Біздің инстаграмға жазылыңыз, гранттық байқаудың нәтижелерін жіберіп алмау үшін!
6B05112 Жалпы биология в Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
-
Білім беру бағдарламасының мақсаты Қазіргі биологияның жаңа бағыттары туралы түсініктері бар және алған білімдерін ғылыми-практикалық және педагогикалық қызметте қолдана алатын биологиялық ғылымдар бойынша іргелі білімі бар бакалаврларды дайындау.
-
Академиялық дәреже Бакалавриат
-
Оқыту тілі Русский, Қазақша
-
Оқу мерзімі 4 года
-
Кредиттер көлемі 240
-
Білім беру бағдарламаларының тобы B050 Биологиялық және сабақтас ғылымдар
-
ҰБТ-дағы пәндер Химия және Биология
-
Білім беру саласы 6B05 Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика
-
Дайындық бағыты 6B051 Биологиялық және сабақтас ғылымдар
Пәндер
-
1 Оқу жылы
Жобалау жұмыстарын автоматтандыру жүйесі немесе APM
Химия
Математика
Құрылымдық ботаника
Физика
Омыртқасыздар зоологиясы
-
2 Оқу жылы
Өсімдіктер систематикасы
Дәрілік өсімдіктер және фитотерапия
Биохимия
Адам анатомиясы және морфологиясы
Омыртқалылар зоологиясы
Цитология және Гистология
Омыртқалылар морфологиясы
Өсімдіктердің анатомо-морфологиялық ерекшеліктері
Компьютерлік графика
Өсімдіктер физиологиясының негіздері
-
3 Оқу жылы
Генетика
Микробиология
Еңбекті қорғау
Өнеркәсіп мекемелерінің қоршаған ортасын қорғау.
Фитопатология
Биоинформатика
Биофизика
Жүйелік биология
Мамандықтың кәсіби-қолданбалы бағдарламалары
Микроорганизмдер физиологиясының негіздері
Паразитология
Оқытудың инновациялық әдістері
Өсімдіктер және жануарлар биотехнологиясы
Гельминтология
Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы
Адам және жануарлар физиологиясы
Орталық жүйке жүйесінің физиологиясы
Иммунология
Экономика және кәсіпкерлік, Құқық негіздері және Коррупцияға қарсы мәдениет
-
4 Оқу жылы
Технологиялық кәсіпкерлік және стартаптар
Хронобиология
Вирустардың биологиясы және экологиясы
Биологияда ҒЗЖ, коммерцияландыру негіздері және академиялық хат
Биологиялық білім беруді оқыту және тәрбиелеу әдістемесі
Жеке даму биологиясы
Экологиялық биология
Қазақстанның биоқорлары*
Қолданбалы биология
Теориялық биология
Молекулярлық биология'
Эволюциялық биология
Оқыту нәтижелері
- Адам ағзасының құрылымдық ерекшеліктері және оның физиологиялық процестері туралы білімдерін көрсету, кәсіби мәселелерді шешу үшін адам ағзасындағы физиологиялық жағдайлар мен патологиялық процестерді бағалауға қабілетті болу.
- Әр алуан қызмет түрлері үшін деректерді талдау және басқару құралдарын әзірлеу; деректерді жинау, беру, өңдеу және сақтау үшін компьютерлік жүйелер мен желілердің бағдарламалық және аппараттық қамтылымын қолдану, ақпаратты жинау, сақтау және өңдеу әдістерін, ақпараттық және коммуникациялық процестерді іске асыру тәсілдерін талдау
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы, Білім туралы, Ғылым туралы заңдарын, Еңбек кодексі, сондай-ақ әкімшілік және азаматтық құқық туралы заңнамаларының негіздерін білу және түсіну; ұлттық экономиканы дамытудың негізгі қағидаттары мен идеяларын түсіну; салалардағы экологиялық қауіпсіздік пен тіршілік саласындағы теориялық білімді түсіну және қолдану. Рухани құндылықтар, мәдениетаралық диалог, Қазақстан Республикасының қоғамдық санасын дамыту саласындағы білімді түсіну, қолдану және тарату.
