Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B05302 Бейорганикалық химия в Лев Николаевич Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • бейорганикалық, аналитикалық, органикалық, физикалық, коллоидтік, экологиялық химия, химиялық технология саласында химиялық тәжірибе жасауда негізгі білімдерді қолдану және практикалық дағдыларды игеру
  • физикалық және химиялық қасиеттерін ескере отырып, химиялық материалдармен жұмыс істеудің қауіпсіздік шараларын білу
  • дене шынықтырудың әдістерімен және құралдарымен толыққанды әлеуметтік және кәсіби қызметті қамтамасыз ету, қауіпсіздік мәдениетін меңгеру, экологиялық жағдайдан хабардар болу.
  • құқықтық сауаттылықтыарттыру, мінез-құлық мәдениеті мен қарым-қатынастың этикалық нормаларын, кәсіби міндеттерін орындау.
  • әлемдік көзқарасты қалыптастыруда философиялық білімді қолдана білу, сонымен бірге азаматтық ұстаным қалыптастыруда тарихи дамудың негізгі этаптары мен заңдылықтарын талдай білу мүмкіндігі.
  • ақпараттарды іздеу, сақтау, өңдеу, қорғау және таратуда цифрлық технологияны, әртүрлі ақпараттық және коммуникациялық технологияларды қолдану және тіршіліктің әртүрлі салаларында кәсіпкерлік білімдіқолдана білу.
  • aлынған білімдерін және әртүрлі қосылыстарды синтездеу, сәйкестендіру және синтездеу бойынша тәжірибелік жұмыстарды жүргізу әдістерін қолдана білу, тапсырмалардың орындалуын қадағалау, кәсіби қызметті оңтайландыру бойынша шешім қабылдау және түзету жұмыстарын жүргізу
  • койылған химиялық міндеттерді шешу әдістері мен құралдарын таңдау, жұмыс істеп тұрған технологиялық процестерді басқару, кәсіби қызмет бағыты бойынша жаңа технологияларды игеру
  • кәсіби қызметте алынған білімді жүйелеу, жинақтау, талдау әдістерін химиялық реакциялар мен процестердің заңдылықтарын және үлгілерін алу, өңдеу және зерттеуде қолдана білу;
  • жеке, мәдени тұрғыдан және кәсіби қарым-қатынас бағыттарындағы мәселелерді шешуде ауызша және жазбаша түрде қазақ, орыс және шет тілдерінде байланыс жасау.
  • Қазақстанның химия ғылымы мен білімінің дамуын талдау, шетелдік тәжірибені қолданбалы және фундаменталдік мәселелерді шешуде қолдану/
  • оқу-тәрбие жұмысын жүзеге асыру, кәсіби әдеп және сөйлеу мәдениетінің негіздеріне ие болу, оқытатын оқу пәндерінің құралдарымен оқу-тәрбие процестерінің сапасын қамтамасыз ету және жеке, пәнаралық және пәндік нәтижелерге жету үшін білім беру ортасының мүмкіндіктерін қолдану.
Top