялық және техникалық тапсырмаларды әзірлеу; маталар мен трикотаж өндірісінің технологиялық процестерін әзірлеу кезінде техникалық шешімдерді негіздеу және қабылдау; трикотаж және маталар өндірісінің технологиясын таңдау
  • Талшықтар мен бояғыштарды тану жөнінде ұсынымдар әзірлеу; бояғыштардың қасиеттерін талдау; сорбция және диффузия процестерінің физикалық-химиялық негізінде өңдеу және өндірісінің технологиялық міндеттерін шешу; дайын текстиль материалдарының сапасы мен қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру.
  • Қазақстан халқының және оның ұлттық бейнесінің негізгі этикалық бағдарлары мен құндылықтарын түсіну, мәдениетаралық диалог пен рухани мұраға ұқыпты қараудың практикалық әлеуетін анықтау; университеттің құрылымын, ЖОО-ның академиялық саясатын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің негіздерін, ҚР негізгі заңдарын білу
  • Әр алуан қызмет түрлері үшін деректерді талдау және басқару құралдарын әзірлеу; деректерді жинау, беру, өңдеу және сақтау үшін компьютерлік жүйелер мен желілердің бағдарламалық және аппараттық қамтылымын қолдану, ақпаратты жинау, сақтау және өңдеу әдістерін, ақпараттық және коммуникациялық процестерді іске асыру тәсілдерін талдау
  • Техникалық бақылауды жүзеге асыру, қолданыстағы технологиялық процесстерді басқару, иірімжіптер мен жіптердің шығарылатын ассортиментіне техникалық құжаттаманы, технологиялық және техникалық тапсырмаларды әзірлеу; текстиль материалдары мен бұйымдарын өндірудің технологиялық процестерін әзірлеу кезінде техникалық шешімдерді негіздеу және қабылдау.
  • Өнеркәсіптік нысанның қоршаған ортаға әсерін бағалау, техникалық және экологиялық сараптама мен тексеру жүргізу, қызметкерлер үшін жұмыс орындарындағы қауіпсіз жағдайлар мен еңбекті қорғау туралы, денсаулыққа зиян келтіру қаупі, оларға берілетін кепілдіктер, оларға тиісті өтемақылар және жеке қорғаныс құралдары туралы ақпарат жасау.
  • Жабдықтардың үздіксіз жұмысын ұйымдастыру, жаңа процестер мен машиналарды әзірлеу және зерттеу, табиғи және химиялық талшықтар өндірісі саласындағы ғылыми-техникалық ақпаратты талдау, инженерлік есептеулер жүргізу, текстиль машиналарын жобалау кезінде әдістерді, ережелер мен нормаларды қолдану.
  • Зерттеудің инновациялық әдістерін қолдану, текстиль индустриясында нанообъектілерді пайдалануды талдау; наноматериалдардың стандартты және сертификаттық сынақтарын жүргізу кезінде алған білімдерін қолдану; заманауи медициналық текстиль жасау және бояу үшін нанотехнология әдістерін бағдарлау.
  • Текстиль өндірісін жобалау кезеңдерін әзірлеу; оларды практикада қолдану; өндірістегі жекелеген процестер мен олардың жиынтығының параметрлерін жобалау; жобалаудың автоматтандырылған жүйелерін пайдалана отырып, математикалық әдістер мен құралдарды, аналитикалық және сандық талдау әдістерін, технологиялық процестер мен жабдықтарды меңгеру.
  • Инновациялық текстиль материалдарын өндіру жоспарларын құру, негізгі технологиялық процестерді, оларға әртүрлі факторлардың әсерін талдау және текстиль материалдарын дайындау процестерінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін жағдайларды анықтау; химиялық-технологиялық процестерді интенсификациялау әдістері туралы білімдерін көрсету.
  • Кәсіпкерлік іс, экономика, жоғары мектепте ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және ҒЗЖ-ны коммерцияландыру саласында теориялық білімді, практикалық дағдылар мен білігін меңгеру, басқару саласында, оның ішінде білім беруде, бизнесті ұйымдастыруда, экономикалық есептеулерді орындауда және стартап құруда soft-skills дамыту.
  • Целлюлоза құрылымы мен қасиеттерін, полимерлер химиясын, полимерлердің физикалық құрылымын, полимерлердің деформациялық және реологиялық қасиеттерін, текстиль өнеркәсібінің шикізат базасының жалпы сипаттамаларын зерделей білу; талшықты субстраттарға физика-химиялық және физика-механикалық сынақтар жүргізу.
Top