- Өсімдіктер мен микроорганизмдердің, паразиттердің биологиялық объектілерінің әртүрлілігі және биосфераның тұрақтылығы үшін биоәртүрліліктің маңызы туралы негізгі идеяларды, адам ағзасының иммундық жүйесі туралы білімді игеріп, сондай-ақ кәсіби қызметте биологиялық объектілерді бақылау, сипаттау, жіктеу, өсіру әдістерін қолдана білу.
- Өнеркәсіптік объектінің қоршаған ортаға әсерін бағалау, техникалық және экологиялық сараптама мен аудит жүргізу, Жұмыс орындарындағы қауіпсіз жағдайлар мен еңбекті қорғау, денсаулыққа зиян келтіру қаупі, оларға берілетін кепілдіктер, оларға тиесілі Өтемақылар және жеке қорғану құралдары туралы қызметкерлер үшін ақпарат жасау
- Биологиялық объектілер мен өсімдіктердің әртүрлілігі, фитопрепараттардың маңызы, биосфераның тұрақтылығы үшін биоәртүрлілік, сондай-ақ кәсіби қызметтегі биологиялық объектілерді сипаттау, сәйкестендіру, жіктеу әдістері туралы негізгі білімді көрсету
- Биожүйелердің құрылымдық деңгейлерінің жіктелуін, жаратылыстану саласындағы қазіргі әлемнің бейнесін білу, биоинформатика алгоритімін, білім беру процесін әзірлеу және ұйымдастыру, тиімді инновациялық технологияларды қолдану негізінде оны басқару, тірі организмдердің популяцияларының өзара және экологиялық биологиямен қарым-қатынасының заңдылығына талдау жасау
- Өсімдіктер мен вирустардың биологиялық объектілерінің әртүрлілігі және биосфераның тұрақтылығы үшін биоалуантүрліліктің маңызы туралы негізгі идеяларды бағалай білу, сондай-ақ биологиялық объектілерді кәсіби қызметте бақылау, сипаттау, жіктеу, өсіру әдістерін қолдана білу
- Биологиялық объектілерді жасушалық ұйымдастыру және зат алмасу принциптері мен химиялық құрамын, көбейту және жеке дамыту заңдылықтарын, кәсіби қызметте биологиялық материалды зерттеудің іргелі негіздері мен әдістері туралы білімдерін көрсету
- Кәсіпкерлік іс, экономика, жоғары мектепте ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және ҒЗЖ-ны коммерцияландыру саласында теориялық білімді, практикалық дағдылар мен білігін меңгеру, басқару саласында, оның ішінде білім беруде, бизнесті ұйымдастыруда, экономикалық есептеулерді орындауда және стартап құруда soft-skills дамыту
- Жануарлардың алуан түрлілігі және олардың морфологиясы мен орган жүйелерінің құрылымы мен хронобиологиялық заңдылықтары, жануарлардың негізгі өкілдерінің эволюциясы мен систематикасы, экологиялық жүйелердегі жануарлардың орны мен рөлі және олардың кәсіби қызметтегі биологиялық объектілері туралы білімдерін көрсету
- Биология және медицина саласындағы ғылыми зерттеулер мен практикалық іс-әрекеттерді жүргізу кезінде физика, химия және жоғары математиканың негізгі теориялық және әдіснамалық ережелерін қолдануға қабілетті болу
- Молекулярлық биофизика, биотехнологиялық және биомедициналық өндірістерде, гендік инженерия, биотехнология, молекулярлық модельдеу негіздері туралы қазіргі заманғы білімді қолдана білуге, биотехнологиялық және микробиологиялық зерттеулер әдістерінің кең спектрімен практикада жұмыс істей білу