Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B03102 Халықаралық қатынастар в Лев Николаевич Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Әлемдік көзқарасты қалыптастыруда философиялық білімді қолдана білу, сонымен бірге азаматтық ұстаным қалыптастыруда тарихи дамудың негізгі этаптары мен заңдылықтарын талдай білу мүмкіндігі
  • Халықаралық қатынастардағы акторлардың сыртқы саяси қызметінің мақсаттарын, міндеттерін, құралдары мен бағыттарын түсіну, сыртқы саясат бойынша бағдарламалық құжаттарды түсіндіру, халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының ұстанымын түсіндіру және бағалау
  • Кəсіби құқықтық мəліметтердің жеткілікті деңгейіне ие болу, кəсіби міндеттерді адал орындау, мінез-құлық мəдениетіне жəне қарым-қатынастың этикалық нормаларына сүйену
  • Өзара тиімді нәтижелерге қол жеткізу үшін келіссөздерге қатысушылардың басымдығын анықтау, басымдықтар иерархиясын ескере отырып, келіссөздер стратегиясын құру, келіссөздерде жетекшілік ету, даулы мәселелер бойынша ымыраға келе білу және өзіндік тәуелсіз шешім қабылдай білу
  • Халықаралық қатынастардың күрделі сипатын, ішкі және сыртқы орта мен халықаралық қатынастарды реттеу тетіктерін түсіну, қазіргі заманғы тенденциялар мен әлемдік дамудың мәселелерін түсіндіре білу
  • Халықаралық саясатқа байланысты әртүрлі тақырыптар бойынша ауызша және жазбаша түрде мәліметтерді жинақтап, қорытындылау, сараптамалық және сыни ойлау қабілеттерін қолдану, ішкі және сыртқы саясаттың, оқиғалар мен үдерістердің арасындағы себеп-салдарлық байланыстарды анықтау
  • Қазіргі дипломатиялық қызметтің нысандары мен тәсілдерін пайдалану, дағдарысты басқарудың дипломатиялық әдістерін қолдану
  • Ғылым және кәсіби қызмет саласы ретінде халықаралық қатынастардың тұжырымдамалық-категориялық аппаратына ие болу және пайдалану
  • Жеке, мәдени тұрғыдан және кәсіби қарым-қатынас бағыттарындағы мәселелерді шешуде ауызша және жазбаша аудармаларды орындау, қазақ, орыс және шет тілдерінде ақпаратты бақылау, алу және құрылымдау, ауызша және жазбаша түрде байланыс жасау
  • Халықаралық қарым-қатынастың корпоративтік мәдениетін, дипломатиялық және іскерлік протокол және этикет ережелерін қолдану, халықаралық ортада кәсіптік қызметті жүзеге асыру, халықаралық сипаттағы құжаттарды ресімдеу
  • Екіжақты және көпжақты, аймақтық және ғаламдық деңгейлерде мемлекетаралық өзара іс-қимылдың мүмкіндіктері, шектеулері, тенденциялары мен механизмдерін бақылау және талдау
  • Ақпараттарды іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және таратуда цифрлық технологияны, әртүрлі ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану және тіршіліктің әртүрлі салаларында кәсіпкерлік білімді қолдана білу
  • Дене шынықтырудың әдістерімен және құралдарымен толыққанды әлеуметтік және кәсіби қызметті қамтамасыз ету, қауіпсіздік мәдениетін меңгеру, экологиялық жағдайдан хабардар болу
Top