Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

7M01511 Математика в Астана халықаралық университеті

Пәндер

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • Әр түрлі білім беру мекемелерінде білім беру процесін ұйымдастыру мен жүзеге асырудың қазіргі заманғы әдістері мен технологияларын қолданады; білім сапасын бақылаудың формалары мен әдістерін, сондай-ақ бақылау-өлшеу материалдарының әр түрлі түрлерін, соның ішінде ақпараттық технологиялар негізінде және шетелдік тәжірибені қолдану негізінде жобалайды.
  • Қызметтің ғылыми, өндірістік және әлеуметтік қоғамдық салаларында шет тілінде белсенді қарым-қатынас жасау қабілетін қалыптастырады.
  • Математикалық талдаудың, алгебра, геометрия және логиканың әр түрлі есептерін шешу үшін қазіргі математикалық аппаратты қолдану дағдыларын меңгерген; ғылыми зерттеу процесінде алгебра, геометрия және логиканың қазіргі заманғы әдістерін қолдана біледі; іргелі талдаудың, математикалық талдаудың, нақты талдаудың, кешенді талдаудың және функционалдық талдаудың негізгі ұғымдарын біледі. Алгебраның классикалық объектілерін және сандар теориясын зерттеу мысалында изоморфизмге дейін дәлдікпен алгебралық объектілермен операция жасау дағдылары мен біліктерін өңдеу. Қазіргі алгебра, геометрия және математикалық талдаудың базалық құрылымдары мен технологияларын игеру.
  • Кәсіби және басқарушылық құзыреттер кешенін қалыптастыру, сондай-ақ тиімді ойлау және оңтайлы шешімдер қабылдау дағдыларына үйрету, қазіргі заманғы білім беру ұйымының қызметінің жоғары тиімділігін және білім сапасын қамтамасыз ететін басқару моделін анықтайды және ғылыми негіздейді.
  • Комбинаториканың негізгі бөлімдерінің мазмұнын және ықтималдылық теориясын біледі; қолданбалы есептерді шешу кезінде комбинаторика мен ықтималдық теориясымен ұсынылатын мүмкіндіктерді біледі; нақты процестер мен құбылыстардың ықтималдық модельдерін құра біледі; әртүрлі зерттеу салаларында комбинаторика және ықтималдық теориясының аппаратын қолданады; оқушыларды деректерді талдауға оқыту әдістерін, ықтималдық есептерді формализациялау дағдыларын біледі; Пәндік білім саласының кәсіби тілін (комбинаторика және ықтималдық теориясы) біледі.
  • Ғылыми зерттеудің мәселелерін, міндеттері мен әдістерін тұжырымдайды, бақылау, тәжірибе, эмпирикалық деректерді ғылыми талдау негізінде жаңа шынайы фактілерді алады, ғылыми еңбектерге реферат жасайды, әлемдік ғылым мен өндірістік қызметте жинақталған мәліметтердің аналитикалық шолуларын жасайды, алынған нәтижелерді қорытады, қорытындылар мен практикалық ұсыныстар жасайды.
  • Оқушылар ұжымын басқарудың әртүрлі тәсілдерін; ғылыми – зерттеу және жобалау қызметінде шығармашылық әлеуетті пайдалану жолдарын біледі; мектепте математика бойынша жобалау тобын ұйымдастыруды және оқушылар арасында міндеттерді бөлуді; жобалау тобының математикалық деңгейіне сәйкес келетін нақты зерттеу тапсырмаларын қоя біледі; қарапайым математика және Аналитикалық геометрия бойынша ғылыми – зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың практикалық дағдыларын меңгерген; оқыту және тәрбиелік ықпал етуді жүзеге асыра отырып, ғылыми – көпшілік дәрістермен сөйлейді.
  • Білім беру процесінің сапасын бағалау мен диагностиканың қазіргі заманғы технологияларын қолданады; ғылыми зерттеулердің нәтижелерін талдай алады және оларды нақты білім беру және зерттеу міндеттерін шешуде қолдана алады; зерттеудің жаңа әдістерін өз бетінше игере алады; нәтижелерді талдай алады, халықаралық салыстырмалы зерттеу үшін тапсырмалар құрастыра алады.
  • Жаңа әдістер мен тәсілдерді қолдана отырып күрделілігі жоғары есептерді шешеді, ұғымдар арасындағы логикалық байланыстарды орнатады; күрделілігі жоғары және олимпиадалық есептерді шешу бойынша нақты сабақтар мен элективті курстарды әзірлеу кезінде математиканы дамыта оқытудың принциптері мен тәсілдерін қолданады.
  • Білімнің ерекше түрі ретіндегі ғылымның негізгі белгілерін, ғылым дамуының негізгі тарихи кезеңдерін, ғылыми әдіс түрлерін анықтау үшін қазіргі заманғы ғылымның дүниетанымы мен әдіснамалық мәселелерін ғылым философиясының классикалық және заманауи тұжырымдамаларын білуге негізделген және ғылым әдіснамасы бойынша алған білімдер негізінде мәселелерді шешу жолдарын ұсынады.
  • Оқыту процесінде білім алушыларды уәждете алады, олардың математикалық қабілеттерін дамытады, олардың үздіксіз математикалық білім алу қажеттілігін қалыптастырады; әртүрлі зерттеу салаларында планиметрия және стереометрия аппаратын қолданады; планиметриялық міндеттерді формализациялау дағдыларын меңгерген; Пәндік білім саласындағы (планиметрия) кәсіби тілді меңгерген.
  • Әртүрлі бейіндегі білім беру мекемелерінде математиканы оқытуды ұйымдастыру технологияларын, бейіндік оқытудың негізгі идеяларын ескере отырып қойылған мақсаттарды жүзеге асыруға ықпал ететін математика курсының нақты тақырыптарын оқыту әдістерін меңгеру.
  • Қазіргі әлемдік білім беру кеңіңстігіндегі жоғары мектептің қазіргі заманғы мәселелері мен даму стратегиясын; классикалық және қазіргі педаагогикалық көзқарастар мен тұжырымдамалар контекстіндегі жоғары мектептің педагогикалық үрдісінің теориялық-әдіснамалық және психологиялық-педагогикалық негіздерін біледі; стандартты емес жағдайларда әрекет етуге, қабылданған шешімдер үшін әлеуметтік және этикалық жауапкершілікте болуға, өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі іске асыруға, шығармашылық әлеуетті пайдалануға дайындыққа дайын; білім беру мекемелерінде білім беру процесін ұйымдастыру мен жүзеге асырудың заманауи әдістері мен технологияларын қолданады.
Top