Қолданыстағы білім беру бағдарламасы

6B07210 Мұнай-газ инжинирингі в Yessenov University

Пәндер

Оқыту нәтижелері

  • Негізгі жаратылыстану-ғылыми пәндер, экономика негіздері және тіршілік процестері қауіпсіздігі туралы білімді қолдана отырып, оңтайлы шешім табуға мүмкіндік беретін стандартты емес ойлауды қолдана отырып, еңбек қызметі барысында кәсіби міндеттерді шешеді.
  • Техникалық шарттарға сәйкес ұңғымалық өнімді жинау мен дайындауды қамтамасыз ете отырып, ұңғымаларды бұрғылау, әзірлеу және пайдалану техникасы мен технологиясын игере отырып, графикалық материалдарды құрастыра отырып, геологиялық ақпараттың жалпыланған деректерін талдайды және жүйелейді.
  • Мұнай, газ және газконденсаты кен орындарын игеру процестерін жобалай отырып, игерудің нақты және болжамды технологиялық көрсеткіштерін талдай отырып, басқару бөлімшелерін жедел бақылау, реттеу және үйлестіру үшін қажетті өндірістік объектілерден келіп түсетін ақпаратты жинауды және талдауды жүзеге асырады
  • Тілдерді білу, құқық,академиялық жазу негіздерін, эмоционалды зияткерлікті, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті пайдалана отырып, кәсіби және әлеуметтік ортада тиімді өзара іс-қимыл жасайды.
  • Жаһандық және ұлттық рухани-адамгершілік құндылықтарға ие өзінің азаматтық және адамгершілік ұстанымын білдіреді.
  • Экономикалық теория негіздері, кәсіпкерлік, ойлау дизайны, шет тілі, өндірісті басқару экономикасы, құқық негіздері білімін пайдалана отырып, кәсіби дағдыларды, өз ісін ұйымдастыру мүмкіндігін басқару дағдыларын жетілдіреді.
  • Еңбекті қорғау нормалары мен экологиялық талаптарды сақтай отырып, өндірістің тиімділігі мен мәдениетін арттыру, қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, қоршаған ортаны қорғау, материалдарды, отын мен электр энергиясын тұтынудың техникалық негізделген нормаларын әзірлеу жөніндегі іс-шараларды енгізуге қатысып, өндірістік процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
  • Мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану, өнімді дайындаудың технологиялық процестерін автоматты басқару жүйесін сипаттай отырып, мұнай-газ кен орындарын игеруді талдау және модельдеу үшін заманауи ақпараттық және цифрлық технологияларды қолданады.
  • Қабатта болатын физикалық, механикалық және гидравликалық процестерді талдайды.
  • Жабдықтарды пайдаланудың техникалық параметрлерін талдай және өңдей отырып,мұнай және газ өндіру, ұңғымаларды жөндеу бойынша ұйымдастырушылық–техникалық іс-шараларды, теңіз кен орындарын игеру және пайдалану ерекшеліктеріне байланысты инженерлік шешімдерді әзірлейді.
  • Кен орындарын игеру процесіне кәсіпшілік бақылауды жүзеге асыра отырып, көмірсутек шикізатын өндіруді оңтайландыру, қабаттардың мұнайбергіштігін арттыру, сондай-ақ ұңғымалар мен жабдықтарды пайдалану кезіндегі асқынулардың алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды негіздейді және жүзеге асырады.
  • Геологиялық-техникалық іс-шараларды әзірлеуге қатысуды жоспарлай отырып, мұнай өнімділігін арттыру үшін зерттеу жұмыстарын жүргізеді, ақпаратты өңдеу және деректерді талдау жүргізе отырып, коммерциялық зерттеулердің нәтижелерін жазбаша түрде ұсынады
Top