Жаңа білім беру бағдарламасы

6B07116 Материалтану және жеңіл өнеркәсіп материалдарының технологиясы в Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Өнеркәсіптік нысанның қоршаған ортаға әсерін бағалау, техникалық және экологиялық сараптама мен тексеру жүргізу, қызметкерлер үшін жұмыс орындарындағы қауіпсіз жағдайлар мен еңбекті қорғау туралы, денсаулыққа зиян келтіру қаупі, оларға берілетін кепілдіктер, оларға тиісті өтемақылар және жеке қорғаныс құралдары туралы ақпарат жасау.
  • Оңтайландыру мақсатында былғарыдан және үлбірден жасалған бұйымдар өндірісіндегі инновациялық технологияларды және технологиялық процестерді модельдеу әдістерінің білімін көрсету; ЭЕМ пайдалана отырып, кәсіпорынды техникалық қайта жарақтандырудан экономикалық тиімділікті есептеу.
  • Органикалық қосылыстардың маңызды кластарының физикалық және химиялық қасиеттерін; физикалық және коллоидты химиядағы теориялық және эксперименттік зерттеулердің әдістерін; жоғары молекулалық қосылыстар құрылымының ерекшеліктерін көрсету; синтезделетін полимердің қасиеттерін болжауылығын анықтау.
  • Математиканың, физиканың, химияның базалық бөлімдерін түсіну және заңдардың даму болашағы туралы бімін көрсету; пайдалану кезінде материалдар мен конструкциялардың мінез-құлқын моделдеу; жабдықтың электр схемаларын оқу дағдыларын көрсету.
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы, Білім туралы, Ғылым туралы заңдарын, Еңбек кодексі, сондай-ақ әкімшілік және азаматтық құқық туралы заңнамаларының негіздерін білу және түсіну; ұлттық экономиканы дамытудың негізгі қағидаттары мен идеяларын түсіну; салалардағы экологиялық қауіпсіздік пен тіршілік саласындағы теориялық білімді түсіну және қолдану. Рухани құндылықтар, мәдениетаралық диалог, Қазақстан Республикасының қоғамдық санасын дамыту саласындағы білімді түсіну, қолдану және тарату.
  • Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарына арналған шикізат сапасының стандарттарын; шикізат пен дайын өнімнің негізгі тауарлық қасиеттерін; тоқыма, былғары және үлбір материалдары қауіпсіздік, биологиялық, механикалық, химиялық көрсеткіштерін анықтауға арналған әдістерін біліктілігін көрсету.
  • Жеңіл өнеркәсіп материалдары мен бұйымдарын өндірудің технологиялық процестерін; ақаулардың түрлерін, олардың пайда болу себептері мен оларды жою тәсілдерін; былғары мен үлбірді өндіру технологиясының ерекшеліктерін; шикізатты бағалауды, сақтау және өңдеу технологиясын білімдерді көрсету.
  • Әр алуан қызмет түрлері үшін деректерді талдау және басқару құралдарын әзірлеу; деректерді жинау, беру, өңдеу және сақтау үшін компьютерлік жүйелер мен желілердің бағдарламалық және аппараттық қамтылымын қолдану, ақпаратты жинау, сақтау және өңдеу әдістерін, ақпараттық және коммуникациялық процестерді іске асыру тәсілдерін талдау.
  • Жоғары мектепте ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және ҒЗЖ-ны коммерцияландыру, басқару саласында, оның ішінде білім беру, бизнесті ұйымдастыру, экономикалық есептеулерді орындау және стартап құру саласында soft-skills дамыту туралы білімдерін көрсету.
  • Былғары мен үлбірді өндіру мен өңдеуде ресурсты үнемдеудің әртүрлі тәсілдері мен қағидаттарының; өндірістегі қалдықтарын қайталама ресурстар ретінде кәдеге жарату және пайдалану технологиялардың біліктілігін көрсету; қалдығы аз және ресурсты үнемділігі бойынша қолда бар технологияларды жетілдіру.
  • Жеңіл өнеркәсіп жабдықтарын жобалау ережелері мен нормалары туралы, қазіргі заманғы есептеу техникасын қолдана отырып, инженерлік міндеттерді шешу кезінде кешенді тәсілді қолдануын біліктілігін көрсету; машиналардың технологиялық және кинематикалық схемаларын жасау, жабдықтарды есептеуді орындау.
  • Зерттеу теориясы, әдіснамасы және әдістері, ғылыми зерттеулер жүргізу алгоритмі, ғылыми зерттеулер процестері туралы білімдерін көрсету. Ғылыми зерттеу әдістерін қолдану. Спектрлік, термиялық, микроскопиялық және рентгендік зерттеу әдістерінің нәтижелерін талдау.
  • Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарына арналған материалдарды жіктеуді жүзеге асыру, олардың қасиеттері мен құрылымын анықтау; материалдар мен жабдықтарды өндірудің технологиялық процестерін; берілген қасиеттері бар материалдарды жобалау негіздерін; материалдарды ұтымды пайдаланудын біліктілігін көрсету.
Top