Жаңа білім беру бағдарламасы

7M01902 Арнайы педагогика в Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

  • Білім беру бағдарламасының мақсаты Арнайы және инклюзивті білім беру жүйесінде жұмыс істеу үшін ғылыми-зерттеу және түзету-педагогикалық қызметінде өзекті ғылыми және тәжірибелік міндеттерді шеше алатын бәсекеге қабілетті жоғары білікті ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау
  • Академиялық дәреже Магистратура
  • Оқыту тілі Русский, Қазақша, Ағылшын тілі
  • Оқу мерзімі 2 года
  • Кредиттер көлемі 120
  • Білім беру бағдарламаларының тобы M021 Арнайы педагогика
  • Білім беру саласы 7M01 Педагогикалық ғылымдар
  • Дайындық бағыты 7M019 Арнайы педагогика

Пәндер

Профессии

Оқыту нәтижелері

  • абстрактілі ойлау, ғылыми талдау және синтез дағдыларын қолдана отырып, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеу үшін педагог кадрларды оқыту әдістемесін әзірлеу
  • білім беру бағдарламаларын әзірлеуді, бейімдеуді, іске асыруды жүзеге асыру, білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, кедергісіз білім беру ортасын құру, балалардың жеке ерекшеліктеріне төзімділік таныту
  • шет тілінде жалпы және кәсіби мәдениеттің түрлі салаларының негізгі әдебиеттерді пайдалану негізінде кәсіби білімді толықтыру тәсілдерін меңгеру; кәсіби қызмет шеңберінде шет тілінде іскерлік коммуникацияны жүзеге асыру; мемлекеттік және шет тілдерінде ғылыми коммуникацияның қазіргі заманғы әдістері мен технологияларын пайдалану
  • білім беру мекемесінің бірыңғай менеджмент жүйесі шеңберінде диагностикалық, талдау және жобалау қызметін жүзеге асыру
  • жеке білім беру маршруттарын және түзету-дамыту бағдарламаларын жасау үшін ЕББҚ бар тұлғалардың даму деңгейі мен динамикасының көрсеткіштерін диагностикалау және бағалау құралдарын әзірлеу
  • ерекше білім беру қажеттіліктері бар тұлғаларды оқытуды ұйымдастыруға арнайы педагогика саласындағы отандық және шетелдік зерттеулердің озық тәжірибесін енгізу
  • арнайы мектепте оқыту және тәрбиелеу процесінің мазмұнын әзірлеу әдістемесін меңгеру және арнайы және инклюзивті білім беру саласындағы озық жетістіктерге негізделген заманауи педагогикалық технологияларды қолдану
  • оқу-тәрбие процесіне қатысушылардың өзара іс-қимылын жоспарлау және ұйымдастыру, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытуды дараландыруды қамтамасыз ету үшін командалық стратегияны жасай отырып, мамандар командасының жұмысын басқару
  • тұтас жүйелі ғылыми дүниетаным негізінде ғылыми зерттеулерді жобалау және жүзеге асыру
  • кәсіптік қызметте ерекше білім алу қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеу мен оқытудың теориясы мен әдіснамасын қолдану, білім беру процесінің субъектілерін психологиялық-педагогикалық қолдау мен сүйемелдеу технологияларын меңгеру
  • білім беру жүйесіндегі басқарушылық қызметтің шарттары мен ерекшеліктерін, қарым-қатынастың психологиялық заңдылықтарын талдау және кәсіби қызметте ескеру
  • кәсіби қызметте туындаған мәселелерді этикалық нормалар, арнайы білім беруді ізгілендіру және саралау тұрғысынан арнайы педагогтың қарым-қатынас мәдениеті мен адамгершілік қасиеттері негізінде бағалау және шешу
Top